1. Өндіріс түрі туралы түсінік


Ағынды емес өндірісті ұйымдастыру



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі49,32 Kb.
#80479
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өндірісті ұйымдас (1)

4.Ағынды емес өндірісті ұйымдастыру
Өндірісті ұйымдастыру теориясының маңызды түсінігі, өндірістік үрдістің жасалуының тәсілі оны іске асырудың құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы - өндірісті ұйымдастыру әдісі болып саналады. Әдіс бірнеше бөлімімен сипатталанады, олардың бастыларына өндірістік үрдістің Толассыздық дәрежесі мен технологиялық үрдістік жабдығын орналастыру ретімен операциялардың орындауының дәйектілігінің өзара байланысы жатады. Өндірістік үрдістердің ерекшеліктеріне және өндірістік үлесіне байланысты жұмыс орындарында, бөлімшелерде, цехтарда өндірісті ұйымдастырудың белгілі әдістері қолданылады. Өндірісті ұйымдастырудың екі әдісі бар – Толассыз (тасқынды) және Толассыз емес.
Өндірісті ұйымдастырудың Толассыз емес әдісі келесі белгілермен сипатталады:
1. Жұмыс орындарында конструкция мен жасаудың технологиясы әртүрлі еңбек заттары өнделеді, сондықтан олардың шығарылуы азғантай;
2. Жұмыс орындары бірүлгілі топтар бойынша операциялардын орындалуының дәйектілігімен белгілі байланыссыз орналастырылады, мысалы токарлық, фрезерлік, бұрмалау станоктарының ж.б топтары;
3. Жасалу үрдісінде бөлшектер күрделі бағдарлармен (жылжиды), осыған байланысты өндегенде үлкен үзілістер орын алады. Бөлшек әрбір операциядан кейін, әдетте, цехаралық қоймаларға түседі және келесі операцияны орындау үшін орын блсағанша сонда жатып қалады.
Толассыз емес әдіс көбінесе жеке және сериялық өндірісте қолданылады. Кейде Толассыз еместің аумағында өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жекеленген және партиялық технологиялық үрдістерді даярлау дербес орындалады. Құралдар, жабдық әдетте қымбат тұрады, ал бұйымды өндірістен алғанда олардың физикалық тозуына дейін шығынға жазады. Осының барлығы өнімнің өзіндік құнын қымбаттатады және өндірістің тиімділігін төмендетеді.
Толассыз емес өндіріс ұйымдастырылу жағынан алғанда едәуір күрделі саналады және өндірістік үрідісті тиімді ұйымдастыру қағидаланырна толық түрде сәйкес келмейді. Сондықтан бірден бір өндірісті ұйымдастырудың өзекті міндеттеріне ұйымдастырушылық-экономикалық жағдай жасау тәжірибесінде сериялықты жоғарлатуды жасау мен қолдану және көбірек тиімді әдіске - тасқындыққа көшу болып табылады. Бұл міндет бұйымның конструкциясын үйлестіру деңгейін көтерумен, технологиялық үрдістерді үлгілеумен, бөлшектерді өңдейтін топтық әдістерін қолданумен шешіледі.
Үйлестіру (унификациялау) – uno - бірдей, facere – жасау – бір нәрсені бірдей қалыпқа, мөлшерге, бір түрділігіне келтіру. Техникада - өнімнің әрқилы түрлерін және оның өндірісінің құралдарының түрлік өлшемдерін өте аз санына келтіру. Үйлеструдің бірден бір түрі - стандартизация.
Бөлшектердің өңдеудің топтық әдістерінің мәні мыналардан тұрады. Бөлшектер конструктивтік және технологиялық ұқсастық белгілері бойынша топталады. Топтан топтың барлық конструктивтік және технологиялық элементтері болатын көбірек күрделі бөлшек ерекшеленеді. Егер ондай бөлшекті бөліп алу мүмкін болмаса оны жобалайды. Ол үшін жабдық, жабдықтау, топтық технология мынандай есептен құрылады, тек топтық барлық бөлшектерін өңдеуді қайта дайындаусыз қамтамасыз ету. Дайындау деп, технологиялық жабдықты нақты технологиялық операцияны (жабдықтау шыңы, аспапты ж.с.с) орындауға даярлау. Топтық әдістер еңбек өнімділігін жоғарлатуды елеулі (30-50 %-ға) мүмкіндік береді.
Машина жасау кәсіпорындарының өндірістік үрдістерін ұйымдастырудың тасқын ету әдісін қолданатын бөлімшелері (цехтар мен бөлімдер) мынандай белгілері бойынша бөлінуі мүмкін:
1. Өңдеу циклының аяқталу қағидасы бойынша: а) жабдықтарының қызметтің топтасуымен және технологиялық үрдістің жарым-жартылай жүргізілуімен сипатталарын технологиялық бөлімдер (фрезерлік, бұрғылау, токарлық, ж.с.с.); б) жеке бөлшектерді немесе бұйымдарды жасау бойынша заттық-тұйықталған бөлімдер. Мұндай бөлімдердің негізгі белгілеріне саналады: бөлшекті немесе бұйымды ақырғы өңдеуді жүргізу үшін жабдықты толық алу; жабдықты технологиялық үрдістің бағытында немесе бірүлгілі талаптар бойынша орналастыру; бөлшектерді партиалармен өңдеу;
2. Қолданылатын технология қағидасы бойынша: а) дербес технологиясымен бөлімдер; б) топталғанымен;
3. Мамандырылуы қағидасы бойынша: а) өңделетін бөлшектердің (табандар, үстелдер, қораптар) сыртқы көлемі бойынша мамандырылған бөлңмдер; б) бөлшектерді өңдеу дәлдіктері бойынша мамандандырылған (ілмектік арматура, аспаптардың өте дәлдік бөлшектері, ж.с.с.) бөлімдер; в) өңделетін материалдың түрі бойынша (шойыннан, қоладан, алюминийден ж.б. бөлшектер) мамандандырылған бөлімдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет