1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі



бет26/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

31. Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі.
Жалпы,мәдениет және өркениет ұғымдары өте таныс ұғымдар болып табылады.Бұл ұғымдарға анықтама беріп өтсем,мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды.Мәдениетсіз ел болмас,себебі әр ел,бүкіл әлем өз мәдениетімен ерекше.Өркениет-дамудың белгілі бір кезеңіндегі белгілі бір халықтың немесе халықтар тобының,елдердің материалдық, рухани, әлеуметтік өмірінің сапалық ерекшелігі; адамдардың үлкен әлеуметтік қоғамдастығының өмір сүруінің ерекше, тарихи қалыптасқан тәсілі, оның өзін-өзі ұйымдастыруының және ұжымдық өмір процестерін реттеудің ерекше формасы болып табылады.
Қазіргі мәдени білімнің маңызды проблемаларына мәдениет пен өркениет сияқты құбылыстардың мәні мен өзара байланысы туралы сұрақтар жатады. Ғылымда оны шешудің екі жолы бар: осы ұғымдарды сәйкестендіру және оларды ажырату. Ежелгі шығу тегі бар "өркениет" сөзі тек ағарту дәуірінде кеңінен қолданыла бастады. Ол кезде бұл ұғым прогресс ұғымымен, ақыл-ой негізінде халықтардың эволюциялық дамуымен байланысты болды. Уақыт өте келе "өркениет" термині көп мағыналы болады. Яғни, өркениетті мінез-құлықпен,әдептілікпен және өзін-өзі бақылау дағдыларымен анықталады. XIX ғасыр адамзат дамуының кезеңдерін сипаттау үшін қолданыла бастаған сөздің мағынасын кеңейтті.Табиғат заңдары бойынша өмірден мәдени немесе өркениетті күйге өткен адамзаттың даму процесін көрсетеді.


32. Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы. Түркі жазуы. 
Түркі халықтары – түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар. Түрік атауы – ежелгі атау. Алғаш рет біздің дәуіріміздің VI ғасырынан бастап белгілі бір тайпа тобына қатысты қытай жылнамаларында айтылады. Алайда, түріктер олардың этнонимі тарихта тіркелмеген заманға дейін де өмір сүрген.
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптегентайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркіқағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңыздыорын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумынқаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісібарынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған.Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынантүркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдерітуралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспанденелерінің қозғалысына карап ауа райын, жылмаусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтайалған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынанбіршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделіғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған.Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрліәдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қоскүшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірініңрақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған жәнеКүнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілерүшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарыныңмәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспанәлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға дабас игенін білдіретін деректер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет