Жоспар:
1.Педагогикалық инновация туралы түсінік.
2.Инновацияның түрлері
3.Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары.
4.Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге байланысты оқытудың міндеттері.
XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
практикалық кызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіруі;
еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
орта білім беру жүйесін әрі карай дамыту т.е.с. міндеттерді көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс аркылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту турлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Мектеп практикасынан танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды біртіндеп қолдануға үмтылғаны байқалады. Бірақта олар инновациялык әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды колданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық-айқын біле алмайды.
Инновация жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновацияы бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
1957-1964 ж. он жылдық тарихқа американдык білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.
1)Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді котеруді ұйымдастырушыларда, т.е.с
Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: "Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс", - дейді.
Инновациялык технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.
90-жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В.И. Золвязинский, Лазареванын еңбектерінде "инновация" ұғымы пайда болады. Олар "инновация" ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс- әрекеті деп сипаттайды. М.М.Поташник, А.С.Лоренсов "жаңалық" дегенді құрал ретінде (яғни, жаңа әдіс, жаңа технология) ал, "инновацияны" осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.
Қазақстан мемлекетінде "инновация" ұғымын найдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш "инновация" ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаналықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі"-деген анықтаманы ұсынады. Сөздіктерде "инновация" әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым "жаңаша білім беру" деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов "инновация" ұғымына төмендегідей анықтама береді: "Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы". Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, "Егер баратын деңгей" алдын-ала көрсетілген болса, ол кандай инновация" делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша "инновация" - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
Тәжірибелер көрсетіп жүргендей, кез келген инновация - мөлшерлі іс-әрекеттің шегіне ұмтылуы және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі - "Қуаныш үйі", К.Д.Ушинский мен Л.Н.Толстойдың ғылыми идеялары және т.б.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. "Жаңару" (новшество)' дегенімізді былай деп түсіндіреді: "Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақыттан бірінші қолданган
уақытымен анықталатын жаңа идея" (Масырова Р.,Линчевская Т. Инновационные школы в Казахстане. РБК, Алматы).
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың -"инновация", "нововедение", "новшество", "новое", т.б. қазақша аудармаларын жасаған, Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институты әдіскері К.Қүдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде "инновацияны" - нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған:
"ИННОВАЦИЯ" - жаңарту.
"НОВОВЕДЕНИЕ" - енген жаңалық.
"НОВОЕ" - жаңа.
"НОВШЕСТВО" - жаңалық.
"ИННОВАЦИОННЫЙ ПРОЦЕСС" - жаңарту үрдісі.
Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: "инновация" сөзі латын тілінен енген - новый, яғни аударғанда "обновление - жаңарту", "новинка - жаңалық", "изменение - өзгеріс" деген мағына береді.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жана әдіс-тәсілдерді, амалдарды, күралдарды, жаңа концепция арды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді:
1)жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.
2)өзгеріс.
3) қүрал, әдіс.
Т. И. Шамова, П. И. Третъяковалардың еңбегінде "Инновация дегеніміз - жаңа мазмүнды үйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалык енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны үйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитып құбылысты түсінеміз" делінген.
Ал жалпы инновацияны модификациялык, комбинаторлык, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |