Апта 9
Өсімдіктердің тіршілік формасы
Мақсаты: Өсімдіктердің тіршілік формаларымен танысу, олардың топтамаларын анықтау, білімді жетілдіру.
Тапсырма:
К.Раункиер бойынша тіршілік формасының классификациясын зерделеу.
Өсімдіктердің (кеппешөп арқылы) сыртқы морфологиялық құрылысына қарап, бір-бірімен қандай ерекшеліктерімен ажыратылатындығын анықтау және өскен ортасын анықтау.
Қорытынды:
Апта 9
Тақырып Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Прокариотты балдырлар. Көкжасыл балдырлар бөлімі.
Жалпы сипаттамасы. Дробянкалар бөлімі. Бактериялар класы. Клеткасының құрылысының ерекшеліктері. Бактерияның көбеюі. Спора түзуі. Физиологиялық функциясынын, алуан түрлілігі. Оттегіне қатынасы. Гетеро- және автотрофтылығы. Бактерияның фотосинтездігі мен хемосинтездігі. С.Н.Виноградовтың жұмыстары. Ашу және шіру. Бактерияның таралуы және табиғаттағы маңызы. Органикалық заттарды минералдық заттарға айналдыруы. Азоттың айналымы, бос азоттың фиксациясы. Термофильді бактериялар. Ауыру тарататын бактериялар. Л.Пастердің жұмыстары. Актиномицеттер класы. Құрылысы, көбеюі, таралуы және практикалық маңызы.Спирохеталар класы. Микоплазмалар класы. Балдырларға жалпы шолу. Балдырлардың өмірлік циклындағы яд) фазаларымен ұрпақ алмасуы. Өмір сүру ортасы, фотосинтез, көмі қышқылының көзі.
Бір апта бұрын орындалатын жұмыс. Пішен таяқшасын алу үшін су құйылған колбаға аздап майдалап пішен саласыңдар. Колбаға түскен әр түрлі бактерияларды жою үшін колбаның аузын мақтадан жасалған тығынмен жауып 30 минуттай қайнатамыз. Пішен таяқшасы қайнатса да өлмейді.
Алынған тұнбаны сүзіңдер де, +20-250 С жылы бөлмеге бірнеше күнге қалдыратынсыңдар. Біраздан кейін пішен таяқшасы бактериялары көбейе бастайды. Көп ұзамай-ақ олар тіпті көбейіп, судың беті бактериялардан пайда болған кілегей қабатпен жабылады.
Достарыңызбен бөлісу: |