Электрондық кесте – ұяшықтарында деректер (мәтін, санда, формула) жазылған қарапайым кестенің компьютерлік түрі.
Электрондық кесте – ұяшықтарында деректер (мәтін, санда, формула) жазылған қарапайым кестенің компьютерлік түрі.
Электрондық кестенің файлы Кітапдеп аталады және *.xlsx форматында сақталады.
Электрондық кестенің құрылымы
Ұяшық
Жол
Баған
Жол
нөмірі
Баған
нөмірі
Ұяшықтар
адресі
Формула
жолы
Ұяшықтар
блогы
Кестенің негізгі параметрлері:
Ұяшық – деректер сақталатын орын. Қатар мен бағандар қиылысып, ұяшықты құрайды.
Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.
Баған – көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі
Ұяшықтар диапазоны – белгіленген ұяшықтар тобы. Мұндай блоктардың адресi бiрiншi ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресiн қос нүктемен бөлiп жазу арқылы көрсетiледi.Мыс А1:D9
Кестедегі обьектілердің атауы:
Қатарлар :араб цифрларымен нөмірленеді және олардың саны 65536 санға тең
Бағаналар: A-Z одан кейін реті бойынша AA-AZ, BA-BZ .... Латын әріптерімен белгіленеді және олардың саны 256-ға тең
Ұяшық: бағана әріпі мен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адрес. Мысалы, A1 – бiрiншi ұяшықтың, ал В105 – В бағанының 105 қатарындағы ұяшықтың адресi.
Мәліметтер типі
Мәтіндік
Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.
Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Формат > Ячейки
мысалы:
Сабақ кестесі
Ф 21 тобы
‘’236”
001 счет
Мәліметтер типі
Сандық
Теріс, оң, ондық бөлшек, бүтін сандардан тұратын мәлімет
Сандық мәліметтерді есептеулер жүргізген кезде қолданады
Ұяшыққа енгізілген мәтін күн,ай.жыл түрінде болуы мүмкін
Мысалы: әр түрлі нұсқада берілген уақыт типі
4 шілде 1989
06.98
шілде 2001
4 шілде
04.06.
шілде
Мәліметтер форматы
Пайыздық формат
Пайыздық формат берілген сандық мәліметті % белгісімен пайыз түрінде көрсетеді.
Мысалы, 0.257 санын енгізсек, экранда - 25.7%, ал егер 257 санын енгізсек, онда 25700.0% санын аламыз.
Қаржылай формат
Қаржылай формат берілген сандық мәліметтің қасында валюта тұрады (рубли). Мысалы,12345 саны ұяшықта 12345 р. деп жазылып тұрады
Формула түсінігі
«=» теңдік белгісі арқылы формула жазамыз. Егер де «=» белгісін қоймасақ, ұяшықтағы берілген мәлімет мәтіндік мәлімет түрінде қарастырылады. Формула сандар, ұяшықтардың адресі мен әр түрлі функциялардан тұрады.
Формула 2 түрде кездеседі: Арифметикалық, Логикалық.
Арифметикалық формула
Арифметикалық формуланың құрамында қосу «+», азайту «-», көбейту «*», бөлу «/», дәрежеге шығару «^» амалдары орындалады.