9. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
1. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
2. Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негіздері
МҚЕ техникалық негізін мыналар құрайды:
- құрылуын және ұстауын мемлекет жүзеге асыратын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жиынтығы;
- республика аумағында қолданылатын шамалар бірліктерінің эталондарының, өлшем құралдарының, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің жиынтығы;
- заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректерінің жиынтығы.
ҚР МӨЖ нормативтік негізі Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарға қойылатын талаптарды және жүргізу тәртібін анықтайтын, бірыңғай ережелер мен нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың кешенінен тұрады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
4) мекемелер стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының метрология бойынша нұсқаулары;
6) басқа елдердің метрология бойынша ержелері, нормалары және нұсқаулары, мекеме стандарттары.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды регламенттейді:
- шамалар бірліктері;
- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;
- өлешм құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен құралдары;
- өлшем құралдарына және нормаланатын метрологилық сипаттамаларға қойылатын талаптар;
- өлшемдердің дәлдік нормалары;
- өлшемдер нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткішиердің баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшемдерді орындау әдістемелері;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;
- өлшем құралдарын сынауды, метрологилық аттестаттауды, салыстырып тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар.
МҚЕ нормативтік құжаттары:
- негізг, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері;
- өнімді, қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |