Студент істей білу керек:
өздерінің игерген теориялық және практикалық білімдері негізінде Қазақстан Республикасының ТМД елдері және дүние жүзі картасындағы экономикалық- географиялық орнына сипаттама беру;
облыс және аудан халықтарының орналасу тығыздығы мен демографиялық даму мәселелеріне талдау жасау;
өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және басқа салаларының мамандануы мен өндірістік өнім көрсеткіштерін анықтау, басты өнеркәсіп орталықтарын картадан көрсетіп беру;
экономикалық аудандарға экономикалық- географиялық тұрғыдан сипаттама беріп, оларды өзара салыстыра білу;
басқа аудандар немесе елдермен болған экономикалық қатынастарына баға беріп, оның даму болашағын тұжырымдау.
5. Пәннің тақырыптық жоспары
№ п/п
|
5.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
Тақырып атаулары
|
Сағаттар саны
|
Дәріс
|
Тәж.
|
Зерт.
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе
|
0,5
|
-
|
-
|
1
|
2
|
Табиғат жағдайы мен табиғи ресурстары
|
1
|
1
|
2
|
5
|
3
|
Табиғи жағдайдың халықтың тіршілік әрекетіне әсері
|
0,5
|
-
|
-
|
5
|
4
|
Жер ресурстары
|
0,5
|
1
|
2
|
5
|
5
|
Минералдық-шикізат ресурстары
|
0,5
|
1
|
-
|
5
|
6
|
Орман ресурстары
|
0,5
|
1
|
2
|
4
|
7
|
Су ресурстары
|
0,5
|
1
|
2
|
4,5
|
8
|
Қазақстан Республикасының халқы
|
1
|
2
|
2
|
5
|
9
|
Қазақстан Республикасының шаруашылық салаларының құрылымы мен географиясы.
|
1
|
2
|
2
|
5
|
10
|
Көлік жүйесі: құрылымы, негізгі көрсеткіштері, даму динамикасы
|
1
|
2
|
-
|
5
|
11
|
Өндірістік емес салаларының географиясы
|
1
|
2
|
-
|
5
|
12
|
Экономиканың ғаламдану жағдайындағы сыртқы экономикалық байланыстар географиясы
|
1
|
2
|
-
|
5
|
13
|
Қазақстан Республикасы Экономикалық аудандарының географиясы мен аймақтық даму мәселелері
|
1
|
2,5
|
5
|
3
|
14
|
Батыс Қазақстан экономикалық географиялық ауданы
|
1
|
1
|
-
|
5
|
15
|
Солтүстік Қазақстан экономикалық-географиялық ауданы
|
1
|
1
|
-
|
5
|
16
|
Орталық Қазақстан экономикалық-географиялық ауданы
|
1
|
1
|
-
|
5
|
17
|
Оңтүстік Қазақстан экономикалық-географиялық ауданы
|
1
|
1
|
-
|
5
|
18
|
Шығыс Қазақстан экономикалық-географиялық ауданы
|
1
|
1
|
-
|
5
|
|
Барлығы: 135
|
15
|
22,5
|
15
|
82,5
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
№ 1 тақырып. Кіріспе.
Жоспар:
1 Қазақстан және дүние жүзі
2 Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы
3 Экономикалық-географиялық жағдайы
4 Табиғи-ресурстық әлует
|
Қазақстан ең ірі әрі халық көп қоныстанған құрлық - Еуразияның ортасында орналасқан. Біздің құрлықта жер шарындағы мемлекеттердің жартысы орналасқан. Мұнда адамзаттың 2/3 және әлемдік экономиканың 3/5 бөлігі шоғырланған. Аумағы жөнінен алып мемлекеттер (Ресей, Қытай), халық саны ең көп мемлекеттер (Қытай, Үндістан) және экономикасы аса қуатты елдер де (Жапония, Қытай, Германия) осы құрлықта. Еуразияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мен ЕуроОдак (ЕО) орналасқан.
Қазақстан саяси-географиялығы аймағы - Орталық Азия. Ол 5 мемлекетті біріктіреді.
Аймақтағы шет елдерде 1,5 млн этникалық қазақтар тұрады. Еліміздің шекарасының 14-і осы елдерге сәйкес келеді. Олар саудадағы, табиғи қорларды бірлесіп пайдаланудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды серіктестер болып табылады.
Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы
Жер көлемі бойынша (2 724,9 мың км2) Қазақстан әлемде 9-орын алады. Жер көлемінің ірі болуы - Қазақстанның басты артықшылығы болып саналады. Қазақстан әр алуан табиғи байлықтарымен де ерекшеленеді.
Бірақ үлкен аумақты игеру көп күш жұмсауды да қажет етеді. Алыс жақтарға жүк тасымалдау өнім бағасын қымбаттатады. Көлік жолдарын салу, табиғи қорларды игеру өте қымбатқа түседі. Көп жағдайда жұмсалған шығын тұтас салалар шығаратын өнім көлемінен асып кетеді.
Қазақстанда аумақты ұйымдастырудың үш буынды жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне 14 облыс жатады. Облыстар аудандарға, аудандар - округтерге бөлінген. Облыс, аудан, округ әкімшілік-аумақтық құрылымның үш басты буыны болып табылады. Бұдан басқа, аумақтық бірліктерге қалалар жатады. Олардың ішінде ерекше орын алатындар - республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалары.
Астана - мемлекетіміздің саяси орталығы, оның «визит карточкасы» тәрізді. Ол басты біріктіруші қызметті атқарады. Іскерлік белсенділік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде Астананың маңызы күн санап артуда.
Достарыңызбен бөлісу: |