29. Оқытудағы репродуктивті әдіс
Репродуктивті әдіс бұрын берілген нұсқауларға және бұрын алынған білімге сәйкес дәстүрлі оқытуға жатады. Мұндай оқыту технологиясы мұғалім ұсынатын дайын үлгілер мен мысалдар негізінде оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
30. Оқытудағы проблемалық – шығармашылық әдіс
Проблемалап оқыту әдісі - оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.Мұндағы басты міндет - оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы және игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажетті зейін - зердесін тәрбиелеу болып табылады.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
5. Проблемалық мәселелердің дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.
Проблемалап оқыту әдісінде мұғалім кейбір теориялық материалды баяндай отырып, тақырыпқа байланысты мәселелерді оқушыларды өздерінің шешуіне жағдай жасайды, яғни проблемалық ахуал туғызады.
Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік.Оқу материалы проблемалық болуы үшін келесі шарттар ескерілуі тиіс, яғни проблемалық түсініклтілігі; оның танымдылығы; проблеманың мазмұны. Проблемалық ахуал өзіне тән сипатқа ие және ол оқушыларды ұғымдарды өздігінен меңгеруге, анықтамасын түсінуге бағыттайды немесе белгісіздерді табуға жетелейді. Қойылған проблеманың теориялық мәні мен практикалық қолданыстарын көрсетуді мақсат етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |