1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі


-тақырып. Әдеби тұлға, орта, автор. Кейіпкер және көркем образ



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата10.12.2021
өлшемі97,02 Kb.
#78971
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
175815
5-тақырып. Әдеби тұлға, орта, автор. Кейіпкер және көркем образ.

Образ   және   архетип.   Шығарманы   пайымдау.   Шығарманы   қабылдау.

Автор   және   шығарма.   Әдеби   туынды.   Теориялық   поэтика   ұғымы.

Шығарма әлемі. Әлем және шығарма. 

Таңбалар   әлемі.  Таңбалар   қызметі.   Таңбадағы   мән.  Таңбалар   жүйесі.   Ф.де

Соссюр. Сөз-таңба. Шартты таңба. Ч.Пирс және семиотика. Көркем образдың

өзгермелігі мен көп мәнділігі. Жалпы және жекенің бірлігі. Эмоционалдық

пен

рационалдық.   Объективтілік   пен   субъективтіліктің   бірлігі.   Сана   және



ырықсыздық туралы К.Юнгтің ілімі. Ырықсыздықтың адам психикасындағы

объективті сипаты. Ұжымдық ырықсыздық. Архаикалық тәжірибе. Архетип

және   жеке   психиканың   даралығы.   Архетип   түрлері.   Сарын   ұғымы.

А.Веселовский,   В.Пропп,   Е.Мелетинский   пікірлері.   XIX-XX   ғғ.

романдарындағы   инициация   (шыңдалу)   рәсімінің   көріністері,   мифтік

желілер, образдық ой салыстырулары.  

Коммуникативтік   поэтиканың   маңызы.   Герменевтика-   гумантитарлық

ғылымдардың   методологиялық   негізі.   Түсіну   ұғымы.   Сөз,   өнер   сөзі.

Түсінудің кісіаралық сипаты. Интуитивті тану және интерпретация. Түсінудің

шарттылығы. Интерпретацияның (зерделу) таңдамалы және шығармашылық

қуаты. Оқырман және автор. Шығарманы зерделеу. Оқырманның дербестігі

мен   авторға   тәуелділігі.   Рецептивті   эстетика.   Оқырманның   шығарма

болмысына   қатыстылығы.   Оқырман   бейнесі.   Қиялдағы   оқырман,   адресат

тұжырымдамасы. Әдеби сынның ролі. Бұқаралық оқырман. Әдеби классика.




Бұқаралық   әдебиеттің   мағыналары.   Беллетристика   аталымы   туралы.

Эпигондықтың салдары. Автор мәртебесі: 1) реалды тұлға; 2) автор образы;

көркемдік   қызмет   субъектісі.   Шығармашылық   субъективтілік   көріністері.

Дара   авторлық   бастау   және   дәстүршілдік   сана.   Өнердегі   артистизм,   ойын

элементтері. Ойынның нәтижесі, рахат сезімі. Автордың жоғалуы – немесе

Автор және Скриптор. (Р. Барт). Оқырман белсенділігі

Нормативті және жалпы поэтика. Теориялық поэтиканың міндеттері. Тарихи

поэтика.   Көркем   шығармашылық   әлемінің   дискреттілігі   (үзілмелігі).   Өлең

дестелері   (цикл).  Прозадағы   іліктес  туындылар.  Фрагмент  немесе  бөліктің

дербес   сипаты.   Музыкадағы   сөз   мәтіндері,   поэма,   өлең,   әдеби   сындағы

эпизодтар.   Жарияланымдар,   ішінара   өзгерістер.   Форманың   үш   қыры.

Антикалық   риторика   мен   формалистер   көзқарасындағы   үндестік.   Көркем

мазмұнға   лайық   жаңа   терминдер,   оның   синтездік   қасиеті.   Шығарманың

көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-

әрекеті,   кейіптемесі,   психика   құбылыстары,   қоршаған   болмыс   фактілері

(заттар, интерьер, табиғат суреттері т.б). Психологизм. Адамның ішкі өмірін

кестелеу.   Қаһарман   пішіндемесінің   көркемдік   қызметі.   Тұрақты   кескін

белгілері.   Дәріптей   кестелеу.   Жанр   сипатымен   сабақтастық.   Статикалық,

динамикалық келбет нышандары. Кейіпкер сөздері. Диалог пен монологтың

эстетикалық   тұрғыдан   қажеттілігі.   Әр   түрлі   функционалдық   мағыналары.

Көркем   туындыдағы   заттар   әлемі.   Олардың   психологиялық   жағдай

тудырудағы   ролі.   Дүние,   мүлік,   жиһаздың   поэтикалық   астары,   мінез,   өмір

салтын   танытудағы   маңызы.   Табиғат   көріністері.   Әдебиеттегі   пейзаждың

жан-жақты   қызметі.   Мәселенің   тарихи,   эстетикалық   сипаты.     Әлем   және

шығарма:   уақыт   пен   кеңістік.   Сөз   бейнелілігінің   уақытпен   сабақтасуы.

Физикалық   уақыт,   перцептуалдық   уақыт,   концептуалдық   уақыт.   Фольклор

мен   әдебиеттегі   уақыт   пен   кеңістік.   Автор   уақыты,   кейіпкер   уақыты,

сюжеттік   уақыты.     Сюжет   пен   тартыс.   Сюжет   туралы   А.Веселовскиий,

В.Шкловский,   Б.Томашевский   пікірлері.   Фабула   ұғымы.   Сюжеттің   XIX

ғасырдағы   анықтамасы.   Сюжет   оқиғаларының   өмір   құбылыстарымен

байланысы.   Сюжет   табу   жолдары.   Сюжет   түрлері.   Композиция.

Композицияның   шығармадағы   реттілік   үйлесім   тудырушы   қызметі.

Эстетикалық   әсері.   Айшықтылығы.   Қайталаулар.   Өзгерте   қайталау.   Сарын

ұғымының сюжеттік жүйедегі ролі. Сөздік сарындар. Бейнелеудің детальдық

түрі.     Жасыру   тәсілі.   Тану   тәсілі.   Ой   астары.   Ишара.   Монтаж   немесе   ой

арқылы   алыстан   қиыстыру.   Қосымша   әңгіме,   лирикалық   шегініс,   уақыт

барысындағы алмастырулар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет