1. Қоса беріліп отырған


Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі



бет14/29
Дата03.04.2023
өлшемі203,5 Kb.
#173636
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
v2000020317.16-09-2021.kaz

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Педагогтер құжаттарды қағаз және/немесе (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда) электрондық форматта толтырады.
1. Жалпы білім беретін, арнайы пәндердің оқытушысы, өндірістік оқыту шебері:
күн сайын сабақ кестесі мен оқу процесінің кестесіне сәйкес:
1) оқу сабағының жоспарын (теориялық немесе өндірістік оқыту) (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) теориялық оқытуды есепке алу журналын, жеке сабақтарды есепке алу журналын, өндірістік оқытуды есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық форматта) әзірлейді/жүргізеді.
білім алушыларды аралық аттестаттау/білім алушыларды кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша аралық аттестаттау кезінде:
1) емтихан ведомосын (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта);
2) емтихан ведомосын (білім алушыларды кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша аралық аттестаттау үшін) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден шығару арқылы электрондық форматта) толтырады.
оқу жылының басында жылына бір рет:
пән/модуль/өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасын (қағаз немесе электрондық форматта) әзірлейді.
2. Оқу тобының жетекшісі (куратор):
оқу жылының басында жылына бір рет:
топтың оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарын (қағаз немесе электрондық форматта) әзірлейді.
3. Әлеуметтік педагог:
ай сайын, оқу жылы ішінде:
девиантты мінез-құлықты білім алушыларды есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізеді;
оқу жылының басында жылына бір рет:
әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
4. Жатақхана тәрбиешісі:
оқу жылының басында жылына бір рет:
жатақхана тәрбиешісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
5. Оқу бөлімінің меңгерушісі:
ай сайын:
педагог жұмысының әрбір айға арналған оқу уақытын есепке алу ведомосін (сағатпен және (немесе) кредитпен) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта) толтырады;
оқу жылы ішінде қажет болған жағдайда:
1) білім алушылар контингенті бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабын (қағаз және/немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) білім алушылардың атаулы кітабын (қағаз және/немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта);
3) академиялық анықтама беру кітабын (қағаз және/немесе электрондық word немесе pdf форматында);
4) дипломдардың телнұсқаларын беру кітабын (қағаз және/немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізеді.
оқу жылының басында жылына бір рет:
1) білім алушының үлгерім кітапшасын (қағаз және/немесе электрондық word немесе pdf форматта);
2) білім алушының студенттік билетін ресімдеуді ұйымдастырады.
оқу жылының аяғында жылына бір рет:
1) диплом бланкілерін есепке алу журналын;
2) диплом беру кітабын (қағаз және/немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта) толтырады.
6. Бөлім меңгерушісі:
оқу жылының басында жылына бір рет:
бөлім меңгерушісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлейді.
7. Басшының оқу, оқу-әдістемелік немесе оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
оқу жылының басында жылына бір рет:
1) педагогикалық кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) оқу жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
3) педагогтердің тарификациялық тізімін (қағаз және/немесе электрондық форматта);
4) оқу жылына арналған (қызмет бағыттары бойынша) жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
5) оқу жылына арналған колледжішілік бақылау жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
оқу жылының аяғында жылына бір рет:
педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосын (сағатпен және (немесе) кредитпен) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта) толтырады.
8. Басшының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары:
оқу жылының басында жылына бір рет:
1) оқу жылына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) оқытушылардың кәсіби өсуі үшін даярлау және біліктілікті арттыру жоспарын әзірлейді.
9. Басшының тәрбие немесе оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
оқу жылының басында жылына бір рет:
оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
10. Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары:
оқу жылының басында жылына бір рет:
оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесін ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді.
11. Басшы (директор):
оқу жылы басталғанға дейін бір рет:
(қызмет бағыттары бойынша) жұмыс жоспарын, колледжішілік бақылау жоспарын, оқу жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматтарында) бекітеді.
Педагогикалық және әдістемелік кеңестердің хаттамалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларына сәйкес (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматтарында) жүргізіледі.
Педагогикалық кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4993 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларында айқындалған.
Әдістемелік кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5090 болып тіркелген) Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесінде айқындалған.




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№130 бұйрығына 4-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет