1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері


Мәдени саясат ұстанымдары: «ҚР Мәдениет туралы заңы»



бет21/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

25.Мәдени саясат ұстанымдары: «ҚР Мәдениет туралы заңы».
ҚР «Мәдениет туралы» Заңы- Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды. Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
-көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесiнде жасалған мәдениет және өнер туындылары;
-көтермелеудiң салалық жүйесi - саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн мәдениет және өнер қызметкерлерiн моральдық ынталандыру нысаны;
-Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттiк маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесiлi мәдени құндылықтар жиынтығы;
-мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы;
-мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;
-мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру;
-мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөнiндегi қызметi;
-мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттiк органдар қабылдайтын шаралар кешенi;
-мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыратын орталық атқарушы орган;
-мәдениет ұйымдары - қызметiнiң негiзгi нысанасы мәдениет саласындағы қызметтi жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
-мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау - мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында өткiзiлетiн рәсiм;
-мәдени құндылықтар - зайырлы және дiни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнi бар құндылықтар;
-мәдени қызмет субъектiлерi - мәдениет саласындағы қызметке қатысушы мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар және азаматтар;
-ұлттық мәдени игiлiк - Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген, ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар мәдени құндылықтар;
-ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi - тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау, ұстау, қалпына келтiру, қорғау және пайдалану жөнiнде мемлекет қабылдайтын шаралар;
-Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) - ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар ұлттық - мәдени игiлiктiң тiзбесi;
-шығармашыл қызметкер - кәсiби немесе әуесқой шығармашылық қызметi көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған жеке адам;
-шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсiлмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған қызмет;
-шығармашылық одақ - мәдениеттiң бiр немесе бiрнеше жанры кәсiби шығармашыл қызметкерлерiнiң өздерiнiң жеке мүшелiгi негiзiнде құрылатын қоғамдық бiрлестiгi.
Мәдени саясат – қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы. Мәдени саясатты жаңғыртудың қажеттілігін түсіне отырып, Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған елдің мәдени саясаты дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту» туралы нақты міндет қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет