1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы


Адам Қазақстанның басты құндылығы ретінде. «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру



бет4/17
Дата22.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#144464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
SYLLABUS Қоғ. сананы жаңғырту қазақша 21-22

8. Адам Қазақстанның басты құндылығы ретінде. «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру
ҚР әлеуметтік саясаты. Қазақстан Республикасының эволюциялық жолмен дамуы. Азаматтық бастамалар. Азаматтық жауапкершілік. Қайырымдылық қызметі. Мәңгілік ел идеясы тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Көне түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады.
9. «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи сананы жаңғырту
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Тарихи сананы жаңғырту. Ұлы дала құндылықтары. Төл тарихын, рухани құндылықтарын құрметтеу болашағы зор мемлекеттің кепілі.
10. Жалпыұлттық нышандар. «Қазақстанның киелі орындары» бағдарламасын жүзеге асыру
Қазақстан халқының рухани дәстүрлері. Кие ұғымы: мәні мен мазмұны. Қазақстандағы киелі жерлердің мәдени-географиялық белдеуі. Мәдени туризм. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер.
11. ШҚО аумағының киелі орындары: семантикалық талдау. «Рухани Қазына» бағдарламасы
Қазақ тарихындағы Шығыс Қазақстан. Шығыс Қазақстан облысы – өзінің табиғат жағдайларымен, флорасы мен фаунасының байлығы, ландшафт ерекшеліктерімен адамзат баласын таңдандырарлық өлке. Шығыс Қазақстанның табиғи және мәдени ескерткіштері ұлттық бірліктің символы ретінде. Шығыс Қазақстанның киелі жерлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет