1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы


Қазіргі замандағы білім берудің негізгі беталыстары мен принциптері



бет5/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)
соөж1, 1 травм, Қала құрылысының мониторингі, История моей специальности
10. Қазіргі замандағы білім берудің негізгі беталыстары мен принциптері
Жоғары білім беру психологиясы проблемаларының жетекші зерттеушілерінің бірі А.А. Вербицкий білім беруде келесі беталыстарды ажыратады, олар қазіргі уақытта әртүрлі дәрежеде да өз көрінісін табуда және бұл көріністер.
Бірінші беталыс – білім берудің әрбір деңгейін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну. Бұл беталыс тек қана мектеп пен жоғары оқу орнының арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ұйғарады, сонымен қатар ол студенттердің кәсіптік дайындығын көтеру міндетін шешуді ескере отырып, жоғары оқу орны мен студенттердің болашақ өндірістік қызметінің арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ұйғарады. Бұл, өз кезегінде студенттердің оқу іс-әрекеттерінде өндірістік жағдайларды модельдеу міндетін қойды, ол барып оқытудың жаңа түрі – белгілік-контекстік оқытуды (А.А. Вербицкий бойынша) қалыптастырудың негізіне салынды.

Екінші беталыс – оқытуды индустрализациялау, яғни оны компьютерлендіру және онымен бірге жүретін оқытуды технологизациялау, ол қазіргі замандағы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік береді.


Үшінші беталыс – басымды ақпараттық формалардан проблемалық элементтерді, ғылыми ізденісті, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен пайдалануды енгізу арқылы оқытудың белсенді әдістері мен түрлеріне көшу. Басқа сөзбен айтқанда, бұл А.А. Вербицкийдің салыстырамалы түрде айтқаны бойынша, «ұдайы өндіру мектебінен» «түсіну мектебіне», «ойлау мектебіне» көшу беталысы.


Төртінші беталыс А.А. Вербицкий бойынша, «оқу-тәрбие беру процесін ұйымдастырудың қатаң тәртіппен бақыланушы алгоритм-делген әдістерінен және осы процесті дамытушы, белсендендіруші, жылдамдатушы, ойындық әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын шарттарын қарастырумен...» байланыс-тырылады.


Бесінші және алтыншы беталыс оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымдық, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде ерекше назар «оқытушының оқыту әрекетінен студенттің танымдық әрекетіне» ауысады


Бұл келесі негізгі принциптер:
• қоғамның барлық тәрбиелеуші күштері, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп пен басқа арнайы институттардың бірлігі;
• адамгершіліктендіру - қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретіндегі әрбір бала тұлғасына көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершіліктік және физикалық қасиеттері бар азаматты қалыптастыруға бағдар беру;
• жіктеу және жекелеу, әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;
• демократтандыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігі, бастамашылығы мен шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің қызығушылықтарынан туған өзара әрекеттесуі, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет