1. Пән жөнінде ақпарат


Тақырып 6: XV – XVIII ғғ. қазақ хандығының құрылуы мен кезенделуі



бет4/36
Дата24.10.2023
өлшемі1,01 Mb.
#187836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
1. П н ж нінде а парат
Презентация (3), Халелтану 6 лекция, Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org, Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org
Тақырып 6: XV – XVIII ғғ. қазақ хандығының құрылуы мен кезенделуі.
Дәріс тезистері. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі.
Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.
Тақырып 7: Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті.
Дәріс тезистері. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.
Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.
Тақырып 8 XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.
Дәріс тезистері. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан: зерттеудің жаңа әдіснамалық трендтері. Кезеңдеу. Тарихнама және дереккөздер. Қазақстан Ресей империясымен, ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қалмақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары. Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. Әбілқайыр ханның бұртұтас қазақ әскерінің қолбасы болып сайлануы.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау. Қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет