1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1



Pdf көрінісі
бет4/128
Дата14.04.2022
өлшемі1,44 Mb.
#139186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
2 5375107474514778464
1.1 матрицалар, мадениет, Аудит түсінігі, Словарь этнол.терм.
И.М. Сеченов ашқан
болатын, бақаның ортағы миының
құрылымдарын тітіркендіргенде жұлын орталықтарында тежелу пайда болатынын тапқан. Одан 
әрі қарай жұлын реакцияларының тежелуі тек сегмент үстілік құрылымдарды тітіркендіргенде 
ғана емес, дененің қарама-қарсы жағының жүйкелерін тітіркендіргенде де байқалатынын 
анықтаған.Бұл жаңалық орталық жүйке жүйесінде қозу және тежелу үрдістерінің арасында 
реципрокты қатынас орнайтынын анықтауға мүмкіндік берді. 
Жұлында қоздырғыш немесе тежегіш әсерлердің реципрок-ты сипатын И.М: Сеченовтың 
оқушысы Н.Е. Введенский көрсетті және ағылшын нейрофизиологы Ч.Шеррингтон толық талдап 
зерттеді.
Орталықтан тежелудің табиғатын түсінуде жүйке орталықтарының жұмысы үшін тежелудің жеке 
өзінің мәнін анықтау маңызды қадам болды. Тежелуді жүйке орталықтарының қажуына да, қатты 
қозуына немесе жүйке жасушаларының катодтық депрессиясына да жатқызуға болмайды. 
Тежелу- қозудан туындайтын және басқа қозуды басып тастау көріністерімен анықталатын өз 
алдына жеке жүйкелік үрдіс. Орталық жүйке жүйесінде постсинапстық тежелу кеңінен таралған.
Постсинапстық тежелу. Тежеуші синапстардың пресинапстық ұштарында бөлінетін медиатор 
жүйке жасушасының қозу үрдісін (ҚПСП немесе әрекет потенциалы)пайда қылу қабілеті 
төмендейтіндей жағдайға келтіріп барып, постсинапстық мембрананың қасиеттерін өзгертеді. 
Сондықтан бұл құбылысты постсинапстық тежелу деп атау қабылданған. Осы негізде дамитын
постсинапстық мембранадағы өзгерістерді –тежегіш постсинапстық потенциал деп атау 
қабылданған (ТПСП). Жүйке жасушаларының өзара әрекеттесуі жүйке жүйесінің мақсатты 
бағыттағы іс әрекетінің негізін және ең алдымен рефлекторлық актілер іске асуының негізін
құрайды. Жүйке жүйесі іс әрекетінің рефлекторлық қағидасын ХVІІ ғасырда француз 
философы және математигі Р.Декарт ұсынған болатын. «Рефлекс» терминін ХVІІІ ғасырда чех 
физиологы Прохазко ұсынған.Одан кейінгі барлық кездерде жүйке жүйесінің іс- әрекетін 
зерттеулер жүйкенің әр түрлі тітіркендірулерге қайтаратын жауабы рефлекторлық қағида 
бойынша өтетініне көз жеткізе көрсетті. Психикалық іс әрекеттің рефлекторлық табиғатын 
И.М.Сеченов негіздеді. Рефлекторлық доға.Рефлекторлық жауаптың негізі - рефлекторлық 
доға- ол өзара әрекеттесуі рефлекторлық актіні іске асыру үшін қажет,арнайы ұйымдасқан жүйке 
элементтерінің жиынтығы.Рефлекторлық доға өзара синапстық қосылыстармен байланысқан
афферентті, орталық және эфферентті бөлімдерден тұрады(74сурет) Афференттік бөлімі барлық
рефлекторлық іс әрекет үшін қажет жүйкелік серпіліс-терді қалыптастыратын және орталық 
бағытқа қарай өткізетін жүйке элементтерінен тұрады. Афференттік серпілістердің пайда болуы 
арнайы рецепторлардың белсенуімен байланысты болғандықтан,тітіркенуі белгілі бір рефлексті 
туындататын рецепторлар жинағын рефлекстің рецептивті алаңы деп атайды. Бір түрлі 
рецепторларды тітіркендіру әрқашанда бірдей рефлекторлық жауап тудырмайды,бірінші 
афферентті нейрондар бойымен серпілістердің қандай орталық құрылымдарға түсетініне 
байланысты әр түрлі рефлекстер болуы мүмкін. Одан басқа, бір рефлекстің рецептивті алаңында 
қызметтері әр түрлі рецепторлар болуы мүмкін. Мысалы: бүгу рефлексі терінің сипап сезу 
рецепторларын немесе ет рецепторларын тітіркендіргенде пайда болуы мүмкін. Афферентті 
жолдармен келетін жүйкелік серпілістер синапстық байланыстың көмегімен ОЖЖ әр түрлі 
нейрондарын белсендіреді. Рефлекторлық доға пайда болуы үшін қажет афферентті серпілстердің 
бір бөлігі жоғары өрлейтін жолдың нейрондарына қосылады және санаға әсер етеді. Дегенмен
көптеген рефлекстер сананың қатысуынсыз өтеді, өйткені олар іске асуы үшін қыртыс асты 
құрылым-дарының қатысуы жеткілікті болады. Тек, сондықтан ғана, рефлекторлық актілер ОЖЖ 
үлкен бөліктері зақымдалуында да сақталып қалады. Рефлекторлық іс әрекет жұлынның бір жеке 
сегментін бөліп алып және жасанды жолмен перфузияланған кезде де орындалады. Мидың
құрылысы және қызметтері жайында қазіргі кездегі көзқарастың негізіне Ораталық жүйке 
жүйесін өзара жүйке элементтерімен – нейрондармен синапстық байланысқан жиынтығы деп 
қарастыратын нейрондық теория жатады. Дегенмен, басқа ештеңеге қарамастан, миды құратын 
жүйке жасушалары біртұтас ерекше ұйымдасқан тор, ОЖЖ күрделілігі соншалық,тіпті оның 
қызметтік қасиеттерін таладу үшін барлық миды оның макроқұрылымына, дамуына, қызметтеріне 



нейрондық ұйымдасуына қарай бірнеше аймаққа немесе бөлікке бөледі. Мұндай бөлу белгілі бір 
өлшемде шартты болып келеді, өйткені мидың бір-бірінен алыс орналасқан әрбір
бөліктеріндеріндегі нейрондар (мысалы, қозғалыс қыртысының үлкен пирамидалы жасушалары 
және жұлынның мотонейрондары) бір-біріне жақың, бір аймақта орналасқан, бірақ әр түрлі 
физиологиялық жүйелерге жататын нейрондарға қарағанда өзара өте тығыз байланысқан болып 
келеді. Осыған қарамастан, ОЖЖ белгілі бір бөлімдерге бөлу нейрофизиологиялық талдау жасау 
үшін де, клиникалық мақсаттар үшін де өте тиімді. Әр түрлі жүйкелік құрылымдардың арнайы 
ерекшеліктерін және олардың өзара әрекеттесуінің заңдылықтарын анықтауды ОЖЖ жеке бөлімі 
қарастырады. ОЖЖ және оның құрамына кіретін бөлімдердің жобалық бейнесі Бұл жобада 
жалпы түрде жұлын, артқы ми(сопақша ми және Варолий көпірі немесе ми көпірімен қоса), 
ортаңғы ми, мишық,аралық ми (таламус және гипоталамус) және алдыңғы ми (қыртыс асты 
ядролардың стриопаллидарды жүйесі және үлкен жарты шарлар қыртысы) көрсетілген.
Жұлын – жануарлардың орталық жүйке жүйесінің ең көне бөлімі,ол ең қарапайымдыларға 
жататын- ланцетникте- бас миы қалыптасуына дейін болған. Сондықтан, ОЖЖ басқа бөлімдеріне 
қарағанда метамерлік құрылымымен көрінетін ежелгі ұйымдасу бейнесін сақтаған. Жұлын ОЖЖ
ең шеткері бөлімі болып табылады. Ол омыртқа арнасында орналасқан және омыртқалылардың әр 
түрлі өкілдерінде ұзындықтары әр түрлі болады. Балықтарда, құйрықты амфибияларда, 
рептийлерде және құстарда ол омыртқа арнасының бойын толық толтырады,ал құйрықсыз 
амфибияларда және сүтқоректі-лерде тек оның бөлігін ғана толтырады. Сондықтан, омыртқа 
арнасының шеткері бөлімінде жұлынның шеткері сегментінің түбіршіктері жиналып, «ат 
құйрығы» деп аталатын құрылым құрады. 
Ортаңғы ми, сопақша ми және ми көпірі (Варолий көпір)сияқты ми бағанының құрылымына
жатады. Ол көлемі бойынша,ми бағанының салыстырмалы шамалы бөлігін ғана алып 
жатыр.Оның құрамына кіретін құрылымдар, эволюциялық даму барысында, артық ми
құрылымдарына қарағанда, көптеген өзгерістерге ұшыраған. 
Мишық-сопақша ми және ми көпірінің үстіңгі жағында, үлкен жарты шарлардың артқы жағында 
орналасқан құрылым.Эволюциялық дамудың өте көне құрылымы. Алғаш рет мишық дөңгелек 
ауыздыларда пайда болған және қозғалысты үйлестіру қызметінің ұқсастығы сақталып 
қалған(балықтардан 
адамдарға 
дейін).Сүтқоректілерде 
және 
адамдарда 
мишықтың 
физиологиялық мәні арта түседі, ал оның нейрондық ұйымдасуы және жекелеген жүйкелік 
элементтерінің құрылысы өте күрелі болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет