1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі



бет3/10
Дата20.02.2023
өлшемі155 Kb.
#169398
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Барлығы: сағат

15

15

60

15



6 Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Кіріспе. Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс, табиғаты. Эстетикалық ойдың даму кезеңдері. Әдебиет теориясы мен эстетикалық ерте кезеңі. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы


Зерттеуге тиіс ғылыми аялар мен проблемалар. Әдебиет қағидаларының басқа әдебиеттану ғылымдарының нақты зерттеу жұмыстарына әдіснамалық тұрғыдан жетекшілігі. Фольклортану мен әдебиеттану арасындағы ортақ әдістемелер мен дара ұстанымдар. Әдебиет теориясының эстетикамен тыңғыз байланысы. Әдебиет пен өнер - өмір шындығын тану, игеру, жемісі, сұлулық пен әсемдік мұраттарын орнықтырушы. Әдебиет теориясы қарастыратын нысанның молдығы, кеңдігі, ғылыми зерттеу тәсілдерінің жан-жақтылығы.
Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік, достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы. Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және объективті, субъективті идеализм. Дүниетанымның тарихи, әлеуметтік, философиялық алғышарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель. Поэзияның табиғатқа еліктеуіштік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк. Пизондарға арнау атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылыққа және нанымдылыққа айрықша мән беру.
Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский. Әсемдіктің объективтілік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: тұтастық, үйлесім, айқындық. Құдай - абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің бірі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. VI-IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында, X-XII ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер саларының теориясына қосқан үлесі. Музыканың ұлы кітабы. Әуеннің үш түрі. Муызыкалық қабілет. Дарын. Ұстаздық. Батыс Еуропадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі іргелі жаңалықтарға бастауы. Қоғам өміріндегі алғышарттар. Адам тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы.


2-тақырып. Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы. Әдебиет теориясының методологиясы. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары. Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.
Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсыну. Үш бірлік туралы ереже. Әдемілік ұғымына уақыттан тыс мағына арту. Дидро мен Лессинг арқылы әдеби-көркем сынның өріс алуы. XVIII ғасыр - әдебиет теориясының негзі қалану кезеңі. Лессингтің Гамбург драматургиясының, лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шекжиегі атты еңбектері. И.Г.Гердердің ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық. И.Кант. Табиғат әлемі мен адамзаттық әлемі. Мәдениеттің ең жоғары көрінісі – эстетикалық көрініс. Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар. Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны. Лиризм. Г.В.Гегель -эстетикалық ойдың алыбы, ғылымдағы диалектикалық ойлау принциптерін қалыптастырушы. Абсолюттік идея теориясы. Абсолюттік рух. Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері. Шығармашылықтың ескіні қиратпай-ақ, жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді ардақтау. Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық тәсілдерінің бірлігі. Артур Шопенгауэр. Өмір философиясы. Интеллектінің ерікке бағыныштылығы. Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу. Суреткердің қабылдау әсеріне билігі. Объективті сулулықтың субъектімен сабақтастығы. Музыканың ерекшелігі. Серен Кьеркегор. Қорқыныш философиясы. Құдайға баратын жол іздеу. Субъективтіліктің ақиқаттығы. Экзистенция. Ф.Ницше. Әлем және құдіретке еріктілік. Мәдениет тілі. Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей. Герменевтикалық зерттеудің бастауы. О.Шпенглер. Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры. Мәдени полицентризм туралы.
Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, маркстік-лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат дамуында елеулі роль атқарғанын біржақты жоққа шығармай, тарихи факт ретінде түсіну. А.Герцен, В.Белинский, Н.Чернышевский, Н.Добролюбов, Д.Писарев. Орыс революционер-демократтарының ғылыми-сын мұрасы. В.Плеханов: әсемдіктің объективті мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру. А.В. Луначарский. «Жылжымалы эстетика» туралы. Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс.
XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі – Ипполит Тэн. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі Ипполит Тэн. Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну. Теодор Бенфэй. Салыстырмалы-тарихи (компаративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы. А.Н.Веселовскийдің көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо (Салыстырмалы әдебиеттану принциптерін, 1972), Д.Дюришин (Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы, 1979) т.б. Психологиялық мектеп және А.Потебня. Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон, Бенедетто Кроче есімдерімен тығыз байланысты ағым-интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуция арқылы ғана ашу. XX ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд енгізген жаңалық. «Психоанализге кірспе», «Тотем мен табу», «Мен» және «Ол» еңбектері, сондай-ақ Ф.Достаевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет