1. Отбасын педагогикалық психологиялық сүйемелдеу курсының негізгі ұғымы



бет11/37
Дата06.02.2023
өлшемі99,96 Kb.
#167642
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
пед псих эссе

5.ОТбасының негізгі қызметтері
Отбасы-тәрбиенің бастауы. Әр сәби тұлға болып қалыптасарда 3 кезеңнен өтеді деп ойлаймын. Алғашқысы отбасынан, екіншісі мектеп, жоғарғы оқу орны қабырғасынан, соңғысы өскен ортасынан яки достарынан алатын тәлім-тәрбие.
Бала отбасынан тәрбие алғанда көппен бірге өсті болып емес, арнайы тәртіппен, қағидалармен өсуі керек деп білемін. Әйтпесе, кей кішкене балалар секілді ата-анасына, үлкендерге боқтағанына, сенсіреп сөйлегеніне мәз болып жүреді.
Сонымен, отбасылық тәрбиедегі қағидаларды жүйелеп өтейік:
Бірінші, балаға сөзбен емес, әрекетпен үлгі көрсету керек. Бала айтқаныңды емес, істегеніңді істейді. Балаға ешқашан өтірік айтпа деп алып, өзі қоңырау шалынғанда "мені жоқ дей салшы" деп отыруы дұрыс емес.
Екінші, "таспен атқанды аспен ат" деп үйрету. "Біреу бір ұрса, сен екі ұр" деп ақыл беретін әкелер көп. Солай есіріп өскен балаңыз кейін біреуді жазым қылып, түрмеге түссе, не өзі бір зиянға ұшыраса риза боласыз ба?!
Үшіншіден, баланы білім алуға баулып, кітап оқуға құмар ету. Білім алу-заман талабы. Баласының сабақ үлгеріміне ұқыпты қарап, өзі қызыққан одан кейін үлгерімі төмен пәндеріне қосымша дайындық курстарына оқытса, нұр үстіне нұр.
Төртінші, баланы ашық, бауырмал болуға баулу. Алған білімін, дүниесін қойнына тықпай, бөлісе жүрсе, байлығы да, дүниесі де, сауабы да еселенері анық.
Бесінші, "уайымға салынба, өкпелеме, өш алма" деп үйрету. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылдатуға үйрету керек. Сары уайымға салына бермей, тез шешім қабылдауы керек. Өйткені "тәуекел түбі жел қайық - жүзесің де өтесің,
Уайым түбі тұңғиық- батасың да кетесің" деген аталы сөз бар емес пе?!
Алтыншы, құмар ойын, спиртті ішімдіктер, шылым секілді зиянды дүниелермен әуестендірмеу, олардан жирендіру. Құмар ойын- әлсіздің әдеті. Мықтының рухы биік, санасы шымыр болатынын санасына құю.
Жетінші, күн сайын өзінен есеп алуға әдеттендіру. Ол арқылы жақсылығын асырып, жамандығын жасыра алады. Өзінің кемел нұсқасына жете алады.
Міне, осы жеті қағиданы ұстану арқылы баланы отбасы мектебінен өте жоғары деңгейде тәрбиелеп шығаруға болады деген ойдамын. Осы 7 қасиетті бойына сіңірген бала болашақ ұлы тұлға болары айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет