1. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?



бет1/5
Дата30.09.2023
өлшемі24,91 Kb.
#183148
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3 лекция


1. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?
Әдебиеттік оқудың екі түрі бар. Олар: дауыстап оқу және іштей оқу. Оқудың бұл екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды.Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.
2,3,4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3,4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.

2. Оқуда қандай талаптар орындалады?


2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныпты бітірген оқушы:

    • Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;

    • мәтінді саналы оқуды;

    • шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;

    • мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;

    • мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын табуды;

    • мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ-тапсырмаларды таба алуды;

    • көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;

    • мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;

    • тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;

    • мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;

    • өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.

    • Мәтіннің негізгі ойын;

    • мәтіндегі оқиға желісін;

    • мәтіндегі ақын-жазушының көңіл-күйін түсінеді.

    • Сурет бойынша диалог құруды;

    • тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;

    • ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;

    • сызба бойынша өлең құрастыруды;

    • мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;

    • халық ауыз әдебиеті үлгілерінен және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

    • 2-3 өлеңді жатқа айтуды;

    • мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

    • оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;

    • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

    • 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет