12. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
1. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары болып келесілер табылады:
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында дайындау кезеңінде және өнімдердің, жұмыстар және қызмет етудің барлық түрін өндіруде өлшем жағдайын талдауды өткізу;
- өнімдерді, қызмет етуді және сапа жүйелерін ертификаттауға дайындауға қатысу;
- өнімдердің, жұмыстардың, қызмет етудің және технологиялық процесстердің жаңа түрлерін дайындауға, технологиялық жабдықтардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге қатысу;
- метрологиялық қызметтің және оның әрекетінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің есебі;
- метрологиялық қамтамасыз ету саласында жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;
- өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынаққа өз уақытында көрсету;
- өлшем құралдарын мемлекеттік аттестаттауға өз уақытында көрсету;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуге өз уақытында көрсетуді қамтамасыз ету;
- пайдалануда болған өлшем құралдарын жөндеуді ұйымдастыру және өткізу;
- нормативті және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдарын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшем құралдарын қолданудың шарттарын қамтамасыз ету және есебін жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу графиктерін сақтау және келістіру, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын қазіргі заманға сай есеппен шығару;
- заттар мен материалдардың қасиеттерінің және құрамының стандартты үлгілерін дайындауды ұйымдастыру және дайындау (дайындауға қатысу);
- өлшем орындау әдістемелерін дайындау;
- өлшенетін параметрлердің, өнімдердің, жұмыстардың және қызмет етудің сапасының көрсеткіштерін талдау кезінде өлшемдердің дәлдігінің, оптималды нормасының райионалды атау тізімін қалыптастыруға қатысу;
- өлшемдер процесстерін автоматтандырубойынша жұмыстар жүргізу;
- метрологиялық бақылауды іске асыру;
- өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің сұрақтары бойынша уәкілетті орган және оның ведомстволық ішкі органдардың өзара әрекетін іске асыру; уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қадағалауы бойынша олардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыру кезінде аумақтық ішкі бөлімшелерге көмек көрсетуі;
- мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асырукезінде анықталған ескертулерді жою жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |