Сабақ тақырыбы: Геометриялық шамалар



Дата17.02.2017
өлшемі36,52 Kb.
#9510
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән мұғалімі:

Күні : 15.05.15ж.

Пән: математика

Сынып: 3

Сабақ тақырыбы: Геометриялық шамалар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы білімдерін қорыту

Оқу нәтижесі: Оқушылар шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы білімдерін қорытады. Оқушылар периметр, аудан және көлемді табу амалдарын қорытады

Оқыту әдістері: «Ғажайып алаңы», «Шындық детекторы», «2 жұлдыз,1 тілек»

Барлық оқушылармен (А,В,С) жұмыс: Электронды оқулық тапсырмалары. Деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы:

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қажетті ресурстар, қолданылатын құралдар

Кіріспе

10 мин
Қызығушылықты ояту.




Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

Сабақтың ұраны: Біз бәрін де білеміз



Білмесек ізденеміз.

Үйренеміз,талпынамыз,

Мақсатымызға жетеміз!
Психологиялық дайындық. Аффирмация – өзін-өзі сендіру.

Үй тапсырамасын пысықтау.

«Ғажайып алаңы» тәсілімен сұрақтарға жауап алу.


Оқушылар геометриялық фигуралар
арқылы 4 топқа бөлінеді.

Оқушылар өздерін жақсы жақсы жақтарын айтып, өздерін сендіреді.


Оқушыларда ойынға қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз сыйлықтарын алады.


геометриялық фигуралар, слайдтар, интербелсенді тақта.



Негізгі бөлім 25 мин

Мағынаны тану.


Оқулықпен жұмыс жүргізеді. Мұғалім тапсырма беріп, бағыт, бағдар беріп, қадағалайды.

Топтық тапсырма.

тобы.

№1. Тіктөртбұрыш пішіндес жер телімінің ұзындығы 52 м, бұл оның енінен 15 м-ге артық. Жер телімінің периметрін табады. Осы жерді сыммен 3 рет айналдыра қоршап шықса, қанша метр сым қажет болады? 5 рет айналдырса ше? Сұрақтарына жауап іздейді.

тобы.

№2. Ауданы белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені қандай? Мүмкін болатын нұсқаларды жазады.

Периметрі белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені қандай? Мүмкін болатын нұсқаларды жазады.

тобы.

№3. Фигуралардың аудандарын есеп табады.



тобы.

№4. Ұзындығы 52 мм, ал ені одан 21 мм қысқа тіктөртбұрыш сызады. Осы тіктөртбұрыштың периметрін табады. Оны сантиметрмен, миллиметрмен өрнектейді.

Әрбір топ жұмыстарын қорғайды. Топтар бірі-бірін «2 жұлдыз,1 тілек» арқылы бағалайды.


Электронды оқулық

Оқулық.


Постер, маркер



3 мин

«Шындық детекторы» әдісімен тапсырма береді.

Топта тапсырманы талқылап, жалғанын анықтайды.

Слайд

Сергіту сәті 1мин

«Тек түсін ғана оқы» слайдын көрсетеді.

Оқып, күліп, сергіп алады

Слайд

Қорытынды

6 мин


Ойтолғаныс.


Текшелер салынған қорапты көрсетіп, қорапқа сыятын ең көп текшелер санын анықтауды тапсырады.
Үйге тапсырмаға 163 беттегі №5,6,7 мысалдарды қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Оқушылар суретке қарап, текшелер санын есептеп табады.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Кері байланысты стикарлерде жазады.



Текшелер

Күнделік



Сабақтан кейінгі кері байланыс











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет