II. Химиялық құрамына сәйкес гормондарды 3 топқа бөлуге болады:
1. Амин қышқылдарының туындылары. Мысалы, адреналин, норадреналин, дофамин,
тироксин – тирозиннiң, гистамин – гистидиннiң, серотонин – триптофанның
туындылары.
2. Табиғаты ақуыздық, пептидтiк гормондар. Инсулин – 51 амин қышқылынан тұратын
А және В полипептид. Эндорфиндер және энкефалиндер, нейропептидтер т.с.с.
3. Стероидтық гормондар. Бұлар холестериннен синтезделедi (кортизол, эстрадиол,
альдостерон).
III. Биологиялық қызметiне сәйкес:
1. Көмiрсу, май, ақуыздардың алмасуын реттеуге қатысатын гормондар (инсулин,
глюкагон, адреналин, кортизол, тироксин т.б.).
2. Тұз және су алмасуына қатысатын гормондар (альдестерон, вазопрессин).
65
3. Кальций және фосфат алмасуына қатысатын (парагормон, кальцитонин).
4. Көбею, бөлiну сияқты репродуктивтiк қызметке қатысатын гормондар. Эстрадиол,
прогестерон, тестостерон.
5. Эндокриндiк бездердегi гормондардың синтезiне және секрециясын реттеушi
гормондар (троптық гормондар, гипоталамустың либериндерi мен статиндерi).
6. Гормондардың синтезi жүретiн жерлердегi метаболизмдi реттеуге қатысатын
гормондар (простогландиндер, гистамин, соматомедин, секретин гастрин т.б.).
VI. Нысана-жасушаға сигналдарды жеткiзу механизмi бойынша:
Орталық жүйке жүйесiнен алынған сигналдарды мембраналық рецепторлар арқылы
жеткiзу (пептидтiк гормондар, адреналин т.б.). Жасушаға орталық жүйке жүйесiнiң
сигналы цитоплазмалық рецепторлар арқылы жеткiзiледi.
Гормондар деп ағзаның дамуы мен заттар алмасуының реттелуіне қатысатын және қан
немесе лимфаға бөлінетін, безді жасушаларда түзілетін заттарды айтады.
Оларға тән қасиеттер: 1) әсер етудің дистанттылығы; 2) биологиялық әсердің қатаң
талғамдылығы; 3) жоғарғы биологиялық белсенділік.
Гипоталамуста нейропептидтер 1/ нейрогормондар – либериндер, үдетушiлер; 2/
нейрогормондар – статиндер, тежеушiлер синтезделедi:.
Соматостатин - өсу гормонының синтезiн тежеушi. Соматолиберин – керiсiнше
синтездi өсiрушi, үдетушi. Кортиколиберин – кортикотроптық гормондардың синтезiн
жылдамдатады.Гормондар қан арқылы орталық жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді.
Өз кезегінде ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде орталық жүйке жүйесі, оның
аралық мида орналасқан аймағы (гипоталамус) маңызды рөл атқарады. Гипоталамус
гипофиздің қызметін, ал гипофиз барлық ішкі секреция бездерінің әрекетін реттейді.
Осымен байланысты бұл екі құрылымды күрделі нейроэндокриндік кешен –
гипоталамус-гипофиз жүйеге біріктіреді.
Қалқанша безі
- без мойынның көмекей шеміршектерінде орналасқан. Жылқыда,
күйістілер мен жыртқыштарда қалқан безі екеу, ал шошқа мен адамда – біреу болады.
Бездің сыртында дәнекер ұлпадан тұратын қабы бар. Без коллоидты заттан, бас және
күңгірт жасушалардан құралған. Қалқан безі төрт гормон бөліп шығарады: 1- тироксин
және тетрайодтиронин; 2- трийодтиронин; 3- дийодтиронин; 4—тиреокальцитонин.
Бұл гормондар заттар алмасудағы әсер етіп белоктар алмасуын 20-35 пайызға
жоғарылатып, малдың жүні мен құстың қауырсынының өсуін жылдамдатып, ағзаның
өсуі мен дамуына әсер етеді.
|