1. Пән туралы ақпарат / Содержание дисциплины


БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма / Задания СРО и СРОП



бет22/23
Дата30.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#107043
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
107938223899 силлабус

8.БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма / Задания СРО и СРОП



Тақырып атауы / Наименование тем

БӨЖ мен БОӨЖ тапсырмаларының мазмұны / Содержание заданий для СРО и СРОП

Бақылау түрі / Форма контроля

Тапсыру мерзімі / Срок сдачи

1 тақырып

Микроэкономика пәні мен әдістері.

Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық талдаудың әдіснамасы. Экономиканың екі секторлық моделі. Ресурстардың шектеулілігі мен тиімді пайдаланудың мәселесі.

Логикалық-құрылымдық схема, Глоссарий,

Презентация



1

2 тақырып

Экономиканы реттеудің нарықтық механизмі.

Тауарлар мен қызметтер нарығы. Нарықтың қызмет ету механизмі. Тауарлар мен қызметтерге нарықтық сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныс функциясы. Сұраныс қисығы. Сұраныс өзгерісі. Бағадан тыс факторлардың сұранысқа әсері. Тауарлар мен қызметтердің ұсынысы. Ұсыныс заңы. Ұсыныс функциясы. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс өзгерісі. Бағадан тыс факторлардың ұсынысқа әсері. Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс пен ұсыныс өзгерісінің нарыққа әсері.

Логикалық-құрылымдық схема, Глоссарий, Презентация

2

3 тақырып

Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Салықтардың әсері.

Икемділік түсінігі. Сұраныстың баға бойынша икемділігі. Нүктелік икемділік. Доғалық икемділік. Өте икемді және өте икемсіз сұраныс. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне әсер ететін факторлар. Сұраныстың баға бойынша қиылысқан икемділігі. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі. Уақыт факторының ұсыныс икемділігіне әсері. Икемділік теориясының тәжірибелік мағынасы.

Салық салудың заңнамалық және экономикалық ықпал өрісі. Сатушылар мен тұтынушылар арасындағы салықты бөлу кезінде икемділіктің рөлі. Субсидиялар. Салық салуды нормативтік талдау.



Ауызша жауап, Глоссарий,

Презентация



3

4 тақырып

Тұтынушы қылығының теориясы.

Тұтынушының қалауы мен талғамсыздық қисығы. Толықтық және транзитивтік аксиомасы. Талғамсыздық қисығы. Орын басудың шектік нормасы. «Нашар» тауарлар.

Пайдалылықтың функциясы. Жалпы және шектік пайдалылық. Пайдалылықтың сандық және реттік теориялары. Кемімелі пайдалылық принципі. Талғамсыздық қисықтары. Талғамсыздық қисықтарының қасиеттері.

Бюджеттік шектеу. Бюджеттік шектеу теңдігі. Бюджеттік сызық. Бюджеттік сызықтың көлбеуі. Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Тең пайдалылық принципі.


Логикалық,-құрылымдық схема, Глоссарий Ауызша жауап


4

5 тақырып

Сұранысты талдау және салыстырмалы статика

«Табыс-тұтыну» қисығы және Энгель қисығы. Қалыпты және төмен сапалы тауарлар, бірінші қажеттіліктегі және салтанатты тауарлар. «Баға-тұтыну» қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы негізінде жеке сұраныс қисығын алу. Нарықтық сұраныс қисығын жеке сұраныс қисықтарының көлденең қосындысы ретінде алу. Табыс және орын басу нәтижелері. Гиффин тауарлары.

Логикалық-құрылымдық схема, Глоссарий, Презентация

5

6 тақырып

Өндіріс теориясы.

Өндіріс факторлары. Өндіріс технологиясы. Өндірістік функция. Кемімелі шектік өнімділіктің заңы. Изокванта. Изокванталар картасы. Изокоста. Өндірушінің тепе-теңдігі. Өндірістің тұрақты және айнымалы факторлары. Айнымалы өндіріс факторының жалпы, орташа және шектік өнімдері. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезең. Орташа және шектік өнімдерінің өзара байланысы. Ауқым нәтижесі.

Ауызша жауап,

Есеп,


Презентация

6

7 тақырып

Өндіріс шығындары

Өндірістік «шығындар» мен «шығыстар» түсініктерінің арақатынасы. Баламалы шығындар. Анық және анық емес шығыстар. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік және экономикалық пайда. Қалыпты пайда. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар. Нақты және айнымалы шығындар. Орташа шығындар. Шектік шығындар.Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар. Ұзақ мерзімді кезеңдегі орташа шығындар қисығының түсінігі. Өндірістің тиімді жолын анықтау. Фирманың даму траекториясы.

Жазбаша бақылау, Логикалық-құрылымдық схема

7

8 тақырып

Жетілдірілген бәсеке жағдайындағы фирма қылығы

Жетілдірілген бәсекенің белгілері мен шарттары. Бәсекелес фирманың өніміне сұраныс. Орташа табыс және шектік табыс. Бәсекелес нарықта фирманың пайдасын барынша арттыру немесе қатерлерді барынша азайту ережесі. Қысқа мерзімді кезеңде өндірісті тоқтату шарты. Қызқа мерзімді кезеңде бәсекелес фирманың ұсынысы. Жетілдірілген бәсеке жағдайында фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі. Ұзақ мерзімдегі фирманың ұсыныс қисығы. Ұзақ мерзімді кезеңде салалық нарықтық ұсыныс қисығы.

Ауызша жауап, Есеп, Презентация

8

9 тақырып

Монополист фирманың қылығы.

Монополияның экономикалық жаратылысы және түрлері. Салаға кіру кедергілері. Монополист өніміне сұраныс. Монополисттің шектік табысы. Қысқа мерзімді кезеңде монополисттің пайдасын барынша арттыру. Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдік. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары. Тағиби монополия. Монополияны мемлекеттік реттеу. Бағалық дискриминация. Нарықты сегменттеу. Картельдің пайда болуы және тұрақсыздығы.

Ауызша жауап, Есеп,

Презентация



9

10 тақырып

Монополиялық бәсеке және олигополия жағдайындағы фирманың қылығы.

Монополиялық бәсеке белгілері. Қысқа мерзімді кезеңде шығарылым көлемі мен бағаны анықтау. Ұзақ мерзімді кезеңде монополиялық бәсекелес фирманың тепе-теңдігі. Монополиялық бәсекенің жағымды және жағымыз жақтары. Бағалық емес бәсеке.

Олигополияның негізгі қасиеттері. Сандық олигополия модельдері. Бағалық олигополия модельдері. Кооперативтік қылықтың модельдері (сөз байласу арқылы келісім және жетекшілік). Кооперативтік емес қылық модельдері (бағалық жанжал және бәсекелік қауымдастық). Модельдерді салыстырмалы талдау. Лернер индексі. Херфиндаль-Хиршман индексі.



Ауызша жауап, Есеп, Презентация

10

11 тақырып

Еңбек нарығы.

Еңбек нарығының ерекшеліктері. Еңбек ұсынысы. Бюджеттік шектеу және «табыс-демалыс» моделіндегі талғамсыздық қисығы. «Табыс-демалыс» моделіндегі салыстырмалы статика. Еңбек ұсынысының қисығы.

Еңбекке сұраныс. Еңбек ұсынысы. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік. Бәсекелес еңбек нарығында бағаны орнату. Еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі.



Логикалық-құрылымдық схема, Есеп, Презентация

11

12 тақырып

Капитал нарығы және жер нарығы.

Капитал ұсынысы. Уақытаралық бюджеттік шектеу және уақытаралық артықшылықтар. Ағымдағы уақытта келешек табысты бағалау. Адам капиталына салынатын инвестициялар.

Капитал салымының шектік өтемділігі. Инвестицияны есептеудегі дисконтталған құн. Инвестицияға сұраныс. Қарыздық құралдардың ұсынысы. Капитал нарығында бағаны орнату.

Жер – айрықша экономикалық ресурс ретінде. Жер ұсынысының ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерге сұраныс. Жер бағасы және жалдау ақысы


Есеп, Глоссарий,

Презентация



12

13 тақырып

Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік.

Жалпы тепе-теңдікті талдау. Таза айырбастау экономикасындағы тепе-теңдік. Эджворт диаграммасы. Келісімдер қисығы. Өндірістің тиімділігі. Ресурстарды тиімді бөлу. Өндірістік мүмкіндіктер шегі. Ауысудың шектік нормасы. Паретто бойынша тиімділік. Экономикалық әл-ауқаттың негізгі теоремасы.

Реферат

13

14 тақырып

Сыртқы нәтижелер және ақпараттың дәрменсіздігі.

Сыртқы нәтижелер. Жағымды және жағымсыз сыртқы нәтижелер. Түзетуші салықтар (субсидиялар) және олардың нәтижелерді реттеудегі рөлі. Коуз теоремасы. Ластанған қоршаған ортаны бақылау.

Ақпарат нарықтық ресурс ретінде. Ақпараттың дәрменсіздігі. Жасырын мінездеме және жасырын әрекеттер. «Лимондар» нарығы. Аукциондар. Тәуекелдіктер және әртараптандыру. Ақпараттың дәрменсіздігін төмендету үшін мемлекеттің шаралары.



Логикалық-құрылымдық схема Презентация

14

15 тақырып

Әлеуметтік игіліктер.

Қоғамдық игіліктердің өндірісіндегі мемлекеттің ролі. Жеке және қоғамдық игіліктер. Игіліктің бәсекелеместігі және тұтынудан шығарылмауы. Игіліктің шектік пайдалылығы және шектік қоғамдық пайдалылығы. Шектік қоғамдық шығындар. Қоғамдық игілікті пайдаланудағы тиімді деңгей.

Жазбаша бақылау

15

Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру - кестеге сәйкес / Консультация по всем вопросам - по графику.

9. Ұпай қою саясаты / Политика выставления оценок

Кредиттік технология жағдайында оқу процесін ұйымдастыру элементтерінің бірі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану болып табылады. Ұпай қою саясаты объективтілік, ашықтық, икемділік және жоғары саралаушылық принциптеріне негізделеді.

Пәнді оқыту барлық өтілген материалды қамтитын, әртүрлі формада (жазбаша немесе ауысша емтихан, тестілеу) емтихан қабылдаумен аяқталады. Емтихан тапсыруға рұқсат алудың негізгі шарты – бағдарлама бойынша барлық тапсырмаларды орындау.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет