1. Оқу пәнінің паспорты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы



бет7/29
Дата05.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#180259
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Каз экон геог кыскаша лекция
ЖОО --МӨЖ, 4-лекция, 13 билет ресурс кз, Кымбат Метеорология (каз), Оқу бағдарлама Дүние жүз саяси экон.әлеу. геогр - копия, ландшафттану Байсеркеева Л
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
4 Тақырып. Жер ресурстары
Жоспар:

  1. Жер ресурстарын тиімді пайдалану

  2. Жер ресурстарын қорғау мәселелері

Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады – жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты  немесе әдебиетте жиі айтылатын « топырақ–климаттық ресурстары» ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар дұрыс емес деп есептейді.
А.А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез–келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір–бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке бір дақыл егудің экологиялық тімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы 2001 жылдың 1 қаңтарында 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Ландшафтардың шөлге айналуы. Шөлді экожүйелердің жоғарғы температурада дамуы қазіргі уақыттың глобальды проблемасы. Шөлге айналу себептері: табиғи және антропогендік . Қазақстанда шөлдер мен шөлейттердің биологиялық өнімділігінің кему себептері антропогендік әрекет: жайылымдар дигродациясы,топырақтың тұздануы , техногенез болып табылады. Қазақстан территориясының 60% жуығы шөлге айналу процестерін өткеруде.
Топырақ жер ресурстарының дегредациясы.Топырақ жер ресурстарын қорғау проблемасы Жердің көптеген региондары үшін актуалды болып табылады. Қазақстанда Солтүстік Қазақстан далалық зоналарының топырақ эрозиясы мен дегулификациясы (өнімділіктің кемуі) неғұрлым үлкен қауіп төндіруде.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
5 Тақырып Минералдық-шикізат ресурстары
Жоспар:

  1. Қазақстанның минералды-шикізат базасы

  2. Минералды ресурстарды тиімді пайдалану

  Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногы­ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай: алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады – қа­ра металлургия және түсті метал­лургия:
– қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферро­құймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;
– түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды.
Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай –газ конденсаты, 6 мұнай –газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 трлн. текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% өндіріледі. Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау – кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т – ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда).
Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтуге болады. Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс рудаларын алтын, фосфориттер, құрылыс тастары, мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3,4.)


6 Тақырып Орман ресурстары
Жоспар:

  1. Орман қоры

  2. Орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктері

  3. Орман шаруашылығы жұмыстары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет