1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы


П.Я.Гальперин ақыл-ой әрекеттерін сатылай қалыптастыру теориясы



бет8/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)
соөж1, 1 травм, Қала құрылысының мониторингі, История моей специальности
14. П.Я.Гальперин ақыл-ой әрекеттерін сатылай қалыптастыру теориясы.
Ақыл-ой — балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Осы іс-әрекеттін қалыптасуына, оның алғашқы болып зерттелуіне зор үлес қосқан психолог-ғалым - Гальперин Пётр Яковлевич. Ғалым өз зерттеулерінің нәтижесінде, ақыл ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясын ойлап тапты.Ақыл ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы — ғалым-психолог П.Я. Гальперин жасаған және оның шәкірттері дамытқан түжырымдама. Бұл ақыл-ойдың алдын ала белгілі жоспар бойынша біртіндеп, сатылап берілген білімді, икемділікті және дағдыны дамытудың жалпы психолоғиялық негіздерін қарастыратын теория.
Я. Гальперин оқытудың алдына мүлдем жаңа міндеттер қойды: қалыптасатын кез-келген әрекетті олардың қалыптасуға тиісті қасиеттерінің жиынтығымен баяндау; әрекеттердің дұрыстығын басқару және қателердің алдын алу үшін қажетті және жеткілікті бағдарлар жүйесін әзірлеу. П.Я. Гальперин меңгерілетін пәндік әрекетті екі бөлікке бөлген: оны түсіне білу және оны орындай алу білігі. Бірінші бөлік бағдарлану рөлін ойнайды да бағдарланушылық деп аталады, екіншісі - орындаушылық деп аталады. П.Я. Гальперин бағдарланушы бөлікке ерекше мән берген, оны басқарушы инстанция деп санаған, соңынан оны штурман картасы деп атаған. П.Я. Гальпериннің және оның шәкірттерінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде:

а. Әрекеттермен бірге сезімдік бейнелер мен осы әрекеттердің пәні туралы ұғымдар қалыптасады. Әрекеттердің, бейнелер мен ұғымдардың қалыптасуы бір процестің екі әртүрлі жақтарын құрайды. Сонымен қатар, әрекеттер схемасы мен пәндер схемасы көбінде бір-бірін алмастыра алады, пәннің белгілі қасиеттері әрекеттің белгілі әдістерін анықтай бастайды, ал әрекеттің әрбір буынының соңында оның пәнінің белгілі қасиеттері бар деп саналады.

б. Ақыл-ой жағы идеалды жақтардың біреуін ғана құрастырады. Қабылдау жағы басқа. Жеке адам әрекетінің үшінші дербес жағы болып сөйлеу жағы бола алуы мүмкін. Қалай алсаңыз да ақыл-ой еңбектік жағы тек әрекеттің сөйлеу формасының негізінде пайда болады.

в. Әрекет идеалды жаққа немесе толығымен немесе өзінің бағыттану бөлігінде ғана көшіріледі. Осы соңғы жағдайда әрекеттің орындаушылық бөлігі материалдық жақта қалады да және бағдарланушы бөлікпен бірге өзгере отырып, ең соңында қозғалыс дағдысына айналады.

г. Әрекеттің идеалды жаққа, атап айтқанда ақыл-ой жағына көшуі оның пәндік мазмұнының осы әрбір жақтардың құралы арқылы бейнеленуі арқылы беріледі және әрекет формаларының көпретті, тізбекті түрде өзгеруімен көрінеді.

д. Әрекеттің ақыл-ой жағына көшуі, интериоризациялауы оның өзгеруінің тек бір ғана бағытын құрастырады. Басқа, сөзсіз болатын және маңыздылығы одан төмен емес ағымдар өзгерістер құрайды: әрекеттер буынының толықтығын, оларды бөлу өлшемдері, оларды меңгеру өлшемдері, қарқыны мен күштік көрсеткіштердің ырғағы. Бұл өзгерістер біріншіден, кері байланыстың формасы мен орындалу әдісінің ауысуымын, екіншіден, қол жеткізілген әрекеттің сапасын анықтайды. Осы өзгерістердің біріншілері идеалды орындалған әрекеттерді бірдемеге тап қылады, ол барып өзін-өзі байқауда психикалық процесс ретінде ашылады; екіншілері әрекеттің иімділік, ақыл-парасаттылық, саналылық, сындарлық сияқты қасиеттерін қалыптастыруды басқаруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет