2. Нейрон: негізгі бөліктері (дендриттер, дене, аксон) және олардың сипаттамалары. Нейронның функциялары. Глиальды жасушалар, түрлері, олардың рөлі. Уникальность- 100% НЕйрон - орталық жүйке жүйесінің құрылымы мен функционалдық бірлігі болып
табылады. Ол сомадан (ядросы бар жасушаның денесі) және өсінділерден, яғни
көпмөлшердегі дендриттер пен бір аксоннан тұрады.
Жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі жүйке жасушасы
– нейрон негізгі қасиеттері қозғыштық пен өткізгіштік болып табылады.
Адамның орталық жүйке жүйесінде арасында өзара арақатынас көптеген синапстар
арқылы жүзеге асырылатын 100 млрд.- тан астам жүйке жасушалары бар. Нерв
жасушалары орталық жүйке жүйесінен тыс та орналасады. Мысалы, вегетативті нерв
жүйесінің ганглия нейрондары, жұлын ганглийлерінің афферентті нейрондары мен бас
сүйек нервтерінің ганглийлері.Дегенмен, перифериялық жүйке жасушалары орталыққа
қарағанда аз-тек 25млн. Нейрон денелерінің жиынтығы мидың сұр затын, ал өсінділерді
ақ затты құрайды. Әрбір нейронның сомасы мен дендриті басқа жүйке жасушаларының
синаптикалық бутондарымен және глиальді жасушаларының өсінділерімен жабылған.
Бір мотонейронда синаптикалық бутондар саны 10-20 мыңға жетуі мүмкін.
Өлген нейрон қалпына келмейді және табиғи азаюға тап болады.
Дендриттер импульсты денеге өткізеді және олар кейбір нейрондарда жалғыз, оншақты
немесе
мүлде болмауы мүмкін.
Аксон – әрқашан жалғыз болады және ол ең ұзын өсінді(1мм- 1,5м). Бұл импульсты
нейрон денесінен келесі нейронның денесіне өткізеді.
Айта кетерлік жайт, нейрондар импульсты тек бір бағытта өткізеді.