Су көліктері негізінен құрал-жабдық ты көп қажет етпейтін табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жұмсалады (1 т жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың езіндік құны да темен. Су көлігі теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Теңіздік кеме қатынасы бар жалғыз аудан - Каспий теңізінің шеткі ЭГЖ теңіз көлігінің негізгі міндетін - сыртқы сауда байланысын жүргізуді анықтап берді. Сондықтан негізгі жүк тасымалы шетелдік болып табылады. Каботаждық тасымал (еліміздің порттарының арасында) аздау, дегенмен, онда да есу байқалады.
Теңіз көлігі - ең жас әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі. Еліміз өз флотын жаңадан құрды. Қазірдің езінде онда казіргі заманғы танкерлер («Астана», «Алматы», «Абай»), ездігінен жүретін баржалар, мұзжарғыш буксирлер бар. Елдің басты теніз «қақпасы» - қатпайтын Ақтау сауда порты. Жүк тасымалы бойынша (жылына 10 млн т) - ол Каспий бойындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Жүктің басым бөлігін мұнай (85%), прокат және астық құрайды. Паром өткелдері Ақтау қаласын Ресей мен Өзірбайжанның порттарымен байланыстырады. Құрық қойнауында жаңа порт салынып жатыр. Ол теңізде таяу уақыттарда пайда болатын (30-60 мың т) ірі танкерлерді қабылдайтын болады. Үшінші, Баутино порты теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамып келеді.
Өзен көлігі табиғат жағдайларына көбірек тәуелді. Онымен асықпай жеткізілетін, жаппай тасымалданатын жүктер кемір, мұнай өнімдері, ағаш, астық, құрылыс материалдарын тасымалдауға өзен көлігі қолайлы. Әзірше олардың көлемі онша көп емес. Бұл транспорттың географиялық жұмыстарын екі кәлдік алаптар анықтайды.
Әуе көлігі - ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгі мамандануы - алыс кашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді.
Қазақстандағы әуе тасымалын бірнеше авиакомпаниялар («СКАТ», «Атырау әуе жолы», «Көкшетау» және т.б.) орындайды. Олардың ішіндегі ең ірісі - «Эйр Астана», ұлттық «авиа тасымалдаушы» компаниясы.
Ол ондаған халықаралық және ішкі бағыттарға қызмет көрсетеді. Оның әуе лайнерлері Ресейге, Қытайға, Германия мен Үндістанға ұшады. «Эйр Астана» республика әуе жолаушыларының 3/5-ын тасымалдайды.
Елдің ең басты «Әуе айлағы» - Астана (жолаушылардың 3/4- нен астамы). Қазіргі заманғы халықаралық әуежай Астанада салынған.
Байланыс. Коммуникациялық жүйенің бұл буыны пошта байланысы мен телекоммуникацияны біріктіреді. Оның негізгі міндеті - келемі мен маңызы жылдам әсіп отыратын ыр алуан ақпараттарды беру. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы - пошта байланысы - бұл ертеден келе жатқан сала.
Қазіргі телекоммуникациялық байланыс түрлері «жуан сөмке арқалаған» пошташыны ығыстыра бастады. Олар бірнеше бағытта қарқындап дамып келеді. Оптикалық-талшықты желілердің құрылуы халықты телефонмен камту деңгейін көтереді. Спутниктік телеарналар мен бүкіл әлемдік интернет желісін пайдаланудың маңызы зор.
Сонымен, қоғамның өмір сүруі қалыптасқан инфрақұрылымыз мүмкін емес. Онда коммуникациялық жүйе - көлік пен байланыс маңызды рөл атқарады. Әдебиеттер тізімі:(1, 4.) № 11 Тақырып Өндірістік емес салаларының географиясы