1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни



бет19/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

22.Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни
құндылықтар.
Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен қатар өз заманнның озық діни құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор. Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар зияттылық және рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарының бірі ол жастардың әлеуметтiк дербестігі, дәстүрлі діни құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын жүзеге асырумен қоса, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту болып табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады.
Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» деген аталы сөз бар. Бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қоятын жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық екенін ұмыта бастаған сыңайлы.
Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені – жоғары атақ-мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.
Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкін бөгде біреулердің ұрлап әкетуі де, тіпті, қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан рухани қазынасын ешкімнің де тартып ала алмасы анық. Ел ішінде «Жақсылардың кеудесі алтын сандық» деген бағалы сөз осыдан қалса керек. Ең бастысы – өмірімізге сара жол нұсқайтын, ізгі ниеттің нұрын құяр ғұламалардың сөзін көңілімізге ұялатсақ, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.
Мораль — қоғамдық сананың бір формасы. Дін, құқық, өнер сияқты мораль да қоғамдық сананың бір формасы ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір. Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Әсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы рөлі орасан зор. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Ғибадаттардың көпшілігінің жамиғатпен жасалуы дінде қоғамға қаншалықты мән берілетіндігін көрсетеді. Құлшылық сәті — адамдардың біріне-бірі ең жақындасатын кезі. Сондықтан діни рәсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар жалпы дүниежүзілік діндердің қай-қайсысы болсын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Діннің моральды қалыптастырудағы орнының маңыздылығын сол діндердегі адамгершіліктің, түрткі бола білгендігінен көреміз.
Әлемдегі ғаламдану үдерісі, қоғамның рухани адамгершілікті қамтитын мәдениеттердің өзара байланысы және этномәдени дәстүрлер мен жалпыадамзаттык құндылықтардың құрамды бөлігі ретіндегі ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыруды алдыңғы қатарға шығарады. Бұл тұрғыдан рухани адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталған өмірдің мәні туралы халықтың мәдени мұраларын, даналық ұлағаттарды пайдалануы жоғары деңгейде маңызды болмақ. Дәстүрлі дініміздің, әр бір ұлттың ерекшеліктерін ескеріп, салт-дәстүрімізбен құндылықтарымыздың озығын негіздей отырып, қоғамға оң көзқарасты тәлім ұсыну әр бір азаматтардың міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін бабалардан келе жатқан рухани мәдениетімізді әрі қарай жалғастыруымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет