1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата10.12.2021
өлшемі97,02 Kb.
#78971
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
175815
Барлығы:  сағат

15

15

60

15

6 Дәріс сабақтарының мазмұны 

1-тақырып. Кіріспе.   Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс,

табиғаты.   Эстетикалық ойдың даму кезеңдері. Әдебиет теориясы мен

эстетикалық   ерте   кезеңі.   Орта   дәуір   және   қайта   өрлеу   дәуірінің

эстетикасы

Зерттеуге   тиіс   ғылыми   аялар   мен   проблемалар.   Әдебиет   қағидаларының

басқа әдебиеттану ғылымдарының нақты зерттеу жұмыстарына әдіснамалық

тұрғыдан   жетекшілігі.   Фольклортану   мен   әдебиеттану   арасындағы   ортақ

әдістемелер   мен   дара   ұстанымдар.   Әдебиет   теориясының   эстетикамен

тыңғыз байланысы. Әдебиет пен өнер - өмір шындығын тану, игеру, жемісі,

сұлулық   пен   әсемдік   мұраттарын   орнықтырушы.   Әдебиет   теориясы

қарастыратын нысанның молдығы, кеңдігі, ғылыми зерттеу тәсілдерінің жан-

жақтылығы.

Әдебиет   теориясы     жайлы  алғашқы  ұғымдар.   Көне  үнді,  шумер  елдерінің

мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы

сұлулыққа   қатысты   сезім,   пайымдар,   өлең   түзу   ережелері.   «Гильгамеш»

жырындағы   ерлік,   достық,   махаббат   идеялары.     Энкиду   бейнесінің

көшпенділер   эстетикасымен   тамырластығы.   Антикалық   дәуір

эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және объективті,

субъективті   идеализм.   Дүниетанымның   тарихи,   әлеуметтік,   философиялық

алғышарттары.     Соңғы   классика   дәуірі   және   Аристотель.   Поэзияның

табиғатқа еліктеуіштік қызметі.  Өнерде   нанымды құбылыстарды бейнелеу.

Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы.  Көркемдік танымның ғылыми

танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы

қабылдау   мәселелері.   Гораций   Флакк.   Пизондарға   арнау   атты   өлеңмен

жазылған   трактат.   Шығармадан   қарапайымдылықты   талап   ету.   Көлемдік

шектеу. Шынайылыққа және нанымдылыққа айрықша мән беру.



Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат

алуы.   Ерте   орта   ғасырда   өмір   сүрген   Аврелий   Августиннің   абсолютті

сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома

Аквинский.   Әсемдіктің   объективтілік   сипатын   мойындау.   Сұлулықты

анықтау  үшін қойылатын үш шарт: тұтастық, үйлесім, айқындық. Құдай -

абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы.

Андрон,   Беғазы-Дәндібай   мәдениеттерінің   бірі.   Қаңлы   жазуы.   Сақ-скиф

бейнелеу өнері.  VI-IX  ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын

«Күлтегін»,   «Тоныкөк»   жырларында,   X-XII   ғасырлар   әдебиетіндегі

М.Қашқаридің   «Диуани   лұғат   ат-түрік»,   Ж.Баласағұнның   «Құтадғу   біліг»,

А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпыадамдық асқақ сезім,

әсем   ой,   биік     әсер   көріністері.   Әбунасыр   әл-Фарабидің   өнер   саларының

теориясына   қосқан   үлесі.   Музыканың   ұлы   кітабы.   Әуеннің   үш   түрі.

Муызыкалық   қабілет.   Дарын.   Ұстаздық.   Батыс   Еуропадағы   ояну   дәуірінің

(ренессанс)   әдебиет   пен   өнердегі   іргелі   жаңалықтарға   бастауы.   Қоғам

өміріндегі алғышарттар. Адам тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет