31. Оқыту мақсаттары және міндеттері
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқытудық маңызды міндеттері:
• Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже.
білім беру – бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
- тәрбиелеу – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
32. Оқу процессінде ойлау, перцептивтік және мнемикалық операциялар
Ересектердің әсерінен (олардың қатысуымен де), баланың өзінің және оқытудың пәндік-коммуникативтік әрекетінің әсерінен оның танымдық аясын өзгерту, жасы өскен сайын оның ой-еңбектік әрекетінің біртіндеп күрделенуі Б.Г. Ананьев бойынша, сенсорлық-перцептивті (сезіну, қабылдау) мнемикалық (ес, ойлау), атенциондық (зерде) сияқты компоненттерінде интеллекттің біртұтас құрылымын қалыптастыру түрінде көріне бастайды [7, 348-362]. Б.Г.Ананьев мектебінің зерттеушілері интеллект құрылымының үнемі өзгеріп отыратынын көрсетті. 22 жастан 25 жасқа дейін адам интеллектінің құрылымында екі ұйытқы сақталынады (факторлық және корреляциялық талдаудың деректері бойынша) оларға барлық психикалық процестер мен көрсеткіштерді қосатын байланыстар тартылады. Бірінші ұйытқы – мнемикалық, яғни ес пен ойлаудың бірыңғай құрылымы, екіншісі – атенциондық, яғни, зерде ұйытқысы. 30 жастан 35 жасқа дейін интеллект құрылымында тағы да үш ұйытқы қалыптасады: мнемикалық, логикалық және атенциондық. Атенциондық ұйытқының болуы адамның зердесін анықтайтын сананың бағыттануы мен шоғырланушылығы, оның интеллектуалдық әрекетінің маңызды шарты болып табылады. 34-35 жаста интеллект құрылымында тағы да екі ұйытқы пайда болады, былайша айтқанда, оның «тартылуы» жүреді және барлық корреляциялық байланыстар логикалық және атенциондық ядролардың төңірегінде топталады.
Интеллекттің мектептік кезеңнен соң дамуы әсіресе студенттік жаста білінеді, бұл жастық шақ пен ересек шақтағы «психикалық қатаю» туралы ережені толығымен жоққа шығарады (Э. Клапаред). Студенттік шақ – бұл интеллектің аса күрделі құрылымдану шағы (ол өте жеке және көп вариантты). «Зерттеушілердің көпшілігі осы шақтағы адам дамуының процесін функционалдық жұмысқа қабілеттіліктің және өнімділіктің үздіксіз өсуімен, тіпті функциялардың тұрақтандырылуынсыз қандай да болмасын төмендеу және дағдарыссыз алға қимылдау динамикасымен сипаттайды. Сөзсіз, студенттік шақта дамудың аса көп мүмкіншіліктері бар; дәл осы жастық ара қашықтықта сенситивті кезеңдер орналасқан, олар оқытуды әлі жеткіліксіз мөлшерде пайдаланған… Осы кезеңнің күрделі құрылымында бір функцияны көтеру сәттері (көтерілу шыңы мен оптимумдары) тек қана тұрақтандыру сәттерімен ғана емес, басқа функциялардың төмендеуімен бірге жүреді» [7, 346 б.].
Б.Г. Ананьевтың деректері бойынша интеллектің құрылымы жас ерекшеліктік дамудың созылу барысында және студенттік жастың өзінің ішінде динамикалық өзгеріп тұрады. Мысалы, 18-21 жаста әртүрлі функциялардан тұратын корреляциялық топ (естің, ойдың, қабылдаудың, зерденің) байланыстың буындары ретінде болса, онда 22-25 жаста мнемикалық және атенциондық ядроларымен күрделі тармақталған кешен пайда болады. Студенттік жаста ерекше рөлді зерде факторы ойнайды, алайда осы кезеңде корреляциялық байланыстардың саны мен қуаттылығы бойынша тек төртінші орынды алады, бірақ та оның концентрация деңгейі көтеріледі. Зерденің тұрақтылығы тек 22 жастан бастап көтеріледі, бұл оқу процесінде студенттердің зердесін ұйымдастыру үшін мақсатты бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтеді.
Ойлауды дамыту ес дамуымен тығыз байланысты: 19 жаста мнемикалық функциялар логикалық функциялардан көрі тезірек дамиды, 20 жаста кері көрініс байқауға болады, ал 22 жаста екі функцияның да көрсеткіштері төмендейді. 18-19 жаста ойлау функцияларының салыстырамалы тұрақтануы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |