1. Отбасын педагогикалық психологиялық сүйемелдеу курсының негізгі ұғымы


Отбасында тәрбиелеудің ізгілендіру ұстанымы



бет17/37
Дата06.02.2023
өлшемі99,96 Kb.
#167642
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
пед псих эссе

14 Отбасында тәрбиелеудің ізгілендіру ұстанымы
Ізгілік-адамның жасампаздығын, қайсарлығы мен мейірбандығын,намысын,арын,жауапкершілігі мен адамның құқын, өмірге деген құштарлығын-адамның адамгершілік қасиетін ұлықтайтын идея. «Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деп бекер айтылмаған. Осылай біз балаға өз бойымыздағы асыл қасиеттерді, ізгі қасиеттерді дарытуымыз керек.Балаларға да айтар кеңесім ата-ана берген қасиеттерді сіңіріп,босқа кетірмегеніміз жөн. Ізгілікпен жасалған әр қадамың сені жақсылыққа жеткізеді. Оны өз пайдаңа емес, адамдардың жүзінен күлкі көру үшін жаса. Меніңше ізгілік тәрбие беру жолындағы ең басты құндылық. Сол себептіден ата-ана бұл нәрсеге басты назар қойғаны дұрыс.

Тәрбиенің бірізділігі мен үздіксіздігі ұстанымы
Жалпы бала тәрбиесі қазіргі уақыттағы көп таралған мәселелердің бірі. Көп ата-аналар осы жағдайда қателесіп жатады. Бала тәрбиелеу кезінде баланың ситуациясына кіріп, ақыл-кеңес беруіміз керек. Қазіргі таңда көп орын алып жатқан промбелаларды айта кетсем. Ата-ана тұңғышына жақсы көңіл бөліп, барынша жақсы тәрбие беруге тырысады. Ал кейін кенже баласына назары қатты ауып, үлкеніне жеткілікті дұрыс тәрбие берілмей қалу сөзсіз қоғамда болып жатқан дүние. Осы уақытта жас отбасы, тәрбиенің бірізділігі мен үздіксіздігін ұстануын қалар едім. Кішкентай балаға ғана емес, үйдің тұңғышынада көңіл бөліп, оның болашағы, психикасы туралы ойланып тәрбие беруді тоқтатып қалмау керек.
Қазіргі заманғы отбасының проблемалары
Отбасы – шағын мемлекет. Отбасы деп – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы неке негізінде құрылған әлеуметтік топ. Отбасындағы ата – ананың міндеті – бала туып, оны қоғамға қажетті, рухани жан – жақты бай тұлға етіп тәрбиелеу болып табылады. Отбасы – ұлттың тірегі. Тірегі мықты елді жау алмайды. Бала – сол діңгектің өзегі. Болашақ ұлттың мүддесі.
​Негізінен отбасы сыйластықтан, мейіріміліктен, сүйіспеншіліктен құрылған шағын мемлекет. Сол шағын мемлекетте қазіргі таңда айрандай ұйыған отбасы көңілдерін солғын тартып, шағын мемлекетке дақ түсіп, отбасы ортасына түскен отбасы қаншама. Қазіргі кездегі отбасының ажырауы, балалардың жетім қалуы тек өздерін ғана емес, барлық мемлекетке келген проблема. Әр адам, отбасын құрғанда ажырасамын, балам жетім қалады деген оймен отбасын құрмайды. Дегенмен, отбасын құтылудың негізгі жолы, асықпай шешім қабылдап, болашағына үмітпен қарап, шешім шығарған дұрыс деп ойлаймын. Әрбір отбасының асыл ұясы – отбасы. Отбасының толыққанды болуы, отбасының толық болуы, әр халықтың әл-ауқатының көрсеткіші деп ойлаймын. Себебі, сол елдің отбасының әл-ауқаты жақсы болса, ұрыс-керіс, жанжал, баланың жетім қалуы т.б.проблема болмайды. Сондықтан да ең бастысы әлеуметтік жағдайдың дұрыстығы, материалдық жағдайдың толық болуы шарт деп білемін. Әл – ауқаты қамданған, проблемасы жоқ отбасы, тек отбасының сыйластығы мен тұтастығын ойлайды. Сол ынтымақтастық пен тұтастықты ойлаған отбасы ештеңеден таршылық көрмей, бақытты өмір сүретіні хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет