1. Педагогикалық инновация туралы түсінік. Инновацияның түрлері



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі26,58 Kb.
#82991
1   2
Байланысты:
stud.kz-28796

Модификациялык, инновация - бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бүған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлык, инновация - бұрын пайдаланылмаған,
белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияга білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, денгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың түтастык қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ак уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. XVII ғасырда Я.А.Коменскийдің жасаған кластық сабақтық жүйесі А.С.Макаренко және В.А.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері, сондай-ақ В.Ф.Шаталовтың қолданған тірек-конспектілері жаңалықтарды, ой-идеяларды өз уақытында да, қазірде де қолдануды тиімді деп тауып отыр.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықталамарын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта үсынылса, мүның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны "жаңалық", "жаңа әдіс", "өзгеріс", "әдістеме", "жаңашылдық", ал инновациялық үрдісті "жаңа әдістеме енгізу қүралы" деп ұғатын боламыз.
2. Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс - казіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, түлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

  • қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялык-педагогикалық бағыттағы непзп ой-түжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқьш білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, акыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  • білімнің статистикалық үлгісінен акыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялык ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап караудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласьшдағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами
келбетінің калыптасуьша игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. А.: «Жазушы», 2004.-208бет.
2. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006.-108 бет.
3. Жанпеисова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2002.
4. Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. – Алматы, 2002.
5. Нұғманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. –Алматы, 2004
6. Пидкасистый П.И. Технология игры в обучении. – М., «Просвещение», 1992.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет