1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


 Қазақстандағы киноиндустрияның дамуы



бет15/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

15. Қазақстандағы киноиндустрияның дамуы
Қазақстан аумағындағы алғашқы киносеанс 1910 жылыболды, бірақ бұл комерсанттардың ақша табу мақсатындағыкәсібі болғандықтан ол елде кино өнерінің таралуына да, кино индустриясының орнауына да әкелген жоқ.
Қазақстандағы киноның алғашқы қадамдары 1925 жылыжасалды. Осы кезде Қызылордада өткен Республика кеңестерінің V съездінің хроникалық түсірілімдері жасалды. Сол жылы Қазақстан туралы алғашқы деректі фильм — «ҚАКСР-ның мерейтойы» түсірілді.
1929 жылы Алматыда Жалпыресейлік «Востокфильм» тресінің өндірістік бөлімшесі болып табылатын алғашқыкиностудия ашылды. Зертхана, монтаждық, мультипликациялық және жазбалар жасайтын цехтарсалынды. Бөлімше өз күшімен «Соңғы хабар» деген жалпыатауға ие болған бірнеше хроникалық киножурнал жасапшығарды. Бірнеше қысқа метражды деректі фильм түсірілді: «Ауылдардағы кооперация», «Жаңа астана» (Алматы туралы), «Қызыл Әскер», «Жайлауға» жәнеТүрксіб құрылысы туралы екі киноочерк.
«Востокфильм» тресінің өндірістік бөлімшесініңқұрушыларының ойы бойынша, бұл бөлімше болашақтаАлматыда жаңадан киностудия ашқанда оған негіз болуыкерек болатын. Бірақ ол 1931 жылы жабылып қалды, ал «Востоккино» басшылығы жұмыстың бәрін Мәскеугекөшірді. Бөлімшенің жабылуна екі жағдай негіз болды: біріншіден техникалық база әлсіз болды, екіншіден кино сценарилері болмады. Әлсіз техникалық базада кино түсірумүмкін болғанымен, сценарилердің жоқтығы шешімі жоқпроблема болды, себебі ол кезде кинодраматургия қазақкөркем әдебиетінің жеке жанры ретінде дамымады.
1934 жылы Алматы кинохроника студиясы ашылды. Кеңестік Қазақстан киножурналы мен деректі фильмдердіңтұрақты шығарылымы қолға алынды. Мәскеуді үздіккеңестік фильмдердің қазақ тілінде дыбыстандыружұмыстары басталды.
Қазақстанмен байланысты алғашқы фильмдер
Қазақстандық материал негізіндегі алғашқы көркем фильм — Фурмановтың «Бүлік» («Мятеж») романы бойынша(режиссеры С. А. Тимошенко) 1928 жылы «Совкино» киностудиясында түсірілді. 1935 жылы «Мосфильм» киностудиясында И.П. Шуховтың «Жек көрушілік» («Ненависть») романы бойынша «Жау жолдары» («Вражьи тропы») көркем фильмі түсірілді (режиссеры И. К. Правов). «Востоккино» тресі «Жұт» (1931), «Қаратау сыры» (1932) көркем фильмдерін шығарды.
1939 жылы «Ленфильм» киностудиясында алғашқы қазақкөркем фильмі — «Амангелді» түсірілді (сценаристтер: В. Иванов, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, ҒабитМахмұтұлы Мүсірепов; режиссеры М. Левин; басты рөлдісомдаған Е. Өмірзақов). Бұл фильм Қазақстанкинематографының негізін қалады. Оның экранға шығуыҚазақ КСР-ның мәдени өміріндегі үлкен оқиға болды. Фильмнің көрермендерге ұнағандығы соншалық, көрермензалынан шыққан жұрт билетке кезекке қайтадан тұрған. БАҚ та фильмге жақсы баға берді, ал оның авторлары ҚазақКСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамоталарыменмарапатталды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан кинематографы
1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің 1941 жылдың 12 қыркүйегінен кейінгі № 762 қаулысы негізіндеАлматы көркем фильмдер киностудиясы құрылды. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанғаэвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен Орталық біріккен киностудияға бірікті. Ол Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеп, соғыскезіндегі отандық фильмдердің 80 % шығарды. 1944 жылы25 қаңтарда Алматы киностудиясы атауы Алматы көркемжәне хроника-деректі фильмдер киностудиясы болыпөзгертілді. 1945 жылы «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары реэвакуацияланғаннан кейін Алматы киностудиясы өз бетінше жұмыс істеп бастады.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақ КСР кинематографы
Соғыс жылдары кеңестік киноның шеберлері болыптабылған мәскеулік және ленинградтық әріптестерментығыз қызмет жасау арқасында ұлттық кинематографтыңкадрлары жасақталды. Соғыстан кейінгі жылдары ҚазақКСР кино индустриясы өз дамуын бастады: олар жылынасегіз толық метражды және елуден аса деректі фильм түсірді. Осы жылдары аса көрнекті қазақ кинорежиссеріШәкен Айманов танымалдылыққа ие болды.
Қазақ КСР-де түсірілген «Атаманның ақыры» және«Транссібір экспрессі» фильмдері аса жетістікпен КСРО мен шет елдердің экрандарынан көрсетілді.
Қайта құру жылдары түсірілген «Ине» («Игла») кинофильміҚазақстанның ғана емес, бүкіл Кеңес одағының «қайтақұру» кинематографының символына айналды.
1989 жыл қазақстандық режиссерлерге алғашқы құрметтіхалықаралық кинофестивальдердегі жүлдерін әкелді: «Прикосновение» лентасы Нант кинофестивалінконкурсында, «Волчонок среди людей» — МайындағыФранкфурт пен Лиссабонда көрсетілді, ал «Влюбленная рыбка» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі Нью-Йоркте өтті. Осы жылы «жаңа қазақ толқыны» анықтамасы пайда болды.
Тәуелсіз Қазақстан кинематографы
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда «Катарис» киностудиясы пайда болды (директоры Максим Смағұлов): 1990 жылы түсірілген бес фильмнің үшеуі осы киностудияла жасалды. Алайда сол кезде Қазақстандакиноға қатысты заңдық база болмағандықтан, меценаттарқұйған ақшаға жоғары салық салынды, нәтижесіндеСмағұловтың ізін кешкен көптеген жеке киностудияларжабылып қалды.
«Қазақфильм» мемлекеттік киностудиясы бұл кезеңдетарихи тақырыптағы фильмдерге көп көңіл бөлді: «Отыраропаты», «Әбілқайыр хан», «Абай», «Жас Жамбыл» сындытарихи фильмдер шықты. Алайда елдегі кинопрокат жүйесінің дұрыс жолға қойылмауына байланыстықазақстандық көрермендер бұл фильмдерді тамашалайалмады. Ал кино сыншылары «Қазақфильмді» негізгіжұмыстың фестивальдік киноға бағыттап жатыр депсынады. Абай Қарпықов, Бақыт Килібаев, Александр Баранов сынды режиссерлер Ресейге, ал Серік АпрымовАҚШ көшіп кетті.
1998 жылы қазақстандық кино дамуында айтарлықтайөзгерістер болды. 1999 жылдан бастап «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жыл сайын «Жаңаша қараймыз» аттыжастар киносының фестивалі өтіп бастады. Бұлфестивальде Алматы театр және кино институтыныңстуденттері мен түлектерінің жұмыстары көрсетіді. 2000-жылдары республикада кинотеатрлар құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады: 2009 жылы елде 129 кинозал болса, 2010 жылдың аяғында олардың саны 196-ға жетті. 2005 жылы отандық кино тарихында өзіндікерекше орынға ие болған Көшпенділер фильмі жарық көрді. 2007 жылы шыққан «Рэкетир» фильмі үлкен аудитория жинап, халық ықыласына ие болды. Қазіргі таңда Қазақстанкинематографы жылына 12-15 фильмнен түсіруде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет