1. Пән жөнінде ақпарат


Тақырып 4: Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет3/36
Дата24.10.2023
өлшемі1,01 Mb.
#187836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
1. П н ж нінде а парат

Тақырып 4: Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері.
Дәріс тезистері. Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері. Түркілердің шығу тегі мәселесі. Мекендеген аумағы. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас: Византия, Сасанидтік Иран, түркі-соғды синтезі, эфталиттер мемлекеті. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Әлеуметтік-экономикалық даму. Саяси тарих. Тан империясымен қарым-қатынас. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 ж.). Жетісу аймағындағы билігінің күшеюі. Түркі-соғды мәдени синтезі. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы. Мемлекеттің экономикалық және мәдени өміріндегі қалалардың рөлі. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы. Түркілер арасында қожалардың этностық топтарының пайда болуы.
Тақырып 5: Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.). Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.
Дәріс тезистері. Алтын Орданың тарихы. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы туралы ортағасырлық деректер мен зерттеулер. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. Бату ханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орда билеушілері. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске ықпалы. Өзбек ханның империялық саясаты (Гийас ад Дин Сұлтан Мұхаммед хан). Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет