6. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
1. Метрологиялық қамтамасыз етуді басқару
2. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық ( МҒМО) негізгі қызметтері
МҚЕ жұмыстарын мемлекеттік басқаруды, Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметнің қызметін үйлестіруді, мемлекеттк бақарма органдарымен, жергілікті басқару органдарымен, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қоғамдық мекемелермен, басқа жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР МӨЖ:
- техникалық реттеуді мемлекеттік жүйесімен;
- нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесімен;
- сертификатталатын өнімдердің, процесстердің және қызмет көрсетулердің сапасын және қауіпсіздігін бағалау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесімен;
- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің метрологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына аккредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аккредиттеу жүйесімен;
- нормативтік құжаттарды үйлестіру және шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарын салыстыру кезінде басқа елдердің ұлттық жүйелерімен өзара әрекетте болады.
Уәкілетті орган өз қызметін тікелей немесе оған бағынышты кәсіпорындар мен бөлімшелер арқылы жүзеге асырады.
Уәкілетті органың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
- өлшем бірлігін қаматамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген шамаларды анықтау;
- метрология саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету ойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін анықтау;
- өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін анықтау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыру;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды қайта дайындау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру;
- өлшембірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
- мемлекеттік метрологилық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу;
- Қазақстан Республикасын метрология бойынша халықаралық және аймақтық мекемелерде таныстыру.
МҒМО негізгі қызметтері мынадай:
- өлшем бірліктері эталондарын дайындау, құру, сақтау және метрологиялық аттестаттау;
- шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;
- метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;
- шама бірліктерінің жаңа эталондарын, жоғары дәлдіктегі өлшем құралдарын құру бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды дайындау және өндіру бойынша тәжірибелі – конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерін дайындау және өндіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- мемлекетаралықжәне халықаралық деңгейлерде жүргізілетін Қазақстан Республикасы шама бірліктері эталондарының айналмалы салыстыруында қатысу;
- республика төңірегінде шама бірліктері эталондарын айналмалы және радиалды салыстыруды ұйымдастыру және қатысу;
- уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілері, заттар мен материалдардың қасиеті және физикалық константалары туралы стандартты анықтамалы деректер жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз ету;
- метрология саласында заңды, нормативті және құқықты дайындау және іске асыруға қатысу;
- өлшем бірілігін қаматамсыз ету саласында нормативті құжаттарды дайындауды, оларды мемлекетаралық және халықаралық нормалар және ережелермен үйлестіруді іске асырады;
- метрология саласында мемлекеттік стандарттарды, ұсыныстарды және де басқа нормативті құжаттарды, соның ішінде салыстырып тексеру әдістемелерін, өлшемнің әдістемелік орындалуын метрологиялық сараптау жүргізу;
- өлшем құралдарын сынау, қлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау, өлшемнің әдістемелік орындалуы бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшем құралдарын өндіру, салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеу кезінде қойылатын квалификациялық талаптарға заңды және жеке тұлғалардың сәйкестігіне тәуелсіз экспертті бағалау және техникалық тексеру жүргізу;
- МҒМО қызметіне тиісті өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтерінің қызметі уәкілетті орган бекітетін Ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |