Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе, Өндірістің техникалық-экономикалық негіздері
Постреквизиттер: Жер кадастры, Басқарудың географиялық негіздері, Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы, ТМД елдерінің экономикалық географиясы, Географиялық зерттеулер әдістемесі
2. Оқытушы жөнінде ақпарат:
География магистрі, аға оқытушы
Какежанова Шынар Казболатовна
География және туризм кафедрасы
Тел. (ішкі 1277)
Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313а
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге Қазақстан Республикасының шаруашылығы мен халқының территориялық тұрғыдан ұйымдастырылуының негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтап, қазіргі кезеңде және алдағы уақытта Республика аудандарының әлеуметтік - экономикалық даму проблемалары жайында толық түсініктеме ұғым беру болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері: - бағдарламаның бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының табиғи – ресурстық және әлеуметтік – демографиялық потенциялының әлемдегі орнымен оның экономикасының нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты шаруашылығындағы құрылымдық өзгерістер туралы ұғым беру;
сонымен қатар экономиканың әртүрлі салаларында салалық кешендердің дамуы мен орналасу ерекшелігін талдау;
бағдарламаның екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының бұрыннан қалыптасқан экономикалық- географиялық аудандары мен олардың шаруашылығының өтпелі және нарықтық қатынас жағдайындағы әлеуметтік –экономикалық дамуының негізгі проблемалары туралы түсініктеме беру.
4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар Студент білу керек:
Қазақстан Республикасының географиялық орны, көршілес елдері, табиғат жағдайы мен табиғи ресурстары сондай- ақ халқы және еңбек ресурстары, әрі олардың орналасу ерекшеліктерін;
Республика шаруашылығының даму тарихы мен аумақтық орналасу ұстанымдары, сондай-ақ олардың салааралық және аймақтық байланыстарын;
экономикалық аудандар географиясы мен сыртқы экономикалық байланыстарын;
нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және геосаяси мәселерін.