Тестовый материал взят из книжки-вопросника пробного тестирования Национального Центра тестирования МОН РК
Вариант 0106
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Тіл білімінің терминін табыңыз.
A)* Әріп.
B) Ғарыш.
C) Дүние.
D) Әлем.
E) Ғасыр.
2. «У» дыбысы қай сөзде жазылатынын анықтаңыз.
A) Қ..сбегі.
B) Т..қым.
C)* Да..ысты.
D) М...қият.
E) Дәст...р.
3. Дауыссыз дыбыстар атауын көрсетіңіз.
A) Жуан.
B) Ашық.
C) Қысаң.
D) Жіңішке.
E)* Қатаң.
4. Зат есімді табыңыз.
A) Екі.
B) *Кітап.
C) Әрең.
D) Әттең.
E) Сары.
5. Қатыстық сын есімді табыңыз.
A) Жаманырақ.
B) Әдемілеу.
C) *Ашушаң.
D) Қап-қара.
E) Жақсы.
6. Сан есімнің сұрақтарын белгілеңіз.
A) Не істеді? қайтты?
B)*Қанша? неше?
C) Не үшін? кім үшін?
D) Қандай? қай?
E) Кім? не?
7. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
A) Әлдекім.
B)* Ешқашан.
C) Барлық.
D) Сол.
E) Әрбір.
8. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Мылтық тарс етті.
A) Бастауыш.
B)* Баяндауыш.
C) Толықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Анықтауыш.
9. Сөйлемді табыңыз.
A) *Біз жидек тердік.
B) Ақ шағала.
C) Қызыл күрең шай.
D) Суға жүзу.
E) Тепсе темір үзетін.
10. Мәтелді белгілеңіз.
A) Бала-ата-ананың бауыр еті, көз нұры .
B) Ексең егін, ішерсің тегін.
C) *Әлін білмеген-әлек.
D) Доссыз көңіл –тұл, махаббатсыз өмір-тұл.
E) Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.
11. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
A) Аузын ашты.
B) Аузына су құйды.
C) Аузын ашып ұйықтайды.
D)* Ауыз тимеу.
E) Аузы ашық тұр.
12. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшылар қатарын анықтаңыз.
A) –тар,-лар,-паз.
B) –қой,-мен,-лық.
C) –дық,-дік,-хана.
D) *–нікі,-ов,-тал.
E) –пен,-лы,-қой.
13. Болжалды келер шақты көрсетіңіз.
A) Мен әжемнің құшағынан шығып, есікке беттедім.
B) Майбасаров мұның шаруасын ертеңінде де тындырмады.
C) Төңіректе Сапақтың қарасы көрінбеді.
D) Салт атты біреу ентелеп қуып жетті.
E)* Енді қайтып жуыса қоймассыз.
14. Мақсатты үстеуді табыңыз.
A) Шапшаң.
B)* Қасақана.
C) Бірталай.
D) Алда.
E) Былтыр.
15. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сонымен мен пьесса жазамын.
B)* Рақым мен әйелі Ақлимамен бірге кетті.
C) Ашуың келсе, қолың тарт.
D) Өзен бойындағы ауыл таң атысымен көзге түседі.
E) Қызыл алманың қышқылы бар.
16. Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз.
A) Бұл істі көпке қалдырмау керек.
B)* Бұл күз айында болған әңгіме.
C) Бұл баланың таланты бар екен.
D) Мен бұл жағын білмеп едім.
E) Бұл үйдің балалары естияр еді.
17. Не,немесе,болмаса жалғаулықтарының көмегімен талғаулы салалас жасауға болатын қатарды табыңыз.
A) Ұшақ Арқалыққа кешігіп келді,бұны ағасы күтіп алды.
B) Дәрмен ұшып тұра келсе, қармағы су бетінде қалқып барады.
C) Көзқарасы дұрыс, ешқашан қарсылық көрсеткен емес.
D) Әжесі ертегі аяқтады,Аяулым қызыға тыңдап қапты.
E)* Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, барша жанға тынымсыз болатын зұлымдықты қоюуым керек.
18. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A)* Өркенің өссін, балам!
B) Байлықтың атасы-еңбек, анасы-жер.
C) Қап, мынаның баласы!
D) Бәркелді, ұлы сөз!
E) Сөз жоқ, тағы шайқасамыз.
19. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
A) Бірыңғай мүшелердің арасында.
B) Қыстырма сөзден кейін.
C) Одағай сөзден кейін.
D)* Бастауыш пен баяндауыштың арасына.
E) Атаулы сөйлемнен кейін.
20. Дыбыстық өзгеріске ұшырап барып біріккен сөзді табыңыз.
A) Алатау.
B) Жаңатас.
C)* Бүгін.
D) Сезімтал.
E) Күнбағыс.
21. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.
A) *Қысы-жазы, оқта-текте.
B) Шегара,құрбы-құрдас.
C) Көзбе-көз, жалт-жұлт.
D) Қып-қызыл, түйе-мүйе.
E) Көкпеңбек,қолма-қол.
22. Есімді сөз тіркесін анықтаңыз.
A) Мектепке келу.
B) Балалармен әңгімелесу.
C) Әдейі бару .
D)Үзілісті күту .
E) *Кірпіш үй .
23. Жақты сөйлемнің бастауышы нешінші жаққа қатысты екенін табыңыз.
A) 1-жақ,жекеше.
B) 3-жақ,жекеше.
C) *2-жақ,жекеше.
D) 2-жақ,көпше.
E) 3-жақ,көпше.
24. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасқан түрін көрсетіңіз.
A) «Өркенің өссін, қарағым»,-деді әкем.
B) Тіл жөнінде Ғ.Мұстафин: «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой»,-дейді.
C) *Құнанбай оларға мынаны айтты: «Бөкенші Шыңғыстың бұл тұсындағы бар қыстауды береді».
D) Ол Сүйіндікке қарап: «Тоқтат аналарды!»- деп ақырып қалды.
E) «Менің ойлайтыным- бәрінен бұрын өз жұмысымның жайы,-деп жазды Хемингуэй,-содан соң семьямның қамы».
25. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз.
A) Ауызекі тіл.
B) Публицистика тілі.
C) *Ғылыми тіл.
D) Ресми тіл.
E) Көркем әдебиет тілі.