1. Оқу пәнінің паспорты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы



бет10/29
Дата05.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#180259
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
Каз экон геог кыскаша лекция

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)
8 Тақырып Қазақстан Республикасының халқы
Жоспар:

  1. ҚР халқы

  2. Ұлттық құрамы

2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын.
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.
2006 жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.
Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.
Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.
Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.
Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.
Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет