1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселесі



бет25/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

30.Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселесі.
Этникааралық қатынастар бұл этностардың өмір сүруінің материалдық және рухани жағдайлары, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру жөніндегі қатынастар. Тар мағынада – бұл әртүрлі ұлттардың тұлғааралық қатынастары, олар да түрлі қарым-қатынас салаларында – еңбек, отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ көрші, достық және басқа да бейресми қарым-қатынас түрлерінде болады.
Ал конфессияаралық қатынастар – бұл конфессиялар (бағыттар) арасындағы да, негізгі әлемдік діндердің ұстанушылары қоғамдастықтарының арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы конфессиялар ұсынылған идеология, дін қызметкерлері, бір топ діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен қарайтын адамдар.Конфессиялар арасындағы келісім – бейбітшілікті сақтау үшін және олардың жайлы өмір сүруіне қажетті шарт.Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын.Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге асырылуда – этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету. Аталған дүниетанымдық ұстаным Қазақстан қоғамының саяси, мәдени және рухани-адамгершілік басымдықтары мен құндылықтық бағдарын айқындайтын негіз болып табылады. Әрбір нақты кезеңде ол байытылады, толықтырылады, нақтыланады, бірақ оның мәні бір болып қалады – көпэтникалық Қазақстанда әрбір адам оның этникалық, діни, нәсілдік және өзге де тиістілігіне қарамастан өзін еркін, қорғалған және өз болашағына сенімді сезінуі тиіс. Республика халқының этникалық құрамында ең көп саны — қазақтар (67,98 %), орыстар (19,32 %), өзбектер (3,21 %), украиндар (1,47 %), ұйғырлар (1,47 %), татарлар (1,10 %) болып табылады.Қазақстанда қазіргі уақытта қырыққа жуық діни сенім өкілдері тұрады, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет