1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Қазақстандағы мульти-медиа-мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы



бет22/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

26.Қазақстандағы мульти-медиа-мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы
Ақпараттық процестер жаһандық сипатқа ие, бірақ олар болып жатқан мемлекеттің ұлттық ерекшелігіне ие. Қазақстанда егемендік алғаннан кейін бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа жүйесі қалыптасты. Телекоммуникациялық, хабар тарату секторын монополиясыздандыру жүргізілді. Жаңа медиа ұйымдардың, жеке, акционерлік БАҚ, телерадиокомпаниялардың пайда болуы ақпараттық ресурстарға, хабар алмасуға деген қажеттілікті үнемі сезінетін медиа нарыққа тезірек және оңай кіруге мүмкіндік берді. Мультимедиа – бұл нысандар мен процестердің дәстүрлі мәтіндік сипаттамамен емес, Фотосуреттер, бейнелер, графика, анимация, дыбыс, яғни бүгінгі таңда белгілі барлық формаларда (multi – көп, media-тәсілдер, құралдар) көрінісі. Қазіргі уақытта бейнеәдістерді қолдану ісі көптеген экрандық ақпарат көздерінің — мультимедиалық кешендер, бейнемагнитафондар, бейнепроекторлар, компьютердің жаңа мүмкіндіктері (мультимедиалық презентациялар, үйренуші бейнефайлдар, желі арқылы оқыту ақпаратын көрсету үшін алмастырушы бағдарламалар) пайда болуына байланысты талап етіле бастады. Бейнеәдістер оқыту процесінде қолданылатын ақпарат түрлерін тиянақты түрде қарап шығуға, көруге мүмкіндік береді және ол жаңа материалдарды оқу, қайталау, бекіту, талдау және бақылау үшін кеңінен қолданылады, яғни ол барлық дидактикалық функцияларды орындауға толық мүмкіндік береді. Бұл әдіс соңғы ғылыми жетістіктер дәлелденген ақпаратты көрнекі қабылдау принципіне негізделген және ол оқушының алған білімін тереңірек түсіну мақсатында индуктивтік, дедуктивтік тәсілдеоді пайдаланады және олардың әр түрлі танымдылық қасиеттерін екпінді түрде дамытуға танымдық үрдісін басқарудың түрлі-түрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.


27.Мәдени туризмнің дамуы және оның «Туған ел», «Қазақстанның сакральды географиясы», «Жаһанданған әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Сандық Қазақстан» жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі. 
Қазақстан - көптеген тарихи,мәдени мұраға, географиялық ескерткіштерге бай мемлекет.Ал бұл мәдени туризмді дамытудың бірден бір кепілі, тарихи және мәдени ескерткіштерді туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру әр адамға айқын.Бүкіл әлемде сияқты, біздің елде мәдени туризм жеке бағытқа бөлініп, жыл сайын одан әрі дамып келе жатыр. 
Бүгінгі таңда елімізде республикалық бағытта 9 тарихи-мәдени қорық-мұражайлар қызмет етеді. Олар: «Әзірет Сұлтан», «Ұлытау», «Отырар, «Жидебай-Бөрілі», «Ордабасы», «Таңбалы»,, «Ежелгі Тараз ескерткіштері», «Есік» және «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайлары. Олардың құрамындағы мәдени-тарихи ескерткіштер аталған Тұжырымдаманың туристік кластерлеріне енген. Мысалы, Алматы кластеріне ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген Тамғалы петроглифтері, Есік қорғандары, Ешкіөлмес петроглифтері, «Жібек жолы» Сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) ұсынылды.
Бірінші президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында халық санасын заманауи биікке көтеруге септесетін алты жоба ұсынылғаны айқын. Соның төртіншісі – «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы.Сакралды географияның мән-мағынасы – қасиетті, киелі деген ұғымға йе.Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын бекемдеу, жат идеологияға төтеп беретін қалқанды нығайту,
өзімізді өзіміздің танып, рухани жаңғыруымыз сапалы жаңа биікке көтеру.

Менің ойымша осы жобаға түрткі болған, дін мен діни ұғым-түсінік. Түптеп келгенде, екеуі де, біріншіден, бәрінен ұлық түпжаратушыға, екіншіден, тылсым сырлы ерекше құдіретке адамдардың көзқарасын, құрметін білдіреді.Ал қазіргі таңда,көбісі оны игере,мән бермейді. 


Мысалы,Киелі сакралды географияға Қазығұрт тауын жатқызсақ, еш қателеспейміз. Өйткені таудың басында Нұқ пайғамбардың кемесі қалғаны туралы аңызды білмейтін қазақ жоқ, оған тәу етушілер күні бүгінге дейін үзілген емес.Түркілердің Отаны Алтайдағы Берелді сакралды географияға жатқыза аламыз. Сакралды нысандардың осынау тобы исламға дейінгі дүниетанымды да айшықтайды, көбінесе нақты киемен қосарлана аталады. Айталық, Абылай ханның киесі қызыл түлкі, Райымбек батырдың киесі ақ түйе, Жамбылдың киесі қызыл шұбар жолбарыс, Кемпірбайдың киесі көкала үйрек екен. Наурыз мейрамымен бірге айтылатын Қыдыр ата да халқымыздың кие құдіретіне бас игені.Қысқасы, Қазақстанда киелі сакралды география хронологиясы бойынша да, мазмұны жағынан да ауқымды әрі бай.
«Жаһандану» түсінігі 20 ғ. аяғы мен 21 ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды. «Жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілген.2017 жылдың 3 қазанында Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында сөз қозғалды.
Негізгі мақсат Қазақстанның ұлттық мәдениеті дамуының өзекті мәселелерін жаһандық заманауи үдерістер контексінде талқылау болатын.
Осы жиында Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігінің өкілдері, Батыс Венгрия университетінің профессоры Михай Фрешли, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Басқару мемлекеттік академиясының өкілдері, ғалымдар және зерттеушілер қатысты.
Онда қаралған мәселе,жаһандану әлеміндегі ұлттық мәдениеттің орны мен рөлі. Жаһанданудың жақсы да, көлеңкелі тұстарын,өркениет аралық үнқатысудың негізінде адамзат құндылықтарының сан алуан қырларын қамтыды.
Мысал ретінде, мұның барлығын жас әрі дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінен көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі тек қана қазақ тарихына деген қызығушылық негізінде жүзеге асырылуда емес, сонымен қоса өзіндік салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртумен байланысты. Қазақ салт-дәстүрінің қайта жаңғыруы бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи жалғастықтың қайта қалыптасуы ретінде қабылданады. Қазақ халқы үшін бұл өте қиын және күрделі мәселе, себебі жоғалған салт-дәстүрді қайта қалпына келтіру туралы мәселенің көтерілуінде болып отыр. Қазіргі қазақтар – бұрынғы малшы-көшпенді халық емес. Сондай-ақ, жиырмасыншы ғасыр бойы саналы түрде салт-дәстүрді жою және қудалау жүзеге асырылып келді. Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде Қазақстанда салт-дәстүрмен «өткеннің қалдығы» ретінде күресті. Алайда, сол уақытта да, бүгінгі таңда да қазақтар бұрынғы өмір салтының қалдығын қажырлықпен талмай күресіп сақтап келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет