1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері



бет29/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

"Сарайшық" мұражай-қорығы 1999 жылдың 19 қазанында Атырау облысы әкімінің (басшысының) № 209 шешімімен облыстық "Хан ордалы Сарайшық"мұражай-қорығы ретінде құрылды. Оны құру туралы шешім Қазақ мемлекетінің қалыптасуының бастапқы кезеңіндегі Сарайшықтың ерекше тарихи маңызын ескере отырып қабылданды.
Кешен құрамына биіктігі 14 метр хандар пантеоны, мешіт және мұражай ғимараты кіреді. Сегіз қабырғадан тұратын күмбездің пантеонында Сарайшық билеушілері болған жеті ханға арналған құлпытастар орнатылды. Мешіттің ұзындығы 13 метр, ені 6,5 метр. Әр жұмада жұма намазы өтеді. Алдымен келушілер мешітке барып, құран оқиды. Мұражайда ежелгі Сарайшық қалашығының тарихи орнынан табылған экспонаттар бар. Қазіргі уақытта бұл тарихи орын, ол елдің туристік орталықтарының біріне айналды, жылына 10 мыңнан астам келушілер, соның ішінде шетелдік қонақтар келеді.
Мұражай-қорықтың сайтында Сарайшық — Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан, Орта ғасырларда Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек керуенінде қолөнері мен саудасы дамыған өркениетті қалалардың бірі екендігі атап өтілген. Жошы ұлысының ең үздік үш орталығының бірі (Сарай-Бату, Сарай-Берке, Сарайшық), одан кейін Ноғай Ордасының және Қасым хан жанындағы Қазақ хандығының астанасы болды. Тарихшы ғалымдар Сарайшық қаласының пайда болуын XIII ғасырмен, яғни Шыңғыс ханның немересі Батудың билік құрған кезімен байланыстырады. Белгілі мәліметтерге сәйкес, бұл жер туралы жазбалар XIV ғасырдың бірінші жартысынан басталады, онда Сарайшық керуен-сарайлар, сауналар, мешіттер, медреселер және басқа да ғимараттар салынған өркендеген қолөнер және сауда қаласы болған.
Бозоқ — VIII-XVI ғасырлардағы қалашық пен қорым Нұр-сұлтан қаласының оңтүстік шетінде, Бузықты көлінің шығыс жағалауында орналасқан. Ескерткіш бірнеше бөліктен тұрады, олар жалпы ауданы 40 га құрайды, орталық бөлігі-үш алаң ("кварталдар"), орташа өлшемі 35×35 м, білікпен және ішкі шұңқырмен қоршалған.
Бекет Ата жерасты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.
Ақсу – Жабағалы мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен 1926 жылы шілденің 14-іне құрылды. Қаулыда қорық « Табиғат ескерткіші ретінде Ақсу мен Жабағылы өзендерін,олардың барлық ағаш және тал- шілік егістерін, шөп жамылғылары мен осы қорықты мекендейтін жан-жануарлар әлемін қол тимеген табиғи қалпында сақтап қалу мақсатында » құрылғаны атап көрсетілген.Қорықтың көлемі жылдан – жылға өзгеріп, бүгінде оның алып жатқан аумағы –131 934,3 га.
Қорғалжын қорығы Астана қаласының оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Қорықтың басты мақсаты – табиғи комплексті қорғау және табиғатты аялау ниеттерін халыққа жеткізу. Қорық Қорғалжын шұңқырында орналасқан. Оның ауданы 259,9 мың гектарды құрайды, оның 198 мыңы акватории. Жалпы айтқанда қорық аумағы бұл екі үлкен көл : Теңіз және Қорғалжын
Тамғалы петроглифтері немесе Таңбалы — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген.
Жоғарыда аталып кеткен мәдени ескерткіштер қазақ халқының бай мәдениетінің көрінісін географиялық тұрғыдан құрастырушы объектілер ретінде есептеледі. Бұл әрине, олардың тарихи маңызы мен мәдени көркемділігінің арқасында.

34)Қазақстандық киноның заманауи үрдістері.Заманауи қазақ киноөндірісінің даму болашағы мен мәселелері.
Қазақстанда ең алғаш киносеанс 1910 жылы болып өтті. Алайда ол Қазақстанда кино индустриясының таралуына мақсат емес тек ақша табу мақсатында ашылды.
​Алғашқы қадамдар 1925 жылы жасала бастады. 1928 жылы “Востокфильм” кино қоғамы Алматыда құрылды. Бірнеше қысқа метражды деректі фильм түсірілді: «Ауылдардағы кооперация», «Жаңа астана» (Алматы туралы), «Қызыл Әскер», «Жайлауға» және Түрісіб құрылысы туралы екікиноочерк. Алайда 1931 жылы жабылып қалып Мәскеуге көшірілді. Бөлімшенің жабылуына екі себеп болды: техника әлсіздігі және кино сценарилері болмауы. Алайда 1934 жылы Алматыда кинохроника студиясы ашылды.
​1938-1944 жылдары Қазақ киносының қалыптасуының алғышарты туған кез. Кино саласына жазушылар бет бұра бастайды. Мосфильм, Ленфильи сияқты ірі киноиндустриялар ұлттық киноөндірістің қалыптасуына әсер етеді. Алматыға техникалық жабдықтар әкелінеді. 1939 жылы Амангельды фильмы түсіріліп Қазақ кинематографының негізі қаланды. Киноның ұнағаны соншалық, жұрт сеанстан шыққан сон қайта билет алу үшін кезекке қайтадан тұрған.
​1941 жылы 12 қыркүйекте Алматы көркем фидьмдер студясы ашылды. Сол жылы 15 қарашада студия эвакуацияланған Мосфильм мен Ленфильммен бірікті. 1944 жылға дейін Алматыда отандық фильмдердің 80% шықты. 1945 жылы соғыс аяқталғанда бөлініп Алматы киностудясы жұмыс істей берді.
Соғыстан кейінгі жылдары шыққан алғашқы көркем фильм - "Абай әндері" (1945) болды. Сценарий авторы - Мұхтар Әуезов, режиссері - Григорий Рошаль болып бекітілді. Қалыбек Қуанышбаев (Абай рөлі), Шәкен Айманов (Шәріп), Елубай Өмірзақов (Ерден), Серке Қожамқұлов секілді сахна саңлақтары фильмде бас кейіпкерлерді сомдады. Бұл фильм шығысымен қазақ кино өндірісінің қарқын алуы қиындай түсті. Алты жыл ішінде бар-жоғы екі көркем фильм ғана түсіріледі. "Абай әндерінен" кейін араға үш жыл салып, 1948 жылы "Алтын керней" фильмі шығады. Режиссеры Е. Арон, фильмнің мазмұны мал шаруашылығы саласында ізденіп жатқан ғалымдар өмірінен алынған. Басты рөлдерде: Шәкен Айманов, Серке Қожамқұлов, Қалыбек Қуанышбаев ойнайды. 
1952 жылы экранға "Жамбыл” фильмі шығады (реж: Е. Дзиган). Жамбыл рөлін актер Шәкен Айманов сомдап шығады. Фильм Жамбылдың өмірін кеңінен көрсетуге тырысты. Сәтті жағы - Шәкен Айманов қарт Жамбыл бейнесін қайғы қасыреті мен мінезін аша бейнелеп шықты. Осыдан соң 1953 жылы, актер болып танылып жүрген Айманов өзінің шығармашылық жолын кинорежиссер саласымен жалғастырады. "Махаббат туралы аңыз" ("Поэма о любви") фильміоның алғашқы жұмысы болып саналады. Бұл фильмді қазақ киносының төл туындасына да балауға болады. Фильм халық ауыз әдебиетінің үздік туындысы есептелетін "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" лирикалық жырының негізінде түсірілді.
​1960-1980 жылдары қазақ киносының жанданған кезі болды. Ол жылдары Қыз Жібек" (1972), "Ботакөзде" (1957), "Атаманның ақыры" (1971), "Орман балладасы" (1972), "Біздің сүйікті дәрігер" (1957), "Менің атым Қожа" (1963), т.б.).
​1980 жылдары республиканың деректі киносына И.Вовнянко, С.Әзімов, О.Рымжанов, В.Рерих, С.Махмұтов, В.Тюлькин, т.б. қосылды.
"Құмшағыл оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау" (1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі" (1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері арқылы экранға қоршаған ортаның шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары шығарылды. Кеңестік қоғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқын" өкілдерінің шығуына жол ашты. Осы кезде Қ.Салықовтың "Балкон" (1988), Р.Нұғмановтың "Ине"(1988), С.Апрымовтың "Қиян" (1989), Т.Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), А.Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" (1991), Ә.Қарақұловтың "Әзәзіл қыз" (1991), Е.Шынарбаевтың "Сұр ұшбұрыштағы орын" (1993), С.Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге таныла бастады. Халықаралық қинофестивальдарда жүлделі орындарға ілікті. Бұл кезеңдегі Қазақ киносында бірнеше көркемдік-стильдік бағыттар айқындалды: әлеуметтік авторлық фильмдер - С.Апрымов, Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру - Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер - С.Нарымбетов; "халықтық кино" - Б.Шәріп, А.Әмірқұлов, Т.Теменов, Д.Манабай. Жалпы алғанда 1990 жылдардағы фильмдер кеңестік идеологияны жоққа шығаруға бағытталды.
​Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда «Катарис» киностудиясы пайда болды (директоры Максим Смағұлов): 1990 жылы түсірілген бес фильмнің үшеуі осы киностудияла жасалды. Алайда сол кезде Қазақстанда киноға қатысты заңдық база болмағандықтан, меценаттар құйған ақшаға жоғары салық салынды, нәтижесінде Смағұловтың ізін кешкен көптеген жеке киностудиялар жабылып қалды.
«Қазақфильм» мемлекеттік киностудиясы бұл кезеңде тарихи тақырыптағы фильмдерге көп көңіл бөлді: «Отырар опаты», «Әбілқайыр хан», «Абай», «Жас Жамбыл» сынды тарихи фильмдер шықты. Алайда елдегі кинопрокат жүйесінің дұрыс жолға қойылмауына байланысты қазақстандық көрермендер бұл фильмдерді тамашалай алмады. Ал кино сыншылары «Қазақфильмді» негізгі жұмыстың фестивальдік киноға бағыттап жатыр деп сынады. Абай Қарпықов, Бақыт Килібаев, Александр Баранов сынды режиссерлер Ресейге, ал Серік Апрымов АҚШ көшіп кетті.
1998 жылы қазақстандық кино дамуында айтарлықтай өзгерістер болды. 1999 жылдан бастап «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жыл сайын «Жаңаша қараймыз» атты жастар киносының фестивалі өтіп бастады. Бұл фестивальде Алматы театр және кино институтының студенттері мен түлектерінің жұмыстары көрсетіді. 2000-жылдары республикада кинотеатрлар құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады: 2009 жылы елде 129 кинозал болса, 2010 жылдың аяғында олардың саны 196-ға жетті. 2005 жылы отандық кино тарихында өзіндік ерекше орынға ие болған Көшпенділер фильмі жарық көрді. 2007 жылы шыққан «Рэкетир» фильмі үлкен аудитория жинап, халық ықыласына ие болды. Қазіргі таңда Қазақстан кинематографы жылына 12-15 фильмнен түсіруде.[1]
Қазақстандық кино тарихында тұңғыш рет «Кореядағы қазақтардағы бизнес» фильмі бір миллиард теңгенің кассасын жинады.
34. Қазақстандық киноның заманауи үрдістері. Заманауи қазақ киноөндірісінің даму болашағы мен мәселелері.
Қазіргі заманда кең етек алып отырған компьютерлік кинематограф мүмкіндіктері жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына, экрандық өнердің жаңа түрінің туындауына себеп болып отыр. Жаңа технологияның даму сатылары шығармашылық ізденістің те түрлі нәтижелерін көрсетуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет