1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз


Қай сөйлемде үтір дұрыс қойылған, табыңыз



бет8/25
Дата26.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114815
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
25. Қай сөйлемде үтір дұрыс қойылған, табыңыз.

A) Жарайсың Баймұратов, мен саған отыруға рұқсат етемін.

B) Жарайсың Баймұратов, мен саған, отыруға рұқсат етемін.

C) *Жарайсың, Баймұратов, мен саған отыруға рұқсат етемін.

D) Жарайсың Баймұратов мен саған, отыруға рұқсат етемін.

E) Жарайсың, Баймұратов, мен саған отыруға рұқсат етемін.



9-нұсқа

1. Қысаң, езулік дыбысты көрсетініз.

А) а

В) о


С) н

Д) *у


Е) ө
2. Тек ашық буыннан құрылған сөзді көрсетіңіз.

А) Оқулық

В) Атты

С) Бақытты.

Д) *Балада

Е) Өрнек
3. Туынды сөз тіл білімінің қай саласына жататынын анықтаңыз.

А) Синтаксис

В) Фонетика

С) *Морфология

Д) Пунктуация

Е) Лексика
4. Көмекші есімді тіркесті табыңыз.

А) Алтын сағат

В) Жапан дала

С) Ана тілі

Д) Кәрі адам

Е) *Бөлме іші.


5. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.

А) Тоқсан

В) *Үш ширек.

С) Он-оннан

Д) Алпысыншы

Е) Отызға тарта


6. Сұрау есімдігінің тәуелденген түрін көрсетінңіз.

А) Нешеу?

В) Қай?

С) Нешінші?

Д) *Несі?

Е) Қайдан?


7. Сөйлемді көрсетіңіз.

А) .*Еңбек ер атандырады

В) 20 шақты оқушы

С) Тайлы-тұяғымен қалмай.

Д) Ит терісін басына қаптау.

Е) Сен үшін.


8. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Сәуле келгендерге қайта-қайта қарай берді.

В) Жібектің роліне ол келіспеді.

С) Мұратбек домбырасын алып, сахнаға шықты

Д) *Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын.

Е) Мұхит, орман,, жел, дауыл, үн қосты.


9. Стиль түрін белгілеңіз.

«Йондар дегеніміз – зарядталған атомдар немесе атомдар тобы.»

А) Публицистикалық стиль.

В) *Ғылыми стиль.

С) Көркем әдебиет стилі

Д) Ауызекі сөйлеу стилі.

Е) Іс-қағаз стилі.


10. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашып, алғыс ал.

А) Бұлақтың.

В) *Көзін.

С) Ал


Д) Ашып.

Е) Алғыс.


11. Тұрақты тіркесті табыңыз.

А) Алматының жері.

В) Он шақты сынып.

С) * Көзді ашып – жұмғанша.

Д) Кең алқап

Е) Орманды өлке.


12. Терминдер дегеніміз не?

А) Белгілі мекенде қолданылатын сөздер.

В) Көнерген сөздер.

С) *Ғылым, техника салаларына телінген сөздер.

Д) Жаңа сөздер.

Е) Кәсіби сөздер.


13. Қайсысы дұрыс, көрсетіңіз.

А) *Күлән.

В) Гүлан

С) Гүлән


Д) Күлан

Е) Кұлән
14. Бастауыш қызметінде тұрған сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Туған жерге туың тік.

В) Күн желсіз, тып – тыныш.

С) *Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.

Д) Мұнара көкке өрмелей тым биіктеп барады.

Е) Күннен күнге өзгеріп келе жатқан мұнараны қызықтайтын болды.
15. Туынды етістікті белгілеңіз

А) Келетін.

В) Оқып.

С) Барған.

Д) * Шегеле.

Е) Оқыса.


16. Жанаса байланысып тұрған тіркесті табыңыө.

А) Көрген адам.

В) * Ертең бару.

С) Табысымыз мол.

Д) Онның бірі.

Е) Менің анам.


17. Бірыңғай мүшенің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз.

Оспан мырза, бейіліңе де, сөзіңе де біз ырзамыз

А) Анықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Толықтауыш.

Д) Пысықтауыш.

Е) *Бастауыш.
18. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.

Ысқырып соққан жел.

А) Жалаң.

В) * Атаулы.

С) Толымды.

Д) Жақсыз.

Е) Жақты.
19. Көп нүктенің қойылатын жерін көрсетіңіз.

А) Қысқартылған сөзден кейін.

В) Бастауыш пен баяндауыш арасына.

С) Ой санамалап айтылса.

Д) Бірыңғай мүшелер арасына.

Е) *Оқиға толық аяқталмай тоқталса.


20. Еліктеу сөзден болған қос сөзді көрсетіңіз.

А) Ашпалы-жаппалы қағаз.

В) *Балпаң-балпаң жүрді

С) Арба-арба отын.

Д) Ат-мат.

Е) Өзіне-өзі ренжулі.


21. Туынды үстеуді белгілеңіз.

А) Кеш.


В) Жылдам.

С) Ертең

Д) Ілгерірек.

Е) .*Бұлбұлша


22. Бейнелеуіш сөзді белгілеңіз.

А) *Ербең-ербең етті.

В) Қарш-қарш шайнау.

С) Шаң-шұң болды.

Д) Бырт-бырт шайнайды.

Е) Ырс-ырс етті.


23. «Түгел, тұрсын, тұрмақ» шылауларының негізгі сөзге үстейтін мағынасын белгілеңіз.

А) * Болымсыздық немесе қарсы мәнді.

В) Сұраулық.

С) Күшейткіш.

Д) Нақтылау мәнді.

Е) Болжалдық.


24. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.

В) Міне біз де келдік. Кеш те басталды.

С) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез саулар.

Д) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.

Е) *Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.


25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгілеңіз.

А) – Рахмет аұсақал, қош болыңыз – деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

В) Рахмет ақсақал қош болыңыз! – деп меңгеруші бізді шығарып салды.

С) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз, - деп, меңгеруші бізді шығарып салды.*

Д) – Рахмет ақсақал қош болыңыз, - деп меңгеруші бізді шығарып салды.

Е) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз деп, меңгеруші бізді шығарып салды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет