6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып: Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарих пәнінің міндеттері мен кезеңдері. 2 сағат.
Дәрістің мақсаты түсініктерді қалыптастыру. «Жаңа заман», «капитализм», «мануфактура» т.б.ұғымдарының мәнін, маңызын ашып көрсету.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Жаңа тарих пәнінің ұғымы, жаңа заманның басталу кезені.
2. Алғашқы капитализімнің қалыптасу зандылықтары.
3. Дәстүрлі қоғамнан өндірістік қоғамға ауысу үрдістері.
4. Өндірістік қоғам теориясы және оның қалыптасу кезені
Дәрістің тезистері:
Жаңа заман тарихы курсының пәні мен міндеттері. «Жаңа заман» ұғымының пайда болуы. Жаңа заманның тарихи мазмұны. Жаңа заманның хронологиялық шектері мен кезеңге бөлінуі туралы пікірталастар. Жаңа заман тарихын зерттеудегі формациялық және өркениеттік ұстанымдар.
Феодалдық өндірістен капиталистік өндіріс тәсіліне көшу дәуірінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны. Капитализмнің генезисінің мәселелері. Батысеуропалық қоғамның дамуындағы мануфактуралық кезең. Мануфактура түрлері. Алғашқы қорланудағы сауда қаражатының рөлі. Сауда комапнияларының құрылуы. Меркантилизм. Аграрлық қатынастардың эволюциясының сипаттары мен бағыттары. Капиталистік өндірісті дамыту жолындағы кедергілер.
ХҮІІ ғ. басындағы Еуропаның саяси және аймақтық-сатылық картасы. Батысеуропалық абсолютизм. Мануфактуралық кезеңдегі буржуазиялық революциялардың мақсаты. Отандық және шетелдік тарихнамадағы революцияның түрлерге бөлінуі. Революция және реформа. Жаңа замандағы тарихи дамудың балама жолдары.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. «Жаңа заман» ұғымының пайда болу тарихы қалай?
2. Жаңа заман тарихы кезеңінің географиялық шеңберін контур картаға түсіру.
3. Терминдік сөздік жүргізу.
2 тақырып. XVII-XVIII ғғ. Англия. Буржуазиялық революция: алғышарттары, кезендері, тарихы манызы. 1 сағат.
Дәрістің мақсаты: Ағылшын буржуазиялық революциясының алғышарттары, кезендері, тарихы манызын айқындау
Тақырыптың сұрақтары:
1. Революцияның қарсаңындағы Англия.
2. Ағылшын буржуазиялық революциясы: себептерi, идеологиясы, кезеңдерi, барысы, нәтижелерi.
3. Стюарттар реставрациясы және “даңқты революция”.
4. XVIII ғ. Ағылшын мемлекетiнiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси дамуы.
Дәрістің тезистері:
Революцияның алғышарттары. Капиталистистік укладтың дамуы. Революцияның қарсаңындағы Англиядағы аграрлық қатынастар. Әлеуметтік дамудың ерекшеліктері: дворяндықтың жіктелуі мен шаруалардың дифференциациясы. Ағылшын абсолютизмінің өзіндік ерекшеліктері. Пуританизм. І Карл, І Яковтың саясаттары. Революциялық ахуалдың қалыптасуы. Революцияның басталуы мен кезеңдері. Революцияның барысы. Ұзақ парламенттің қызметі. Революциядағы пресвитериандар мен индепеденттер. Левеллерлер мен диггерлер қозғалысы. Джон Лильберн және Джерард Уинстенли. Оливер Кромвель және ағылшын революциясы. Революцияның нәтижелері, ерекшеліктері мен маңызы
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталу себептері?
2. Революцияның хронологиялық шеңберлері қандай?
3 тақырып. Тәуелсіздік үшін соғыс. АҚШ-тың құрылуы. 1 сағ.
Дәрістің мақсаты: Солтүстік Америкадағы британ колоннияларының тәуелсіздік жолындағы
Тақырыптың сұрақтары:
1. Англия отарларының әлеуметтiк-экономикалық дамуы
2. Революция себептерi.
3. Тәуелсiздiк үшiн соғыс және АҚШ-ң құрылуы.
4. Революцияның нәтижелерi, сипаты және маңызы.
Дәрістің тезистері:
Солтүстiкамерикан құрылығын европалық державалардың отарлауы. Англияның солтүстiк американдық отарлардағы әлеуметтiк-экономикалық қатынастары. Отарлардың мемлекеттiк құрылымы. Басқарудың олигархиялық түрi. Отарлардың әлеуметтiк дамуы ерекшелiктерi. Капиталистiк қатынастардың орнату үрдiсi және солтүстiк американ ұлтының қалыптасуы.
Тәуелсiздiк үшiн соғыс буржуазиялық революция ретiнде.Революцияның мiндеттерi: аграрлық мәселе, негiрлер мәселесi, демократиялық өзгерiстердiң қажеттiлiгi. Америка Құрама Штаттарының қалыптасуы. АҚШ-тың халықаралық жағдайы, сыртқы саясаты. АҚШ-тың саяси құрылымы. Конституцияны түзету. АҚШ тәуелсiздiгi үшiн соғыстың негiзгi нәтижелерi және оның маңызы.Капитализмнiң дамуы. Құлдық институтының сақталуы және дамуы.АҚШ-тың аумақтық өсуi. Ағылшын-американ соғысы және оның салдары.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Англия отарларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының сипаттарын атаңыз.
2. Әр түрлі кезеңдердің өзіне тән ерекшеліктерін атап, дәптерге жазыңыз.
3. Контур картамен, сөздікпен жұмыс.
4 тақырып. Ұлы француз буржуазиялық революциясы. 1 сағат.
Дәрістің мақсаты: Ұлы француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызын анықтау
Тақырыптың сұрақтары:
1. XVII-XVIII ғғ. Франция:әлеуметтiк-экономикалық және саяси дамуы.
2. XVIII ғ. Француз буржуазиялық революциясы: себептерi, идеологиясы, кезеңдерi, барысы, нәтижелерi.
3. Наполеонның билiкке келуi және оның iшкi және сыртқы саясаты.
Дәрістің тезистері:
Революцияның алғышарттары мен идеологиялық дайындығы. XVII ғ. Францияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Аграрлық қатынастар. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте капитализмнің дамуы. Ішкі, сыртқы және отарлық сауда. Кольбертизм. Әлеуметтік құрылымы мен сословиелік құрылым.
Феодалдық-абсолюттік құрылыстың дағдарысы. Людовик XV, Людовик XVI. Абсолютизмге аристократтық және буржуазиялық оппозиция.
Француз ағартушылығы, оның сипатты белгілері. Монтескье және Вольтер, Дидро және "Энциклопедия". Ағартушылықтың демократиялық қанаты. Ж.Ж.Руссо. Мелье, Морелли, Маблидің коммунистік утопиясы.
Революциялық ахуалдың қалыптасуы. Бас Штаттардан ұлттық Құрылтай жиналысына дейін. Революцияның басталуы. Құрылтай жиналысының заңдары. "Адам және азамат құқықтарының Декларациясы". 1791ж. Конституция. Заң шығару жиналысының қызметі.
Жирондистер билік басында. Бірінші республика. Ұлттық конвент. Таулықтар мен Жиронданың күресі. "Құтырғандар" қозғалысы. Француз халқының ішкі контрреволюция мен шетелдік интервенцияға қарсы революциялық күресі. Якобин диктатурасы мен оның механизмі. Робеспьер, Дантон. Якобиншілердің ішкі және сыртқы саясаты. Якобин диктатурасының дағдарысы мен құлауы және Термидор төңкерісі. Термидор реакциясының сипаты. Директория режимінің орнауы. Әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі. Бабеф және «теңдестер» қастандығы. Термидорлық Конвент пен Директорияның сыртқы саясаты. Директория режимінің дағдарысы. 18 Брюмер төңкерісі.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Революцияның шығу себептерін атаңыз
2. Революцияның басталуы қай оқиғамен байланысты болды?
3. Якобин диктатурасы қай кезде болды және оған қандай баға бересіз?
4. М.Робеспьердің жеке тұлғасына баға беріңіз.
5 тақырып. 1815-1870 жж. Англия. 1 сағат.
Дәрістің мақсаты: 1815-1870 жж. Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму үрдістеріне шолу жасау.
Тақырыптың сұрақтары:
1.Өнеркәсiп төңкерiсiнiң аяқталуы.
2. XIX ғ. Басындағы демократиялық қозғалыстың өрлеуi. 1832 ж. парламент реформасы.
3. Чартистер қозғалысы және оның нәтижелерi.
4. 1815-1870 жж. Англияның сыртқы саясаты.
Дәрістің тезистері.
Англиядағы өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуы және индустриализация үрдісінің дамуы. Экономикалық инфрақұрылымдық фабрика-заводтық капитализмнің дамуы. Ірі өнеркәсіптің негізгі ролі. Ағылшындық валюта – финанстік жүйе. Акционерлік қоғамдардың құрылуы. Аграрлық өнеркәсіптегі модернизация. Ұлыбританияның сауда – отарлау монополиясы. Навигациялық акттерге (1849) тиым салу. Экономикалық формалардың отарлық қанау эволюциясы. Транспорттық жүйенің және хабарлау жүйесінің дамуы. Р. Тревиктің (1804) бірінші паровозы. Темір жолдың құрылысы. Лондондағы (1863) алғашқы жер асты темір жолы. У. Кук пен Ч.Уитсонның электрикалық телеграфтық аппаратты (1837). Англия мен АҚШ арасындағы (1866) алғашқы кабель. Екі партиялық моделінің нақты құрыла бастауы. Либералды және консервативтік партияның құрылуы және олардың идеялогиялық доктриналары.
Лорд Ливерпульдің (1812 – 1827) «ұзақ» билігі. Англияда радакалдандыру қоғамның қозғалысы. У. Кобетт. 1817 ж. Лондонға сапар. «Реформа үшін күрес». А. Веллингтон және Ч. Грей. Католиктерді эмансипациялау туралы акт (1929). 1832 ж. сайлау реформалары және оның саяси маңызы. Кедейлер туралы (1834ж) заң. Чартистік қозғалыс: әлеуметтік база, идеялогиялық бағдарлама, негізгі саяси формалардың қызметі, көш басшылар: О. Коннор. У. Ловетт. 1842 ж. 1848 ж. Ереулер. Экономиканың дамуы мен саясаттың әсерінен өнеркәсіп буржуазиясы және астық заңдарына тиым салынды (1846). Тред-юниондар легализациясы. Жұмысшылар коалициясының заңы. ХІХ ғ. 50-ші ж. Буржуазиялық радикализм идеясы.Д. Брайт. Пальмерстон мен Гладстонның кабинеттері. 1867 ж. Парламент реформасы. У. Гладстон мен Б. Дизраэльдердің саяси мансабының басталуы.
Георг IV (1820-1830) және Вильгельм IV билік жүргізген уақыттағы Британдық монархия. 1837 ж.- «викториялық кезеңнің» басталуы. Виктория ханшайымы- адам, саясаткер, бейнесі (1837-1901). «Викториялық кезеңдегі» ағылшындық қоғам.
Вена конгресіндегі Ағылшын дипломатиясы. 20-30 жж. Ұлыбританияның ішкі саяси бағытындағы эволюция. Р. Каслри Дипломатиясы және Қасиетті одақ. Дж. Каннинг. Ағылшын – орыс қарама – қайшылығының күшеюі. Ұлыбританияның сыртқы саясатындағы «Пальмерстондық кезең». «Англияның мәңгі достары жоқ, бірақ мәңгі қызығушылығы бар». 1830, 1848 – 1849 жж. революция кезіндегі Ұлыбритания дипломатиясы. 1854 ж. Ұлыбританияның Қырым соғысына қатысуы. 1856 жылғы Париж бейбіт келісім шарты.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісінің нәтижелері қандай?
2. Чартистер қозғалысыныі мәні неде?.
3. Қоспартиялық жүйеге сипаттама беріңіз
6 тақырып: 1870-1918 жж. Англия. 1 сағат.
Дәрістің мақсаты: 1870-1918 жж. Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму үрдістеріне талдау жасау.
Тақырыптың сұрақтары:
1. 1870-1914 жж. Англияның экономикасы.
2. 1815-1870 жж. Англияның iшкi саясаты
3. 1870-1914 жж. Ұлыбританиядағы жұмысшы және демократиялық қозғалыс.
4. 1870-1914 жж. Англияның сыртқы саясаты.
Дәрістің тезистері:
Англия – «әлем шеберханасы». Өнеркәсiп буржуазиясының үстемдiгi. Саяси құрылысқа тән қасиеттер. Тред-юниондық. Ирландия мәселесi. Англияның әлемдiк өнеркәсiптiк және сауда үстемдiгiн жоғалта бастауы. Ағылшын монополистiк капитализмнiң отаршылдық сипаты.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Англияның саяси құрылысының ерекшеліктерін атаңыз.
2. Тред-юниондық ұғымының мәні неде?
3. Ағылшын монополистiк капитализмнiң ерекшеліктері?
7 тақырып: 1815-1870 жж. Франция. 1 сағ.
Дәрістің мақсаты: Тақырыпты оқыту барысында жаңа ұғымдарды түсіндіріп, бекіте отырып, жергілікті материалдармен, қазіргі заман тарихымен байланыстыра оқыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Бурбондар рестоврациясы мен шiлде монархиясы жылдарындағы Франция.
2. 1848-1849 жж. революция және 2-Республика.
3. 1851 ж. 2 желтоқсандағы төңкерiс. Екiншi империяның жариялануы.
4. Екiншi империяның iшкi және сыртқы саясаты.
Дәрістің тезистері:
ХVIII Людовик (1814-1824) және «1814 Хартия». Қалпына келтірудегі қайшылық және ішкі саяси дағдарыстың күшеюі. Ришелье мен Виллелуың үкіметтегі кабинеттері - екі альтернативтік саяси бағыттар. Х Карл (1824-1830) тұсындағы дворяндық–клерикалық реакция. 1830 ж. шілде революциясы. Король–буржуа Луи-Филипп Орлеанский (1830-1848). «1830 ж. Хартия» - буржуазиялық монархия. Қаржы ақсүйектерінің өктемдігі.
ХІХ ғ. ортасында Францияның саяси жағдайының дамуы. Бірқалыпты–либериалдық және республикалық партиялардың құрылуы. Орлеан одағының күйреуі. 1848 ж. Ақпан дағдарысы және уақытша үкіметтің құрылуы. Екінші республиканың заң шығарушылығы. Бонапартизмнің саяси жандануы. Париждегі жұмысшылардың маусым көтерілісі. 1848 ж. конституция. 1848 ж. президенттік сайлау. 1851 ж. 2 желтоқсандағы мемлекеттік төңкеріс. Плебисциттік демократия – қарсылар және жақтаушылар. Президенттік республика тәртібінің құрылуы.
Шарль–Луи Наполеон Бонапарт: монархизммен республиканизмнің үйлесімі. Францияда бонапартизм идеологиясының жандануының идеялық–психологиялық және әлеуметтік–экономикалық негіздері.
Француз қоғамының әлеуметтік–саяси модернизациясы жағайындағы ІІ Империяның мемлекеттік режимінің эволюциясы. «Авторитарлы» (1851-1859) және «либералды» империя (1860-1870). Францияда өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуы. 1855 ж. Париждегі бүкіл әлемдік көрме. Француздардың астанасын қайта қалпына келтіру. ІІ Империяның сыртқы саясаты. Францияның шығыс (Қырым) соғысына қатысуы. 1859 ж. Австриямен соғысы. ІІ Империяның отарлық соғыстары. Мексикандық авантюра, Алжир, Тунис, «Қара Африкаға», Қытай және Оңтүстік – Шығыс Азия. 1870-1871 жж. Франк-Пруссия соғысы. Соғыс сәтсіздіктрі. ІІІ Республика жариалануы. 1871 ж. Париж коммунасы. Коммунаның негізгі саяси және әлеуметтік – экономикалық іс-шара. «Қанды апта». ІІІ Республика 1871-1900 ж. Саяси топтар және партиялар.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Бурбондар рестоврациясының мәні неде?
2. 1848-1849 жж. Революцияның себептері қандай?
3. 2 империя қашан жарияланды?
Әдебиеттер: 7, 11, 29.
8 тақырып: Франциядағы үшiншi республика. 1 сағ.
Дәрістің мақсаты: Франциядағы үшінші республиканың орнау тарихын айта отырып, студенттерде салыстыру, талдау жасау дағдыларын дамыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Франциядағы үшiншi республиканың жариялануы.
2. 1871-1914 жж. Францияның экономикасы.
3. 1871-1914 жж. Үшiншi Республиканың iшкi саясаты.
4. Жұмысшы және социалистiк қозғалыс.
5. Сыртқы және отарлық саясаты.
Дәрістің тезистері:
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Франциядағы үшiншi республиканың жариялануы
2. Үшiншi Республиканың iшкi саясатына сипаттама беріңіз.
3. Жұмысшы және социалистiк қозғалысының ерекшеліктері қандай?
9 тақырып: 1815-1870 жж. Германия. 1 сағ.
Дәрістің мақсаты: 1815-1870 жж. Германияныі даму ерекшеліктеріне тоқталу.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Революция қарсаңындағы Герман елдерiнiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси дамуы.
2. 1848-1849 жж. Германиядағы революция.
3. Бiрiгудiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси алғышарттары. О.Бисмарк.
4. Солтүстiк герман одағының құрылуы.
Дәрістің тезистері:
Герман одағының (1815) құрылысы мен құрылуы. Пруссия, Австрия және Германияның мемлекеттік бірігу мәселесі. Трис саясатты. ХІХ ғ. басындағы Германияның экономикасындағы дамудың ерекшелігі. Крестьяндардың феодалдық тәуелсіздігін жою. Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы. ХІХ ғ. бірінші жартысында Пруссияның саяси және кеден саясатының экономикалық аспектілері. Кеден одағы. Германия тарихындағы «Бидермайер» кезеңі: әлеуметтік психологияда, саяси мәдениеттегі өзгерістер.
Германияның саяси кеңістігінің құрылуы. 1822-1848 жж. консервативті саясат кезеңі.
30-шы жылдары Конституциялық қозғалыс. Ұсақ буржуаздық радикализм («Жас Германия қозғалысы»). Неміс жұмысшы қоғалысының бастауы. К. Маркс пен Ф. Энгельстің коммунизм идеясы. ХІХ ғ. басындағы мемлекеттік орталықтандыру неміс қоғам-саясаткерлерінің ой-санасы туралы.
1848 ж. Германиядағы революция. Революцияның себептері мен басталуы. Германияның Оңтүстік-Шығыс және батысындағы қоғамдық саяси қозғалысы. Пруссиядағы наурыз оқиғалары. Либералды министрліктердің құрылуы. Пруссиядағы конституциялық реформалар және консервативтік күштердің белсенділігі.
1848 ж. Империялық конституция. Франфурт парламент – бірінші жалпы германдық ұллтық жиналыс. 1848 ж. мамыр көтерілісі. Саяси конституциялық қозғалыстың жеңіске жетуі. 1849 ж. Империялық конституцияның құрдымға кетуі. 1848 ж. халық көтерілістері. Германия революциясының сипатымен анықтамасы.
ХІХ ғ. 50-60 жж. Германияның экономикалық дамуы. «Пруссиялық жол» аграрлық капитализмнің дамуы. Солтүстік герман мемлекетінің Пруссия эгидтігіне бірігуі. Неміс ұлттық Одағы партиясының құрылуы. Вльгельм І Гогенцоллерннің прустік билігінің нығаюы. О. фон Бисмарк. Германияның «темір мен қан» бірігуінің алғы шарттары. Бисмарктың әскери-саяси реформалары.
Германияны біріктірудегі сырқы саяси аспектілердің үрдісі және Пруссия беделінің өсуі. Австро-прустік және дания-прустік соғыс. Садова түбіндегі (1866) шайқас. Солтүстік-герман одағының құрылуы. 1870-1871 жж. Франко-пруссия соғысы. Француз әскерінің Седанда қоршап алынуы және капитуляция жариялауы. Франко-пруссия соғысының халықаралық, әскери-саяси салдары. Германия империясының конституциялық құрылымы.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. 1848-1849 жж. Германиядағы революцияның себептері қандай?
2. О.Бисмарктың жеке тұлғасына сипаттама беру
3. Солтүстiк герман одағы қашан құрылды?
10 тақырып: 1870-1914 жж. Германия. 2 сағ.
Дәрістің мақсаты: 1870-1914 жж. Германияның даму ерекшеліктеріне шолу жасау.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Франк-прусс соғысы және Герман империясының жариялануы.
2. Герман империясының экономикалық даму ерекшелiктерi.
3. 1871 ж. конституция. Iшкi саясат.
4. Сыртқы саясат.
5. Жұмысшы және социалистiк қозғалыс.
Дәрістің тезистері:
Германияны біріктірудің аяқталуы. 1871 жылы қаңтарда Версаль сарайының Айналы залында Германия империясы жарияланды. Оның императоры болып Пруссия королі I Вильгельм тақка отырды. Сол жылы сәуір айында бірінші рейхстаг өзінің Конституциясын қабылдады. Конституция бойынша тек Пруссия королі императорлык билікпен қоса, жоғары атқарушы және заң шығарушы билікке де ие болды. Ол өзіне ғана бағынатын үкімет басшысы—канцлерді тағайындайтын болды. Император бүкіл қарулы күштерді өз қалауынша жұмсады, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін тікелей өзі шешті, халықаралық іс-әрекеттерде Германияның атынан сөйледі.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Франк-прусс соғысы қашан болды?
2. Герман империясы қашан жарияланды?
3. Жұмысшы және социалистiк қозғалысына сипаттама жасаңыз
11 тақырып: XIX ғ. бiрiншi жартысындағы АҚШ. Азамат соғысы. 1 сағ.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, саралау тұжырым жасау дағдыларын одан әрі дамыту, картамен жұмыс арқылы кеңістіктік түсініктерін дамыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. XIX ғ. бiрiншi жартысындағы АҚШ-ң әлеуметтiк-экономикалық және саяси дамуы.
2. Оңтүстiк пен Солтүстiк арасындағы азамат соғысы: себептерi, барысы, нәтижелерi.
3. Оңтүстiктi реконструкциялау.
Дәрістің тезистері:
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы АҚШ-ң әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістері. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Аграрлық заңнаманы демократияландыру үшін күрес. Ауыл шаруашылығын дамытудың фермерлік жолы. АҚШ-ң оңтүстігіндегі плантациялық құлиеленуші шаруашылықтар. Америкалық құлдықтың сипаты.
АҚШ территориясының кеңейуі. Экспансиялаудың тактикалық әдістері. Үндістік тайпаларды ығыстырып шығару. Текумсэ көтерілісі. Монро доктринасы. Луизиана мен Флориданы иелікке алу. Мексикамен соғыс.
Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы қайшылықтар. 1819-1820 жж. саяси дағдарыс. Миссурийлік компромис. Демократиялық партияның құрылуы. Қоспартиялық жүйенің дағдарысы. «Үшінші партиялар». Фрисойлерлер. Аболюционизм. Құлиеленушілік жүйенің дағдарысы. Республикалық партияның құрылуы. Канзастағы азамат соғысы. Дред Скот ісі. 1860 ж. президент сайлауында А.Линкольннің жеңіске жетуі.
Оңтүстіктің бөлініп шығуы (сецессия). Азамат соғысының конституциялық кезеңі. Тараптардың мақсаттары және әскери жоспарлары. Солтүстік өкілдерінің жеңілістері. Гомстедтер туралы заң. Құлдықтың жойылуы. Азамат соғысының революциялық кезеңі. Құлиеленушілерге қарсы коалицияның кеңейуі. Негрлердің әскери қимылдарға қатысуы. Солтүстік өкілдерінің жаңа стратегиялық жоспарлары. Конфедерацияның талқандалуы. А.Линкольннің өлтірілуі. Батыс Еуропа және Ресейдің революцияға байланысты ұстанымдары. Азамат соғысының маңызы және нәтижелері. Революцияның бірінші кезеңінің аяқсыз қалуы.
АҚШ-ғы революцияның екінші кезеңі ретінде есептелетін Оңтүстікті Реконструкциялаудың мазмұны. Демократтар және республикашылдар. Э.Джексон және «президенттік» Реконструкция. Реакция. Бүліктің белсенді мүшелеріне рақымшылық жасау. Нәсілдік кемсітушілік. «Қара кодекстер». Куклукс-клан. Э.Джексон саясатына қарсы оппозиция. «Радикалдық» реконструкция. Оңтүстіктегі әскери диктатура режимінің сипаты. Реконструкция үкіметтерінің саясаты. Конституцияның 13 және 14- түзетулері. Реакцияға қарай бет бұру және Реконструкция үкіметтерінің құлауы. Тилден-Хейс келісімі. 1870-жж. соңына қарай саяси күштердің жаңаша орналасуы. 1861-1877 жж. буржуазиялық-демократиялық революцияның нәтижелері.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. XIX ғ. Бiрiншi жартысындағы АҚШ-ң әлеуметтiк-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері қандай?
2. Оңтүстiк пен Солтүстiк арасындағы азамат соғысының шығу себептері қандай
3. Оңтүстiк пен Солтүстiк арасындағы азамат соғысының нәтижелері қандай?
12 тақырып: 1877-1914 жж. АҚШ. 1 сағ.
Дәрістің мақсаты. 1877-1914 жж. АҚШ-тың даму жолдарын қарастыру.
Тақырыптың сұрақтары:
1. 1877-1914 жж. АҚШ-ң экономикалық дамуының ерекшелiктерi.
2. Жұмысшы және демократиялық қозғалыс.
3. Мемлекеттiк құрылысы және iшкi саясаты.
4. Сыртқы саясаты.
Дәрістің тезистері:
АҚШ-ң әлеуметтік-экономикалық дамуындағы екінші буржуазиялық революцияның нәтижелері. АҚШ-ң әлемнің жетекші өнеркәсіптік державасына айналуы. Өнеркәсіптің негізгі салалары, жаңа технологиялар. Американ монополиялары және қаржы олигархиясы. АҚШ жұмысшы табының құрылуы және ерекшеліктері. «Американдық еңбек Федерациясы», «Әлемнің индустриялық жұмысшылары».
Қос партиялы жүйенің дамуы. Американ қоғамын демократияландыру әрекеттері. Шерменның антигрестік заңы. Т.Рузвельттің реформалары. В. Вильсон бағдарламасы және оның жүзеге асуы.
АҚШ-ң экспанциялы сыртқы саясаты. «Доллар Дипломатиясы», «Ашық есік» доктринасы. АҚШ сыртқы саясатының қиыршығыстық және тынық мұхиттық бағыттары.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. 1877-1914 жж. АҚШ-ң экономикалық дамуының ерекшелiктерi қандай?
2. Жұмысшы және демократиялық қозғалысының сипаты қандай?
3. Сыртқы саясатына сипаттама жасаңыз.
13 тақырып: ХІХ–ХХ ғғ.аралығындағы халықаралық қатынастар және Бірінші дүниежүзілік соғыс
1. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы әлемдік сахнадағы күштердің ара салмағы.
2. Әлемді бөліске салуға бағытталған алғашқы соғыстар. Ағылшын-неміс қарама-қайшылықтарының өсуі. Қиыр Шығыс мәселесі.
3. ХХ ғ. басындағы Америка құрлығынджағы халықаралық жағдай.
4. Антантаның құрылуы. Балқан соғыстары.
Дәрістің тезистері:
Халықаралық қатынастардың жаңа белгілері. Европадағы «қарулы бітім» жүйесі. «Үш императордың Одағы». 1877-1878 жж. Орыс-түрік соғысының салдары. Австрия-герман және Үштік одақтардың құрылуы. Орыс-герман қатынастарының шиеленісуі. Әлемді территориялық бөлудің аяқталуы және оны қайта бөлу жолындағы күрес.
Алғашқы империалистік соғыстар. Антантаның құрылуы. Балқан соғысы. Империалистік блоктардың әскери-стратегиялық жоспары. Жаппай қарулану. 1914 жазындағы күштердің орналасуы. Шілде дағдарысы және бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
1914-1918 жж. Бірінші дүниежүзілік соғыс. Себептері, барысы, нәтижелері. Соғыстың сылтауы мен басталуы. Соғыстың сипаты. Державалардың әскери жоспарлары мен мақсаттары. Қаурыт соғыстың жүзеге аспай қалуы. 1914-1918 жж. Батыс майдандағы әскери қимылдар. Соғыс барысындағы Шығыс майданның ролі. Соғыс барысындағы дипломатия. Төрттік Одақтың құрылуы. Империалистік соғыстан империалистік бітімге өтуге әрекет. Соғыстың аяқталуы және нәтижелері.
Достарыңызбен бөлісу: |