1. Өндіріс түрі туралы түсінік Өндіріс түрі бұл атаулар тізімнің енділігі, ұдайлығы, тұрақтылығы және өнім шығару көлемі көлемі белгілері бойынша ерекшеленетін өндірістің жіктелу категориясы.
Басқаша анықтама: өндірістің түрі машина жасау өндірісінің, мамандандырылуымен, бұйымдарадың атаулар тізімінің тұрақтылығымен және көлемімен, сондай-ақ бұйымның жұмыс орындары бойынша қозғалыс нысанымен қамтылған техникалық, ұйымдық және экономикалық ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасы.
Өндірістің үш негізгі түрі сипатталады: жеке, сериялық және жалпы.
Өндірістің жеке түрі бұйымның кең атаулар тізімінің анықталмаған уақыт аралығында қайталанатын немесе тіпті қайталанбайтын және сандарды жасаумен сипатталады.
Өндірістің сериялық түрі бұйымның шектелген атаулар тізімін кең мамандандырылған жұмыс орындарында белгіленген уақыт аралығы қайталанатын партиялармен жасаумен сипатталады. Бұйымдар сериясы конструкторлық (немесе технологиялық) құжаттар бойынша, бұл құжатқа өзгерістер еңгізбей жасалынған бұйымдар.
Өндірістің сериялық түрі ірі сериялыққа, орта сериялыққа және ұсақ сериялыққа бөлінеді. Өндірістің ірі сериялық түрі өзінің сипаттамасы бойынша жалпыға жақындайды, ұсақ сериялық жекеге.
Дербес түрге тәжірибе жасау өндірісі жатады. Оның мақсаты бұйым партиясының немесе серияның үлгілерін өндіру, яғни олардың өнеркәсіптік өндірісін игеру алдында зерттеу жұмыстарын келтіру, жетілдіру, бұйымның конструкциясын сынау үшін жасалынады.