1. Пән туралы ақпарат


Өзін тексеруге арналған тапсырмалар



бет3/4
Дата30.10.2019
өлшемі75,36 Kb.
#50755
1   2   3   4
Байланысты:
6.2 Силлабус


Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. "Үш императордың Одағы» қашан құрылды, кімдерден құралды?

2. Империалистік блоктардың әскери-стратегиялық жоспарына талдау жасаңыз.
14 тақырып: Қазіргі заман тарихының бірінші кезеңіндегі Еуропа және Америка елдерінің дамуының негізгі үрдістері

Тақырыптың сұрақтары:

1. 1-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және Версаль-Вашингтон жүйесінің құрылуы

2. 1929-1933 ж.ж. әлемдiк экономикалық дағдарыс және оның

экономиканың құрылымдық қайта құруына әсерi.

ХIХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басындағы батыс қоғамының әлеуметтiк құрылымы

3. Соғысаралық жылдардағы Еуропа және Америка елдерiндегi саяси тәртiптер

4. Соғысаралық жылдардағы халықаралық жұмысшы және демократиялық қозғалыстар

Дәрістің тезистері:

Әлемдік шаруашылықтың дамуы, капиталистік қатынастардың жаңа аймақтарға таралуы, мемлекеттік монополистік капитализмнің орнығуы. Жаңа салалардың техникалық жаңартылуы және жаңа салалардың дамуы. Париж бейбіт конференциясы. Оның бағдарламасы және қатысушылардың мақсаттары. В.Вильсонның 14 пункті. Версаль бейбіт келісім шарты. Германияның одақтастарымен бейбіт келісім шарттар. Әлемді территориялық қайта бөлу және мандаттар жүйесі. Репарация мәселесі. Вашингтон конференциясы. 4 держава Трактаты. Теңіз қару-жарағын азайту туралы 5 держава келісімі. 9 державаның Қытай бойынша келісімі. XX ғ. 20-30 жж. халықаралық саясаттағы қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері. Версаль-Вашингтон жүйесінің бұзылуы.



Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. «Қазіргі заман» ұғымының пайда болу тарихы қалай?

2. Версаль-Вашингтон жүйесінің мәні неде?

3. Терминдік сөздік жүргізу.


15 тақырып. 1918-1939 жж. Германия

Дәрістің мақсаты: 1918-1939 жж. Германияның саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін анықтау.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Германиядағы қараша революциясы

2. 1919-1923 жж. Веймар республикасы. Герман капитализмінің уақытша тұрақталуы.

3. Әлемдік экономикалық дағдарыс. Саяси реакцияның күшейуі. Веймар республикасының күйреуі.

4. Фашистік диктатура жылдарындағы Германия

Дәрістің тезистері:

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Терең әлеуметтік–экономикалық және саяси дағдарыс. Қараша революциясы: басталуы, барысы, сипаты, нәтижелері, маңызы. 1919-23 жж. Веймар республикасы, экономикалық даму. Саяси партиялар. Үлкен коалиция.

20-шы жылдардың басындағы ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі. Мюнхендегі "Сыра бүлігі". Германия тұрақтану жылдарында (1924-1929 жж.). Әскери-экономикалық қуаттың қалпына келуі. Дауэс жоспары, Юнг жоспары. Германияны Ұлттар Лигасына қабылдау. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Германияның фашизмге бет бұруы. Герман нацизмі тоталитаризмнің оңшыл нұсқасы ретінде. Нацизмнің сыртқы саясаты, оның мақсаты мен негізгі бағыттары.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. Германиядағы қараша революциясы жайлы не білесіз?

2. Веймар республикасының әлеуметтік тірегі кімдер болды?

3.Герман фашизмінің мәні неде?


16 тақырып: 1918-1939 жж. Ұлыбритания

Дәрістің мақсаты: 1918-1938 жж. Ұлыбританияның саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін анықтау.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Англиядағы революциялық өрлеу

2. 1924-1929 жж. Англияның экономикалық жағдайы және билеуші топтардың саясаты.

3. Екінші лейбористік және «ұлттық» үкіметтердің ішкі және сыртқы саясаты.

4. Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы Англия.

Дәрістің тезистері:

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбритания. Д. Ллойд-Джордж кабинетінің ішкі саясаты.сыртқы саясат. Ирландия мәселесі. Ольстер мәселесі. Капитализмнің салыстырмалы тұрақтануы және оның Ұлыбританиядағы ерекшеліктері. Бірінші лейбористік үкімет. Р. Макдональд. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбритания мен оның отарларына әсері. Екінші лейбористік үкімет. Протекционизм.

Консерваторлардың билікке келуі. Н. Чемберлен. Англиядағы фашистік қозғалыс. Вестминстерлік статут. Британдық Ұлттар достастығы. 1939 ж ағылшын-француз-кеңес келіссөздері. Депрессия және экономикалық дағдарыстың басталуы. Ағылшын-герман және ағылшын–жапон қатынастарының шиеленісуі.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. Версаль шарты бойынша Ұлыбританияның ұтұаны мен ұтылған тұстарын атаңыз

2. Аталған кезеңдегі ағылшын өкіметтерінің ішкі саясаттарына талдау жасау

3. Контур картамен, сөздікпен жұмыс.


17 тақырып: 1918-1939 жж.Франция

Дәрістің мақсаты: 1918-1938 жж. Францияның саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін анықтау.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның саяси және экономикалық жағдайы.

2. Француз капитализмінің уақытша тұрақталуы. «Солшыл блок» және «Ұлттық бірлік» үкіметтерінің саясаты.

3. Әлемдік экономикалық дағдарыс жылдарындағы Франция. Халық майданы. Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы Франция.



Дәрістің тезистері:

Франция үшін бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары. Отаршылдық идеология мен саясат. ФКП құрылуы. Жалпы Еңбек конфедерациясының жікке бөлінуі. Унитарлық жалпы еңбек конфедерациясының құрылуы. Капитализмнің салыстырмалы тұрақтануы және оның Франциядағы ерекшеліктері. Радикалдар мен француз центризмі. Э. Эррио. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарындағы Франция. Мемлекеттік-монополистік реттеудің дирижистік нұсқасы. Жаңа солшыл блок үкіметінің қарама-қайшылықты бағыты. Франциядағы фашисттік қозғалыстың ерекшеліктері. Халық майданының құрылуы. Л. Блюм, К. Шотан, Э. Даладье үкіметтері. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Франция



Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның экономикалық және саяси жағдайына сипаттама жасаңыз.

2. Француз коммунистік партиясы қашан құрылды.?

3.Солшыл блок туралы не білесіз?

4. Француз фашизмінің ерекшеліктерін атаңыз
18 тақырып: 1919-1939 жж. АҚШ

Дәрістің мақсаты: 1918-1938 жж. АҚШ-тың саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін анықтау.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-ң экономикалық және саяси жағдайы.

2. АҚШ-ғы капитализмнің тұрақталуы.

3. «Ұлы дағдарыс» жылдарындағы АҚШ.

4. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». 1933-1939 жж. АҚШ-ң сыртқы саясаты.

Дәрістің тезистері.

АҚШ үшін бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары. АҚШ-ң әлем көшбасшылығы үшін күресі. Вашингтон конференциясы. Европадағы "Доллар дипломатиясы". Соғыстан кейінгі АҚШ қаржылық-экономикалық көшбасшылығы. У. Гардинг. АҚШ капитализмнің тұрақтануы. Қоспартиялы жүйе. Юнг жоспары. Г. Гувердің билікке келуі.

1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ф. Д. Рузвельттің "Жаңа бағыты". Кейнс теориясы және мемлекеттік-монополиялық реттеудің либералдық моделі. Рузвельттің "Жүз күні". Қаржы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларындағы «жаңа бағыт» реформалары. «Жаңа бағыттың» әлеуметтік заңнамалары.

1933 - 1939 жж. АҚШ сыртқы саясаты. АҚШ және Европадағы ұжымдық қауіпсіздік мәселелері.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. АҚШ үшін бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары қандай болды?

2. Ф. Д. Рузвельттің «Жаңа бағытының» мәнін ашыңыз

3. 1933 - 1939 жж. АҚШ сыртқы саясатының бағыттарын атаңыз.


19 тақырып: Қазіргі заман тарихының бірінші кезеңіндегі халықаралық қатынастар

Дәрістің мақсаты: Қазіргі заман тарихының бірінші кезеңіндегі халықаралық қатынастарға талдау жасау.

Тақырыптың сұрақтары:

1. 30-шы жылдардағы халықаралық қатынастар. Ұлттар Лигасының ыдырауы

2. Фашистік режимдердің орнауы

3. Коминтерннің қызметі



Дәрістің тезистері:

1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және халықаралық жағдайдың шиеленісуі. Репарациялық мәселенің эволюциясы. Батыс державалары тарапынан «тежеу» саясаты. Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағында ағылшын-герман және ағылшын–жапон қатынастарының шиеленісуі.



30-шы жылдардағы бейбітшілік, қарусыздану және ұжымдық қауіпсіздік мәселелері. КСРО-ң Ұлттар Лигасына кіруі, француз-кеңес және кеңес-чехословак өзара көмек туралы келісім шарттар.

Фашистік мемлекеттердің 30-шы жылдардағы агрессиялық саясаты. Испаниядағы революция және Халық майданы үкіметіне қарсы итальяндық-германдық интервенция. Берлин-Рим-Токио үштігінің құрылуы. Мюнхен келісімі, Чехословакияны оккупациялау. 1939 ж. Халықаралық саяси дағдарыс. 1939 жыл 23 тамыздағы кеңес-герман өзара шабуылдаспау туралы келісімі.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. 30-шы жылдардағы бейбітшілік, қарусыздану және ұжымдық қауіпсіздік мәселелері?

2. Батыс державалары тарапынан «тежеу» саясатыныі мәні неде?

3.Қиыр Шығыстағы халықаралық жағдайға сипаттама беріңіз?


20 тақырып: Екінші дүниежүзілік соғыс

Дәрістің мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, қорытындылары және осы оқиға туралы қазіргі көзқарастарға талдау жасау

Тақырыптың сұрақтары:

1. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы, себептерi, сипаты мен кезеңдерi.

2. Оккупацияланған территориялардағы фашистiк “жаңа тәртiп”.

3. Антигитлерлiк коалицияның құрылуы және оның бағдарламасы.

4. Соғыстан кейiнгi реттеу мәселелерi

5. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың халықаралық-саяси және әлеуметтiк- экономикалық нәтижелерi.



Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. Антигитлерлiк коалицияның құрылуына ұйытқы болған елдерді атаңыз

2. Тегеран, Ялта конференцияларында қаралған мәселелерге талдау жасап, баға беріңіз.


21 тақырып: ХХ ғ. 40-жж. ортасынан ХХІ ғ. басына дейінгі Еуропа және Америка елдерінің дамуындағы негізгі үрдістер.

Дәрістің мақсаты: ХХ ғ. 40-жж. ортасынан ХХІ ғ. басына дейінгі Еуропа және Америка елдерінің дамуындағы негізгі үрдістеріне сараптама жасау.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Қоғамды дамытудың моделі мен жолын таңдау проблемасы.

2. Кеңестік социализм моделінің жарамсыздығы.

3. ҒТР және оның салдарлары.

4. Ғылым мен мәдениеттің дамуының негізгі үрдістері.

Дәрістің тезистері:

Батыс елдері экономикасын қалпына келтіру мен модернизациялау. Экстенсивті сипаттағы индустриалдық дамудың аяқталуы (50-60жж.). Кемелденген индустриалдық қоғам кезеңінің аяқталуы (70-ші жылдардың ортасы). Ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі. Экономикалық үдерістің интернациаландырылуы. Бреттон-Вуд қаржы жүйесінің құрылуы. 70-80 жж. құрылымдық дағдарыс. Стагфляция. Монетаризм саясаты.

ХХ ғ.соңы – ХХІ ғ. басындағы әлемдік шаруашылықтың даму ерекшеліктері – жаһандану. Жаһандық индустриаландыру және постиндустриалдық кезеңге өту. Әлеуметтік және экономикалық үдерістердегі жаһандану, халықтар мен елдер арасындағы қарым-қатынастардағы күрлеліліктер. Ұлттық және ұлтүстілік бастаулардың астасып кетуі. Ақпараттық қоғамның түзілуі.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. ҒТР қашан басталды?

2.Интеграция үрдісі қашан , қай елдерде басталды?
22 тақырып: 1945 ж. бүгінгі күнге дейінгі АҚШ

Дәрістің мақсаты: 1945 ж. бүгінгі күнге дейінгі АҚШ-тың әлемдік держава ретіндегі саяси-әлеуметтік және зкономикалық дамуына талдау жасау.

Тақырыптың сұрақтары:


  1. Соғыс кезі мен соғыстан кейінгі кезеңдегі АҚШ экономикалық дамуының ерекшеліктері.

  2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ сыртқы саяси доктриналарының эволюциясы.Д. Кеннеди (1961-1963жж.), Л. Джонсон (1964-1968 жж.)

  3. Биполярлық жүйенің жойылуы жағдайындағы американдық дипломатия.

4. Қазіргі кезеңдегі қазақстан-американ қатынастарының экономикалық, әскери-саяси және мәдени аспектлері.

Дәрістің тезистері:

Соғыс кезі мен соғыстан кейінгі кезеңдегі АҚШ экономикалық дамуының ерекшеліктері. Мемлекеттік-монополистік реттеу. Экономиканың милитарлануы. ҒТР, оның экономиканың дамуы мен еңбекшілердің әл-ауқатына әсері.

Демократиялық партияның билігі. Трумэннің "Әділетті бағыты" . Жұмысшы және демократиялық қозғалыстар. Жұмысшыларға қарсы заңнамалар. 1952 ж. сайлау, республикашылдардың билікке келуі. Саяси реакцияның күшеюі. Маккартизм.

Кеннедидің "жаңа белестер" саясаты. Л.Джонсонның президенттігі, "Ұлы қоғам" бағдарламасы және оның сәтсіздігі. Р.Никсонның жаңа экономикалық саясаты, әлеуметтік шиеленістің күшеюі. Жемқорлықтың өсуі және "Уотергейт жанжалы". Д.Форд пен Д.Картердің әлеуметтік саясаты.

Неоконсерваторлар билігі. Р. Рейган. Д.Буш. "Рейганомика", оның әлеуметтік салдары.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ сыртқы саяси доктриналарының эволюциясы. "Коммунизмді тежеу", "жаппай күш көрсету", "икемді әрекет ету", "реалистік тежеу", "бейбітшілік жолындағы серіктестік" (НАТО үшін доктрина) доктриналары, кіші Дж. Буштың доктринасы.

Биполярлық жүйенің жойылуы жағдайындағы американдық дипломатия. АҚШ Парсы шығанағындағы соғысқа қатысуы және ирак-американ қатынастарының одан әрі дамуы. АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясы. «Тежеуден кеңеюге қарай». Әлемдік интеграциялық үрдістердегі АҚШ. АҚШ мен Европа қауымдастығының өзара қатынастары. Араб-израиль реттеулеріндегі АҚШ рөлі. АҚШ және әлемдік саясаттағы «ислам факторы». Қазіргі кезеңдегі қазақстан-американ қатынастарының экономикалық, әскери-саяси және мәдени аспектлері.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. Кеннедидің "жаңа белестер" саясатының мәнін ашыңыз

2. АҚШ саяси-партиялық жүйеге талдау жасаңыз.
23 тақырып: 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Ұлыбритания.

Дәрістің мақсаты: Тақырыпты оқыту барысында жаңа ұғымдарды түсіндіріп, бекіте отырып, жергілікті материалдармен, қазіргі заман тарихымен байланыстыра оқыту.

Тақырыптың сұрақтары:

1. 1945-1951 жж. лейбористердің реформалары.

2. 1951-1964 жж.консерваторлардың саясаты.

3. 60-70 жж. Англияның экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайы.

4. «Темір леди» дәуірі.

5. Бүгінгі Англия.



Дәрістің тезистері:

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның экономикалық дамуы. Лейбористердің билікке келуі. 40-жж. екінші жартысындағы әлеуметтік реформалар. 1951 ж. сайлау және консерваторлардың билікке қайта оралуы. У.Черчилль, А.Иден, Г.Макмиллан, Д.Хьюм үкіметтерінің ішкі саясаты. Денационализация және әлеуметтік заңдарды тежеу. 1960-жж. ортасы мен екінші жартысындағы лейбористік үкімет, олардың құрамы және қызметінің сипаты. Одан әрі национализациялау мәселесі және лейбористтік "аралас экономика" концепциясы. 1960-х жж. екінші жартысындағы ереуілдік күрес.

1970 ж. сайлау және консерваторлардың жеңісі. Э.Хит үкіметінің саясаты. " Өнеркәсіптегі қатынастар туралы Заң ". 1974 ж. лейбористік партияның билікке келуі. М.Тэтчер және"тэтчеризм". 80-90-жж. Англияның экономикалық дамуы және сыртқы саясаты: қырғи қабақ соғыстың бәсеңдеуі мен рецидивтері. Фолкленд дағдарысы. Ұлыбритания және батысевропалық интеграция мәселелері. Ұлыбританияның негізгі саяси күштері Маастрихт келісім шартын ратификациялау туралы. Қазіргі кезеңдегі Британ ұлттар достастығы. Ұлыбритания және Евроодақ қатынастары.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. ІІ ДЖ соғыстан кейінгі Англияның ішкі және сыртқы саясатының негізгі сипаттары қандай?

2. 1945-1951 жж. лейбористердің реформаларының мәні неде?

3. «Темір леди» дәуіріне сипаттама жасаңыз.

4. Бүгінгі Англияның ішкі, сыртқы саясатына талдау жасаңыз
24 тақырып: 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Франция.

Дәрістің мақсаты: Тақырыпты оқыту барысында жаңа ұғымдарды түсіндіріп, бекіте отырып, жергілікті материалдармен, қазіргі заман тарихымен байланыстыра оқыту.

Тақырыптың сұрақтары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның экономикалық дамуы.

2.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның саяси дамуы:

- уақытша режим; - Төртінші республика, - Бесінші республика

3. Бүгінгі күнгі Франциядағы күштердің ара салмағы және саяси күрес.

Дәрістің тезистері:

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның экономикалық дамуы. Францияны неміс-фашистік юасқыншылардан азат етер кездегі саяси күштердің орналасуы. Уақытша режим. IV Республика кезіндегі Франция. "Үшінші күш" үкіметі саясатында реакциялық тенденциялардың күшеюі. 1955 ж. Ұлттық жиналыс сайлауында солшыл күштердің жеңіске жетуі. Ги Молле үкіметі. Фашистік қауіптің өсуі. 1958 ж. саяси дағдарыс. IV Республиканың жойылуы.

Франциядағы Бесінші Республика. Генерал де Голльдің жеке билігі режимі. Ж.Помпиду және В. Жискар де Эстеннің президенттіктері. Ереуілшіл жұмысшы, шаруа және студенттік қозғалыстар. ФКП "алдыңғы қатарлы демократия" жолындағы күресі және солшыл күштердің одағы проблемасы. "Бірлескен үкіметтік бағдарлама".

1981 ж. сайлау және коммунистер қатысқан үкіметтің құрылуы (1982-1984 жж.). Ф.Миттеран. 1986 ж. парламенттік сайлау. Ж.Ширак үкметінің ішкі бағыты: неоконсерваторлық саясаттың француздық нұсқасы. 1988 ж. сайлау және елдегі саяси күштердің қайта құрылуы. Дәстүрлі партиялардың дағдарысы – идеялар мен саяси стиль дағдарысы. Қару-жарақты қысқарту, ядролық қаруларды шектеу мәселелеріне қатысты Францияның позициясы. Францияның халықаралық қауіпсіздікті нығайту шараларына қатысуы. 90-шы жылдардағы жергілікті қақтығыстардағы Францияның рөлі: «құмдағы дауыл», Босния операциясы,Чад мәселесі.

90-шы жылғы президент сайлауы, Ж. Ширактың саяси бағыты және жаппай наразылық шаралары. 1997 ж кезектен тыс парламант сайлауы. Л. Жоспеннің ішкі саясаты. Жаңа «қатар өмір сүру» кезеңінің әлеуметтік-саяси мәселелері. Қасырлар арасындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Франция.

Қазіргі Франция: экономикалық дамуы, ішкі және сыртқы саясаты.



Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. Төртінші Республика қай кезеңді қамтиды?

2. Ү Республика режимінің орнауының себептері неде?

3. «солшыл эксперименттің мәні неде?


25 тақырып: 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Германия

Дәрістің мақсаты: 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Германияның тарихи даму жолдарына талдау жасау.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Германияның бөлінуі және ГФР-ң құрылуы.

2. ГФР-ң әлеуметтік-экономикалық дамуы.

3. ГФР-ң ішкі саясаты.

4. Батыс Германияның сыртқы саясаты.

5. Біріккен Германияның ішкі және сыртқы саясаты.



Дәрістің тезистері:

Германияның бөлінуі және екі герман мемлекетінің пайда болуы. Германияның бөлінуінің сыртқы саяси және ішкі себептері.

1956-1965 жж. герман мәселесі. 1961 ж. Берлин дағдарысы. в 1965-1975 жж. Европалық қауіпсіздік және герман мәселелері. Кеңес-батыс герман, поляк-батыс герман және чехословак-батыс герман келісімдері және олардың маңызы. 1971 ж. Батыс Берлин бойынша келісім.

Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық жиын. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ГДР мен ГФР (1970-жж. екінші жартысы - 1980- жж.) ГДР дағдарысы.

Германияның бірігуі. Қазіргі Германиядағы жаңа саяси қозғалыстар. Шығыс жерлерінің нарықтық экономикаға өтуі: экономикалық, әлеуметтік және психологиялық аспектлері. 1998 ж. сайлау және ХДО/ХСО блогының жеңілісі. «Коль заманының» қорытындылары. 1998 ж. сайлдаудағы ГСДП саяси бағдарламасы. Шрёдер. Европадағы және әлемдегі Біріккен Германия. ГФР және Маастрихт келісім шарты. Германияның ықпалдастық үрдістерге қатысуының қазіргі мәселелері. Қазіргі кезеңдегі қазақстан-герман қатынастардың дамуы.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. Германияның бөлінуінің сыртқы саяси және ішкі себептері?

2. Германияның бірігуі қашан жүзеге асты.
26 тақырып: Соғыстан кейінгі кезеңдегі Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа

Дәрістің мақсаты: Соғыстан кейінгі кезеңдегі Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің даму ерекшеліктеріне тоқталу.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Аймақ елдерінің соғыстар аралығындағы даму ерекшеліктері

2. Соғыстан кейінгі кезеңде даму жолдарын таңдау үшін күрес

3. Социализмді реформалау жолындағы сәтсіздіктер

4. 80-жж. соңы – 90-жж. басындағы революциялар.

5. Бүгінгі Шығыс Еуропа



Дәрістің тезистері:

XX ғ. 90-жж. - XXI ғ.басындағы либералдық қайта құрулар. Екінші дүние жүзілік соғыстың Шығыс Европа елдері үшін экономикалық және демографиялық салдары. Коммунистік және демократиялық альтернативалар. Антифашистік күштердің уақытша топтасуының себептері мен сипаты. Халықтық демократия кезеңіндегі қайта құрулар. «Қуып жету» стратегиясының қабылдануы, өнеркәсіпті национализациялау бағдарламалары. Мемлекеттік бақылау және жоспарлау элементтерін енгізу. Саяси күштердің бөлінуі.

Европалық елдерде екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі саяси жағдайдың дамуының сыртқы факторлары. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы Шығыс Европаға қатысты американдық және кеңестік әскери саясаттың ерекшеліктері. КСРО саяи ықпалының өсуі. Солшыл коалициялардың құрылуы, социалистік революцияға бейбіт жолмен өту бағдарламалары. Жекелеген шығысевропалық елдердегі халықтық демократия кезеңінің ерекшеліктері.

Шығысевропалық елдердегі шынайы социализм тарихы. Коммунистік партиялардағы «мәскеулік» және «ұлттық ағым» бағыттарының қарсылығы. Әлеуметтік-экономикалық жүйені жаппай реформалауға өту. 40-50-ші жж. аралығындағы «қуып дамудың» қорытындылары: табыстары мен қателіктері. Аграрлы-индустриялдық типтегі елдердегі даму динамикасы (Болгария, Румыния, Албания) және олардағы дағдарыстық құбылыстың сипаты.

60-шы жж.басында Шығыс Европа елдерінде «социализмнің негізінің» қаланғандығының жариялануы. Аймақтың қоғамдық дамуындағы кеңестің фактор. Социализмнің шығысевропалық үлгісі. «Брежнев доктринасының» түзілуі. Тоқыраудың басталуы. Саяси элитаның дағдарысы, қоғамдағы әлеуметтік-саяси дағдарыс. «Қосарланған сана» эффекті.

Шығыс Европа кеңестік қайта құру кезеңінде. «Социалистік достастықтың» идеологиялық концепциясы. СЭВ пен ВШҰ дағдарыстық тенденциялардың дамуы. Социалистік елдердегі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың 80-ші жж. екінші жартысында одан әрі жіктеле түсуі.

Шығыс Европа елдеріндегі постсоциалистік қайта құрулар динамикасы. «Үміт кезеңі». Жаңа элитаның саяси стратегиясы. «Демократияландыру мифтері». «Шок терапиясы» концепциясы. Жекешелендіру нұсқалары. Әлемдік нарыққа шығу. Саяси күштердің орналасуындағы өзгерістер, «экономикалық прагматизм» белгісіндегі реформалар.

Қазіргі әлемдік саясаттағы Шығыс Европа. ЕЭҚ кеңею мәселесі. НАТО-ның шығысқа қарай кеңуі. Шығысевропалық елдердің Қазақстанмен өзара қатынастарының ерекшеліктері.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1. XX ғ. 90-жж. - XXI ғ.басындағы либералдық қайта құрулардыңсебептері қандай?

2. Қазіргі әлемдік саясаттағы Шығыс Европа елдерінің рөлін көрсетіңіз
7.Практикалық (семинарлық) сабақтар

Тақырып 1. «Жаңа тарих» ұғымы: мазмұны және кезеңге бөлінуі

Тапсырмалар:

1. Жаңа тарих кезеңі ұғымы және оның ерекшеліктері. Тарихнамадағы жаңа тарих кезеңінің шектері туралы мәселе.

2. Қазіргі кезеңдегі тарихнамадағы жаңа тарихты кезеңге бөлу мәселелері. Жаңа тарихтың кезеңдерінің мазмұны.



Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырыпты қарастыру барысында жаңа заманды зерттеудегі әртүрлі әдіснамалық (методологиялық) көзқарастардың (формациялық және өркениеттік) бар екендігіне көңіл аудару қажет. «Жаңа тарих» ұғымының шығу тегін ашып, осы кезеңнің ерекшеліктерін көрсету қажет. Қазіргі тарихнамадағы жаңа тарих кезеңі туралы мәселені қарастырғанда соңғы оқулықтарда және «Новая и новейшая история» журналында шыққан мақалаларға көңіл аударған жөн.

Әдебиеттер:

  1. Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 1-ші кітап. -2019. -532 бет.

  2. Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 2-ші кітап. -2019. -492 бет.

  3. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы : оқу құралы / Қ. Т. Жұмағұлов [және т. б.]. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 357 бет.

  4. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы: оқу құралы / Г. Ш. Жамбатырова [және т.б.]. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 282 бет.

  5. Жұмағұлов Қ. Т., Беделова Г. С., Садықова Р. О. Шетелдердің жаңа заман тарихы : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 306 бет.

  6. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы: оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау. Т. 2 : Жаңа заман тарихы. - 2017. - 320 бет.


Тақырып 2. Ағылшын буржуазиялық революциясы

Тапсырмалар:

1. Революцияның қарсаңындағы Англия.

2. Ағылшын буржуазиялық революциясы: себептерi, идеологиясы, кезеңдерi, барысы, нәтижелерi.

3. Стюарттар реставрациясы және “даңқты революция”.

4. XVIII ғ. Ағылшын мемлекетiнiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси дамуы.



Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырып ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі құжаттарымен танысуды қажет етеді. Құжаттарға сараптама жасау барысында тарихи деректерге сипаттама жасау жүйесін сақтаған жөн: толық атауы; құжат қандай тарихи жағдайда жасалды (уақыты, орны, авторы, пайда болу себептері); түрі және құрылымы; мазмұны; кімнің мүдделерін қорғайды; тарихи бағасы (құжаттың қабылдануы қандай нәтижелерге, өзгерістерге әкелді немесе әкелуі мүмкін еді).

Әдебиеттер:

  1. Бурова И.И. Две тысячи лет истории Англии. СПб.: Бельведер, 2014.

  2. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы: оқу құралы / Г. Ш. Жамбатырова [және т.б.]. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 282 бет.

  3. Жұмағұлов Қ. Т., Беделова Г. С., Садықова Р. О. Шетелдердің жаңа заман тарихы : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 306 бет.

  4. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы: оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау. Т. 2 : Жаңа заман тарихы. - 2017. - 320 бет.

  5. Савин А.Н. Лекции по истории Английской революции. – М., 2015


Тақырып 3. Тәуелсіздік үшін соғыс және АҚШ-ң құрылуы

Тапсырмалар:

1. Солтүстік Американы ағылшындардың отарлауының кезеңдері. Отарлардың экономикалық жағдайы, халқының әлеуметтік құрылымы, саяси құрылымы.

2. Ұлт-азаттық қозғалыстың қанат жайуы және отарлаушыларға қарсы идеологияның қалыптасуы.

3. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы АҚШ. АҚШ конституциясы.

4. Тәуелсіздік үшін соғыстың нәтижелері және маңызы.

.Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырыпты қарастыру барысында Солтүстік американы отарлаудың кезеңдеріне және осы аймақтағы еуропалық державалардың бәсекелестігіне көңіл аудару қажет. Англияның Солтүстік Америкадағы отарларының саяси құрылысының ерекшеліктерін анықтап алу маңызды. Тақырыптың үшінші және төртінші сұрақтары тәуелсіздік үшін соғыстың негізгі кезеңдері мен оқиғаларын анықтауға бағытталған. Бесінші сұрақта АҚШ Конституциясының негізгі қағидаларын ашып көрсету керек.

Әдебиеттер:



  1. Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 2-ші кітап. -2019. -492 бет.

  2. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы: оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау. Т. 2 : Жаңа заман тарихы. - 2017. - 320 бет.

  3. Римини Р. Краткая история США. – М.,2015

  4. Согрин В. Политическая история США, ХҮІІ-ХХ вв. – М., 2013


Тақырып 4. Ұлы француз буржуазиялық революциясы

Тапсырмалар:

1. XVIII ғ. француз абсолютизмі: ішкі және сыртқы саясаты.

2. Революцияның кезеңдері және басты оқиғалары

3.9-термидордағы контрреволюциялық төңкеріс, Директорияның ішкі саясаты, 1795 ж. Конституция, 18-брюмердегі мемлекеттік төңкеріс.

4.Ұлы француз буржуазиялық революциясының сипаты және маңызы.



Әдістемелік ұсыныстар:

Бұл тақырып екі семинар сабағына арналған. Бірінші сабақта Ұлы француз буржуазиялық революциясының алғышарттарын, бірінші және екінші кезеңдері қарастырылады. Екінші сабақта революцияның үшінші және төртінші кезеңдерінің негізгі оқиғаларын зерттеу қарастырылған. Соңғы сұрақта Революцияның маңызы мен сипатын анықтау қажет.

Әдебиеттер:


  1. Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 2-ші кітап. -2019. -492 бет.

  2. Ревуненков В.Г. Очерки по истории Великой французской революции. –М., 2016.

  3. Жұмағұлов Қ. Т., Беделова Г. С., Садықова Р. О. Шетелдердің жаңа заман тарихы : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 306 бет.

  4. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы: оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау. Т. 2 : Жаңа заман тарихы. - 2017. - 320 бет.


Тақырып 5. 1848-1849 жж. Еуропа елдеріндегі революциялар

Тапсырмалар:

1. Франциядағы революция: себептері, басталуы, барысы, нәтижелері.

2. Германиядағы революция: себептері, басталуы, барысы, нәтижелері.

3. Австрия империясындағы революция: себептері, басталуы, барысы, нәтижелері.

4. Италиядағы революция: себептері, басталуы, барысы, нәтижелері.



Әдістемелік ұсыныстар: Бұл сабақта 1848-1849 жж. Еуропа елдеріндегі революциялардың шығу себептері, мақсаттары, қозғаушы күштеріне талдау жасай отырып, олардың әр елдегі ерекшеліктерін анықтау және революциялардың тарихи маңыздарына мән берген жөн.

Әдебиеттер:

  1. Жұмағұлов Қ. Т., Мырзабекова Р. С., Беделова Г. С. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 277 бет.

  2. История Нового времени: 1600 – 1799 годы : учеб. пособие для вузов /под ред. А. В. Чудинова, П. Ю. Уварова, Д. Ю. Бовыкина.- 3-е изд., испр.- М. Академия, 2012.

  3. Монархи Европы: судьбы династий. –М.,2016


Тақырып 6. Германияның бірігуі

Тапсырмалар:

1. 1848-1849 жж. революциядан кейінгі Германияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Австрия мен Пруссияның Германиядағы үстемдік үшін күресі.

2. О. Бисмарк және оның Германияны біріктіру бағдарламасы.

3. Германияның «қан мен темір» арқылы біріктірілуі. Пруссияның Дания және австриямен соғысы. Солтүстікгерман одағының құрылуы. 1867 ж. Конституция.

4. 1870-1871 жж. Франция-Германия соғысы. Германияны «жоғарыдан» біріктірудің аяқталуы және оның нәтижелері.



Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырыпты оқи отырып Германияның бірігуі қалай жүргенін білуге болады. Бірінші сұрақта Германияны біріктірудің тарихи алғышарттары қандай болғанын анықту қажет. Және Германияны біріктірудегі Австрия мен Пруссияның бәсекелестігіне мән берген жөн. Төртінші сұрақ елді біріктіру процесін тездеткен негізгі жағдайларды анықтауға бағытталған. Еуропа құрлығы үшін Германияның бірігуінің маңызы мен салдарының қаншалықты болғанын анықтауды қажет етеді.

Әдебиеттер:

  1. Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 2-ші кітап. -2019. -492 бет.

  2. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы : оқу құралы / Қ. Т. Жұмағұлов [және т. б.]. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 357 бет.

  3. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы: оқу құралы / Г. Ш. Жамбатырова [және т.б.]. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 282 бет.

  4. Жұмағұлов Қ. Т., Беделова Г. С., Садықова Р. О. Шетелдердің жаңа заман тарихы : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 306 бет.

Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы: оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау. Т. 2 : Жаңа заман тарихы. - 2017. - 320 бет
Тақырып 7. АҚШ-ғы азамат соғысы.

Тапсырмалар:

1. XIХ ғ. Ортасындағы АҚШ-ң әлеуметтік-экономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері. Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы қақтығыстардың себептері.

2. 1860 жылғы президент сайлауы және азамат соғысының басталуы. Оңтүстік конфедерацияның құрылуы.

3. Азамат соғысының кезеңдері және негізгі әскери қимылдар

4. Оңтүстікті «реконструкциялау» Президент У. Грант.



Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырып 1861-1865 жж. АҚШ-ғы азамат соғысының себептерін, ерекшеліктерін, барысын және маңызын анқтауға арналған. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы қақтығыстың себептеріне көңіл аударған дұрыс. Азамат соғысының кезеңдерін анықтап, әр кезеңнің негізгі оқиғаларын сипаттау керек. Сонымен қатар, соғысқа қатысқан топтардың жетекшілерінің идеялық қағидаларын және оңтүстіктің жеңілу себептерін айқындау қажет.

Әдебиеттер:

  1. История Нового времени: 1600 – 1799 годы : учеб. пособие для вузов /под ред. А. В.

  2. Смуц К.Гражданская война в США. – М., 2015

  3. Согрин В. Политическая история США, ХҮІІ-ХХ вв. – М., 2013



Тақырып 8. XIХ ғ. соңы- ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар.

Тапсырмалар:

1. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы әлемдік сахнадағы күштердің ара салмағы.

2. Әлемді бөліске салуға бағытталған алғашқы соғыстар. Ағылшын-неміс қарама-қайшылықтарының өсуі. Қиыр Шығыс мәселесі.

3. ХХ ғ. басындағы Америка құрлығынджағы халықаралық жағдай.

4. Антантаның құрылуы. Балқан соғыстары.



Әдістемелік ұсыныстар: Тақырып ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар жүйесінің дамуының ерекшеліктерін анықтауға арналған. Еуропа мен Американың жетекші елдерінің сыртқы саясатының сипатының өзгеруіне әсер еткен әлеуметтік-эжкономикалық, геосаяси, идеологиялық факторларды айқындау керек. Халықаралық қатынастардың шиеленісуіне әсер еткен жағдайды анықтап, империалистік қақтығыстардың ошағын, империалистік мемлекеттердің мүдделері түйіскен аймақтарды көрсету керек.

Әдебиеттер:

  1. Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы. Оқулық. 2-ші кітап. -2019. -492 бет.

  2. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы : оқу құралы / Қ. Т. Жұмағұлов [және т. б.]. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 357 бет.

  3. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы: оқу құралы / Г. Ш. Жамбатырова [және т.б.]. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 282 бет.

  4. Жұмағұлов Қ. Т., Беделова Г. С., Садықова Р. О. Шетелдердің жаңа заман тарихы : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 306 бет.

  5. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы: оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау. Т. 2 : Жаңа заман тарихы. - 2017. - 320 бет.


Тақырып 9. Бірінші дүниежүзілік соғыс

Тапсырмалар:

1. Шілде дағдарысы және соғыстың басталуы.

2. Соғыстың ауқымы және сипаты. ІІ Интернационалдың күйреуі.

3.1915-1916 жж. негізгі майдандардағы шайқастар.

4. Антигермандық одақтың кеңейуі. Ресейдегі революцияның соғыс барысына әсері.

5. Соғыстың қорытынды кезеңі.

Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырып бірінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипатын және маңызын анықтауға бағытталған.

Сабаққа дайындық барысында алдымен соғыс қарсаңындағы еуропалық державалардың арсындағы қарама-қайшылықтарды белгілеп, негізгі әскери-саяси одақтарды және олардың мүшелерін анықтап алған жөн. Соғыстың негізгі кезеңдері мен оқиғаларын көрсетіп, соғыстың позициялық сипатын, майдандағы жағдайдың соғысушы елдердің ішкі жағдайына әсерін көрсету керек. Соңғы сұрақта соғыстың нәтижелері және Германия және оның одақтастарының жеңілу себептері туралы қорытынды жасау керек.



Әдебиеттер:

  1. Монархи Европы: судьбы династий. –М.,2016

  2. Первая мировая война и международные отношения.-М., 2013

  3. Жұмағұлов Қ. Т., Мырзабекова Р. С., Беделова Г. С. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 277 бет.

  4. История Нового времени: 1600 – 1799 годы : учеб. пособие для вузов /под ред. А. В. Чудинова, П. Ю. Уварова, Д. Ю. Бовыкина.- 3-е изд., испр.- М. Академия, 2012.


Тақырып 10. Халықаралық қатынастардың версальдық жүйесінің құрылуы. Париж бейбіт коференциясы.

Тапсырмалар:

1.Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Компьен бейбіт тылысымы.

2.Париж бейбіт конференциясының шақырылуы. Негізгі қатысушыларының мақсаттары.

3.Конференциядағы Ұлттар лигасының мәселесі.

4.Герман мәселесі бойынша пікірталастар. Версаль бейбіт келісімі.

5.Германияның одақтастарымен

6.Париж бейбіт конференциясының нәтижелері және маңызы.



Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырыпты қарастыру барысында Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық аренадағы күштердің жаңаша орналасуына талдау жасау керек. Ұлттар лигасының құрылуы. Германия және оның одақтастарымен жасалған бейбіт келісімдер. Версаль-Вашингтон жүйесінің ішкі қайшылықтары және бағыттары. жаңа заманды зерттеудегі әртүрлі әдіснамалық (методологиялық) көзқарастардың (формациялық және өркениеттік) бар екендігіне көңіл аудару қажет.

Әдебиеттер:



  1. Көкебаева Г. К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-2014) : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 401 бет.

  2. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы : оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау.Т. 3 : Қазіргі заман тарихы. - 2017. - 352 бет.

  3. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж.) : оқу құралы.- Алматы : Nurpress, 2014.-158 бет.

Бұл тақырыпты қарастыру барысында Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық аренадағы күштердің жаңаша орналасуына талдау жасау керек. Ұлттар лигасының құрылуы. Германия және оның одақтастарымен жасалған бейбіт келісімдер. Версаль-Вашингтон жүйесінің ішкі қайшылықтары және бағыттары. жаңа заманды зерттеудегі әртүрлі әдіснамалық (методологиялық) көзқарастардың (формациялық және өркениеттік) бар екендігіне көңіл аудару қажет.

Әдебиеттер:



  1. Көкебаева Г. К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-2014) : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 401 бет.

  2. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы : оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау.Т. 3 : Қазіргі заман тарихы. - 2017. - 352 бет.

  3. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж.) : оқу құралы.- Алматы : Nurpress, 2014.-158 бет.


Тақырып 11. Германияда фашистік диктатураның орнауы

Тапсырмалар:

1.Веймар республикасында фашистік қозғалыстың пайда болуы. Герман фашизмінің идеологиясы.

2.1929-1933 жж. Германиядағы экономикалық дағдарыс. 1929-1932 жж. герман үкіметінің ішкі саясаты.

3.Нацистердің билікке келуі және фашистік биліктің шоғырлануы. Герман фашизміндегі «солшыл ағым». Ағайынды Штрассерлер.

4.Үшінші рейхтың мемлекеттік-құқықтық құрылымы. НСДАП, СС, Вермахт.



Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырып ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі құжаттарымен танысуды қажет етеді. Құжаттарға сараптама жасау барысында тарихи деректерге сипаттама жасау жүйесін сақтаған жөн: Фашизмнің пайда болуы, оның дәстүрлі және осы күнгі пайымдалуы, негізгі белгілері, билікке келу себептері, ішкі және сыртқы саясаты.

Әдебиеттер:



  1. Көкебаева Г. К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-2014) : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 401 бет.

  2. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы : оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау.Т. 3 : Қазіргі заман тарихы. - 2017. - 352 бет.

  3. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж.) : оқу құралы.- Алматы : Nurpress, 2014.-158 бет.

  4. Алданов М. Гитлер // Алданов М. Портреты. – М., 1994.

  5. Аникеев А.А. и др. НСДАП: идеология, структура и функции. – Ставрополь, 2000.


Тақырып 12. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты»

Тапсырмалар:



1.1929-1932 жж. АҚШ-ғы құрылымдық экономикалық дағдарыс. Президент Г.Гувердің дағдарысқа қарсы саясаты.

2.1932 ж. Сайлау. Ф.Д.Рузвельттің жеңісі.

3.Президент Рузвельттің «алғашқы жүз күні». Қаржы-несие саласының реттелуі.

4.Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы «жаңа бағыт».



Әдістемелік ұсыныстар: Студент әлемдік экономикалық дағдарыстың АҚШ үшін не себепті жойқын болғандығын түсінуі қажет. Ф. Рузвельтке психологиялық-саяси мінездеме жасап, 930 жылдары ескі конституция шеңберінде іс жүзінде жаңа мемлекет құрылғандығын дәлелдеу қажет. Елдің қос партиялық жүйесі қалай өзгергендігін көрсету керек.

Әдебиеттер:



  1. Көкебаева Г. К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-2014) : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 401 бет.

  2. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы : оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау.Т. 3 : Қазіргі заман тарихы. - 2017. - 352 бет.

  3. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж.) : оқу құралы.- Алматы : Nurpress, 2014.-158 бет.

  4. Римини Р. Краткая история США. – М.,2015

  5. Согрин В. Политическая история США, ХҮІІ-ХХ вв. – М., 2013


Тақырып 13. ХХ ғ. 40-жж. ортасынан ХХІ ғ. басына дейінгі Еуропа және Америка елдерінің дамуындағы негізгі үрдістер.

Тапсырмалар:

1.Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары (ҒТР, қоғамның әлеуметтік құрылымы, экономика, жаһандану)

2.Саяси дамуының ерекшеліктері (социал-демократия, консерватизм, коммунизм)

3.Мәдениет пен өнердің дамуының негізгі үрдістері

Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырыпты оқи отырып ХХ ғ. 40-жж. ортасынан ХХІ ғ. басына дейінгі Еуропа және Америка елдерінің дамуындағы негізгі үрдістерге талдау жасауға болады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі орнаған әлемдік тәртіп жүйесіне спаттама беру қажет. 1-ші сұраққа талдау жасаған кезде ҒТР, қоғамның әлеуметтік құрылымы, жаһандану ұғымдарының мәнін ашу керек. Осы үрдістердің адамзат тарихындағы орны мен маңызын айқындап аласыз. Екінші сұрақта аталмыш кезеңдегі саяси даму ерекшеліктерін анықтайсыз, ондағы терминдердің үғымдық мағынасын аша отырып, даму үрдістеріне сипаттама жасайсыз. Үшінші сұрақта мәдениет пен өнердің дамуының негізгі үрдістерін айқындаймыз, онда жанрлар бойынша тоқталған жөн.

Әдебиеттер:



  1. Көкебаева Г. К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-2014) : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 401 бет.

  2. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы : оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау.Т. 3 : Қазіргі заман тарихы. - 2017. - 352 бет.

  3. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж.) : оқу құралы.- Алматы : Nurpress, 2014.-158 бет.

  4. Заболотный В.М. Новейшая история стран Европы и Северной Америки. Конец ХХ-начало ХХІ века. – М., 2004. – 494с.



Тақырып 14. Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардағы герман мәселесі

Тапсырмалар:

1.Германияның бөлінуі және қос герман мемлекетінің пайда болуы

2.1945-1955 жж. герман мәселесі

3.1956-1964 жж. Еуропадағы бейбіт реттеу мен Батыс Берлин мәселесі.

4.1965-1975 жж. Еуропадағы қауіпсіздік пен Герман мәселесі.

5.70-80-жж. халықаралық қатынастар жүйесіндегі ГДР мен ГФР.

6.Германияның бірігуі.



Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырып бірінші соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардағы герман мәселесін талқылауға арналған. Сабаққа дайындық барысында алдымен соғыс қарсаңындағы еуропалық державалардың арсындағы қарама-қайшылықтарды белгілеп, негізгі әскери-саяси одақтарды және олардың мүшелерін анықтап алған жөн. Соғыстың негізгі кезеңдері мен оқиғаларын көрсетіп, соғыстың позициялық сипатын, майдандағы жағдайдың соғысушы елдердің ішкі жағдайына әсерін көрсету керек. Соңғы сұрақта соғыстың нәтижелері және Германия және оның одақтастарының жеңілу себептері туралы қорытынды жасау керек.

Әдебиеттер:



  1. Көкебаева Г. К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-2014) : оқу құралы. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 401 бет.

  2. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы : оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау.Т. 3 : Қазіргі заман тарихы. - 2017. - 352 бет.

  3. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж.) : оқу құралы.- Алматы : Nurpress, 2014.-158 бет.

  4. Торкунов А.В. История международных отношений. В 3-х томах. Т.3.Ялта-Потсдамская система. -М., 2018.- 552 с.

  5. Кемп Ф., Берлин 1961. Кеннеди, Хрущев және әлемдегі ең қауіпті жер. – Алматы: 2016. -506 б.


Тақырып 15. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесі

Тапсырмалар:

1.Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесінің қалыптасуы және оның сипаттары

2. Қазіргі әлемдік дамудағы негізгі үрдістер мен тенденциялар

3. Европа Одағы: басты

Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындық барысында халықаралық қатынастар жүйелеріне талдау жасай келе, қазіргі жүйеге тән белгілерді айқындап, ондағы орын алып отырған тенденцияларға баға беріп қткен жөн. Халықаралық қатынастардың даму заңдылықтарына тоқталып өту керек.

Әдебиеттер:


  1. Қапышев А. К. Дүниежүзі тарихы : оқу құралы : [3 томдық] / А. К. Қапышев ; Е. А. Шайхыгалиев. - Алматы : Бастау.Т. 3 : Қазіргі заман тарихы. - 2017. - 352 бет.

  2. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж.) : оқу құралы.- Алматы : Nurpress, 2014.-158 бет.

  3. Ақболат Д.Е.Қазіргі заманның саяси жүйелері мен режимдері. Алматы: Қазақ университеті, 2016. -189

  4. Әліпбаев А.Р., Бөжеева Б.З. Халықаралық қақтығыстар және оларры реттеу жолдары: оқу құралы.-Алматы : Қазақ университеті, 2016.-252 бет.

  5. Стент А. Америка мен Ресей бірін-бірі неге естімейді? – Алматы, 2016.

  6. Торкунов А.В. История международных отношений. В 3-х томах. Т.3.Ялта-Потсдамская система. -М., 2018.- 552 с.


8. БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма




Тақырып атауы

БӨЖ мен БОӨЖ тапсырмаларының мазмұны

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1 тақырып

Кіріспе сабақ. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінің міндеттері мен кезеңдері

Конспект, салыстырмалық сараптама

Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

1 апта

2 тақырып

XVII-XVIII ғғ. Англия. Буржуазиялық революция: алғышарттары, кезендері, тарихы манызы.

Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

1 апта

3 тақырып

Тәуелсіздік үшін соғыс. АҚШ-тың құрылуы

Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

2 апта

4 тақырып

Ұлы француз буржуазиялық революциясы



Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

2 апта

5 тақырып

1815-1870 жж. Англия


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау)



коллоквиум

3 апта

6 тақырып

1870-1918 жж. Англия


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

3 апта

7 тақырып

1815-1870 жж. Франция


Оқулық бөлімін конспектілеу

Конспектіні тексеру

4 апта

8 тақырып

Франциядағы үшiншi республика


Конспект, салыстырмалық сараптама

Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

4 апта

9 тақырып

1815-1870 жж. Германия


Конспект, салыстырмалық сараптама

Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

5 апта

10 тақырып

1870-1914 жж. Германия


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

5 апта

11 тақырып

XIX ғ. бiрiншi жартысындағы АҚШ. Азамат соғысы.


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

6 апта

12 тақырып

1877-1914 жж. АҚШ


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

7 апта

13 тақырып

Қазіргі заман тарихының бірінші кезеңіндегі Еуропа және Америка елдерінің дамуының негізгі үрдістері

Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

8 апта

14 тақырып

1918-1938 жж. Германия

Коллоквиум, рецензиялау

Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

9 апта

15 тақырып

1918-1939 жж. Ұлыбритания

Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



коллоквиум

9 апта

16 тақырып

1918-1939 жж.Франция


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

9 апта

17 тақырып

1919-1939жж. АҚШ

Конспект, салыстырмалық сараптама

Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

10 апта

18 тақырып

Қазіргі заман тарихының бірінші кезеңіндегі халықаралық қатынастар

Конспект, салыстырмалық сараптама

Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

11 апта

19 тақырып

Екінші дүниежүзілік соғыс

Конспект, салыстырмалық сараптама

Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

12 апта

20 тақырып

ХХ ғ. 40-жж. ортасынан ХХІ ғ. басына дейінгі Еуропа және Америка елдерінің дамуындағы негізгі үрдістер.


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

12 апта

21 тақырып

1945 ж. бүгінгі күнге дейінгі АҚШ


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау


коллоквиум



13 апта

22 тақырып

1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Ұлыбритания.


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

14 апта

23 тақырып

1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Франция.


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау)



Конспектіні тексеру

14 апта

24 тақырып

1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Германия


Конспект,

Саяси өмірбаян немесе мемуарды рецензиялау



Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

15 апта

25 тақырып

Соғыстан кейінгі кезеңдегі Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа

Конспект, презентация

Ауызша сұрау, жазбаша жұмысты тексеру

15 апта


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет