Айырша без (тимус). Көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі тамырлардың
вентральдық бетін ала орналасқан, бір-бірімен дәнекер ұлпамен жабысқан екі бөліктен
тұратын без. Айырша без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп дамиды да, одан
кейін өз қызметін тоқтатып, инволюция (кері даму) процесіне ұшырайды. Бұл - әр
түрлі қызмет атқаратын күрделі мүше. Оның ретикулярлы жасушалары тимозин
гормонын түзеді. Айырша без бүкіл лимфалық жүйенің дамуына әсер етеді, сүйектің
қатаюын, ағзаның өсіп-жетілуін реттейді. Бұл безде лимфоциттер жіктеледі, қанның
діңгектік жасушаларының беткейлік құрылымы өзгеріп, олар ұлпалық қорғаныс
реакцияларында маңызды рөл атқаратын Т-лимфоциттерге айналады.