Құрлық көлігі - біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес.
Темір жолдар Қазақстанда XIX ғасыр аяғында пайда болды. Оның аумағынан тұңғыш ірі жол - Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистральдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір, Трансқазақстан және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір мен Оңтүстік Сібір бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар» келіп тоғысады. Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді.
Автомагистральдардың жалпы ұзындығы 93 мың километрдей. Елдегі жол желісі әр түрлі. Ол негізінен темір жолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиі болып келетін аймақ - Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз.
Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын келік құралына айналды (2008 ж. - 3,2 млн астам бірлік) ал автокөлік жүк (3/4) және жолаушы (99%) тасымалының талассыз кешбасшысы болып табылады.
Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері - құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді. Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болыпкеледі, ал құрылысы кеп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде кеп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан құбыр жүйесі ең арзан келік түрі болып саналады.
Қазақстандағы құбыр жүйесі дамыған аймақ - Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент- Түркіменабад» газ құбыры желісі басып өтеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп косылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді.
Электрондық көлік әлектр қуатын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр қуатымен қамтамасыз етеді.