1. Оқу пәнінің паспорты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы



бет11/29
Дата05.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#180259
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
Каз экон геог кыскаша лекция

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
9 Тақырып Қазақстан Республикасының шаруашылық салаларының құрылымы мен географиясы.
Жоспар:
1 Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика
2 Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар - салалар - салааралық кешендер
3 Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері
4 Қазақстан әлемдік экономикада
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы. Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнер-кәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады.
Сонымен, шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен қамтамасыз ету.
Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет керсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады. Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі - ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі ендірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан баска заңмен шектелмейтін нарық құбылысы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың кауіпсіздігі, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалармен қатар, көп жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды. Біздің еліміздің мемлекеттік секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс күшінің 1/4 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық кірістің 15%-ы жасалады. Бұл - дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер сияқты, Қазақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша жүмыс істейді. Мемлекет еркін бәсекелестікті қолдай, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды. Шаруашылықтың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған жене тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Ол Қазақстан экономикасының 20%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен қоғамға үлкен зиянын тигізеді.
Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар - салалар - салааралық кешендер
Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар — экономикалық «құрылыстың» өзіндік «кірпіштері» болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.
Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.
Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.
Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады.
Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау — медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.
Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі.
Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі.
Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды. Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.
Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді баскару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет