1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні


 Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі



бет20/24
Дата20.01.2022
өлшемі95,44 Kb.
#129539
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
метрология бойынша

19. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі

 

1.                  Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі



 

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді өлшем құралдарын белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау және де олардың қолдануға жарамдылығын бекіту мақсатында жүргізеді.

Салыстырып тексеру аралық интервалының ішінде өлшем құралдарының қолдануға жарамды екендігі, салыстырып тексерудегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалғандығы, берілген өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігі расталып, салыстырып тексерулері жарамды деп танылады.

Салыстырып тексеру кезінде салыстырып тексеруге қолданылатын эталондар Қазақстан Республикасының шама бірлігінің эталондарына бағынышты болуы керек.

Ескерту –кейбір өлшем түрлеріне мемлекеттік эталондар болмаған жағдайда, республикадағы шама бірлігін ең жоғарғы дәлдікпен қайталайтын, бастапқы эталондармен өлшенген салыстырып тексеру құралдарына шама бірлігінің өлшемін беруге болады немесе олардың салыстырып тексеруі (2), ҚРСТ 2.40 сәйкес жүргізілуі тиіс.

Слыстырып тексеруге мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қолданылатын, өндірістен немесе жөндеуден шыққан, типі бекітілгеннен кейін пайдаланылатын және шеттен әкелінетін немесе метрологиялық аттаестатталған және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (Бұдан әрі –ҚРМӨЖ) тіркелген өлшем құралдары кіреді.

Ескерту –Қазақстан Республикасының аймағында 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін өндірілген немесе енгізілген және бекітілген салыстырып тексеру әдістемесі бар өлшем құралдары бар сынаулар, метрологиялық аттестаттаулар және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізу бойынша қосымша шараларсыз Қазақстан Республикасының аймағында салыстырып тексереді.

Өлшем құралдарының тізімі мен салыстырып тексеру кезеңділігі, сондай –ақ, оны жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары калибрленеді.

Шама бірліктеріндегі физикалық шама мәндерін бағалауға арналмаған, тек өзгеруін бақылау үшін нормаланған дәлдікпен қолданылатын техникалық құралдар индикаторларға жатады және салыстырып тексеруге жатпайды.

Индикаторларға өткізу тәртібі және олардың дұрыстығын бақылау ҚР СТ 2.8 сәйкес жүргізіледі.

Индикатор ретінде қолданылатын өлшем құралдарына анық түрде басылған «И» белгісі басылады.

Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.

Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшем құралдарының дұрыстығын бақылау, оқу процесіндегі бекітілген пайдалану ережелеріне, талаптарына сәйкес жүргізіледі. Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшем құралдарына анық түрде бастырылған «У»белгісі басылады.

Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары иесінің өтініші бойынша салыстырылып тексерілуі мүмкін.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметпен іске асырылады, сондай –ақ, ҚР СТ ИСО\МЭК 17025 талаптарына сәйкес акккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен іске асырылады.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызметтің салыстырып тексерушілері немесе ҚР СТ 2.63сәйкес әзірленген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеді.

Салыстырып тексерушілерді аттестаттау белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Өтініш берушінің өтініші бойынша салыстырып тексеру нәтижелері талаптарына сәйкес келісім –шарт негізінде өлшемдердің белгісіздік бағасымен ұсынылады.

Салыстырып тексеруді рәсімдеу тәртібі салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес іске асырылады.

Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралдарына және \немесе пайдалану құжаттамаларына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және \немесе нысан бойынша салыстырып тексеру туралы сертификатпен расталады.

Егер өлшем құралдары салыстырып тексеру нәтижесі бойынша қолдануға жарамсыз болып танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексерудің басылған таңбасы өшіріледі және (немесе) сәйкес қолдануға жарамсыздығы туралы хабарлама жазылып беріледі.

Салыстырып тексеру туралы сертификатты, уәкілетті органмен бекітілген тәртіп бойынша, мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандыру арқылы толтырылады.

Ескерту –егер нақты өлшем құралдарына салыстырып тексеру әдістемелерімен салыстырып тексеру туралы сертификат беру қарастырылмаса, онда мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы осы өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың электронды түрі рәсімделуге тиісті.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарға төлем жүргізу келісім –шарт негізінде жүргізіледі.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру жұмыстарының бағасын белгілеу кезінде ҚР ст 2.48 сәйкес талаптар мен нормалар қолданылуы мүмкін.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығын алу үшін аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерге электронды есеп жүргізуді және оларды (3) белгіленген тәртіпте мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беруді жүзеге асырады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет