1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1



Pdf көрінісі
бет125/128
Дата14.04.2022
өлшемі1,44 Mb.
#139186
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Байланысты:
2 5375107474514778464

Қалқанша серік бездер.
Қалқанша бездің арт жағын ала, оған жабыса орналасқан 
кішкентай құрылымдар. Олар 3-4 желбезек қапшықтарынан дамиды да, балықтан 
басқа омыртқалы жануарлардың барлығында кездеседі. Без негізгі және оксифильдік 
жасушалардан құралған. Негізгі жасушалар секрециялық қызмет атқарып, гликоген 
жинақтайды.1926 жылы Коллип қалқанша серік бездерінің сығындысынан қан 
құрамындағы кальций деңгейін жоғарылататын зат бөліп, оны паратгормон деп атаған. 
1962 жылы Копп без сығындысынан екінші гормон – кальцитонинді бөлген. 
Паратгормон молекулалық массасы 9500-ге тең, үш фракциясы бар полипептид. 
Сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белоктармен, фосфаттармен 
қосылыстар түзуін тездетеді, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңілдетіп, 
қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады. Сонымен қатар, паратгормон 
бүйректе кальцийдің кері сорылуын, ішек энтероциттерінің кальцийді тасымалдауын 
жеңілдетеді.Кальцитонин табиғаты жағынан жалғыз тізбекті полипептидке жатады. 
Қан құрамындағы кальций деңгейін төмендетеді. Ол остеоциттерден қанға кальцийдің 
шайылуын бәсеңдетеді, демек оның әсері паратгормонға қарсы бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет