1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет9/18
Дата20.06.2022
өлшемі321,16 Kb.
#146886
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
6В07301 Силлабус Заманауй құрылыс материалдары

Тақырыбы: МемСт-қа сәйкес бетон толтырғыштарын сынау: ұсақ және ірі (құм және қиыршық тас) толтырғыштардың түйіршектік құрамын анықтау, електен өткізіп талдау, құмның ірілік модулін анықтау.
Сағат саны: 4
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Бетон беріктігінің цемент беріктігі мен цементеу қатынасына байланыстылығы
2. Бетонның коррозияға төзімділігі.
3. Беріктігі жоғары бетон
4. Ауыр бетонның алдын-ала құрамын анықтау (жеке тапсырмалар бойынша бетон құрамын есептеу).
5. Бетон араласпасының жеңіл жайылғыштығын анықтау, құрамын түзеу, материалдар шығынын, бетонның шығу коэффициентін, маркасын анықтау
Әдістемелік нұсқау: Толтырғыштардың ірілік құрамы, оның ең негізгі қасиетін сипаттайды. Түйіршіктердің ірілік мөлшері 0,14 мм-ден кем емес жəне 5 мм-ден артық емес майда тас толтырғыштарды – құм дейді. Ірілік мөлшері жағынан 5 мм-ден артық тас түйіршіктері – толтырғыштарға (жарықшақ немесе малта тас), ал 0,14 мм-ден кем тас
түйіршіктері – тозаңға жатады. Малта немесе жарықшақ тас – ірі толтырғыштар, ірілік
мөлшері 5 мм-ден 70 мм –ге (150 мм) аралығындағы түйіршіктер. Ірілігі 70 мм-ден жоғары 150 мм-ге дейінгі тастарды сом денелі тас бетон ғимараттарды салып тұрғызғанда пайдаланады.
Майда толтырғыштарға: жасанды жəне табиғи құм жатады. Табиғи құмға тау (жар беткейіндегі), өзен, теңіз, бархан, т.б құмдардың түрлері жатады. Жасанды құм – атмосфералық құбылысқа /ауа райына/ төзімді магмалық, метаморфты, беріктігі 50 МПа-дан жоғары, тығыз шөгінді карбонатты тау жынысынан ұсақталынып алынады. Ауыр бетонға жұмсалатын құмның сапасы: түйіршік құрамы, үйінді /борпылдақ/ салмағы, кеуектілгі, ылғалдылығы, ірілік моделі, беріктігі, т.б көрсеткіштермен сипатталады.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Силикат материалдар мен бұйымдар. Асбестцемент бұйымдар. Құрылыс ерітінділері және құрылыстық құрғақ араласпалар
Сағат саны: 4
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жеңіл бетон технологиясының ерекшелігі
2. Жеңіл бетонның қасиеттері.
3. Ұялы бетондар
4. Құмның түйіршік құрамын анықтау
5. Жасанды кеуекті толтырғыштар түйіршіктерінің құрамын анықтау
6. Орташа тығыздық салмағы мен ылғалдылығын анықтау
Әдістемелік нұсқау: Араласпаны төмендегідей ретпен дайындайды:
а) керек материалдарды құрғақ күйінде өлшеп алады да оларды цементпен біркелкі болғанша (цемент жəне басқаларды əбден араласқанша) араластырады.
ə) берілген мөлшер суды өлшеп алып оны араласпаға аздап құяды да, араластырады. Судың бəрі құйылғаннан кейін біркелкі жағадйға жеткенше, тездетіп араластырады.
Бетон араласпасының жылжымалылығын кесілген конустағы қалыпталған пішін-үлгінің шөгіп жайылғандағы биіктік мөлшер көрсеткішімен анықтайды.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Ағаштан жасалатын атериалдар мен бұйымдар. Полимер материалдар
Сағат саны: 4
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ағаш материалының көлемі мен формасының өзгергіштігі
2. Ағашты шіру мен жанудан сақтау əдістері.
3. Асфальт-бетон ерітінділері, қара май бетондар
4. Суық климатты аудандарда қолданылатын рубероид
5. Битум жəне қара май эмульсиялары, пасталары, мастикалары
Әдістемелік нұсқау: Ағаш микроструктурасы оның діңінің көлденең қимасынан жақсы анықталады, көлденең кесіндісінен (ағаштың түрі мен жасына байланысты диаметрі 1-10 мм), сақина тəрізді жылдық қабаттарын, сыртқы қабығын, т.б. байқауға болады. Сыртқы қабық ағашты сыртқы əсерлерден – температурадан, механикалық күштерден, биологиялық əсерлер мен кебуден сақтайды. Ағаш түрлерінің көбі, көлденең кесіндісінен қарағанда ақшыл келеді. Бірақ, кейбір ағаштар сыртқы қабыққа қарай ақшыл түстес болғанымен, өзегіне қарай бурыл тартады. Осыған орай ағаш ядролы (қарағай, емен, терек, т.б.) болып бөлінеді. Ядроның түсі қоңырлау, бурыл болады, ал шел қабықтың түсі ақшылдау болғандықтан, оны кейде жас сүрек деп те атайды. Ядро (піскен сүрек) механикалық қасиеті жағынан ағаш бөренесінің ең сапалы бөлімі, онымен салыстырғанда ағаштың өзегі мен жас сүрегінің беріктігі мен шіруге төзімдігі шамалы.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Шыны материалдарының түрлері. Арнайы қолданылу айасы бойынша өндірудің технологиялық сұлбасы.
Сағат саны: 4
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Терезелік шыны
2. Витриналық шыны
3. Шыныққан шыны
4. Жылы сəулені жұтқыш шыны
5. Тыстамалық шынылар
6. Шлак ситалдары
Әдістемелік нұсқау: Құрылыстық шынының химиялық құрамы салмақтық % бойынша шамамен мынадай: 71-73 SiO2; 13-15 Na2O; 8-10,5 CaO; 1-4 MgO; қалған 1-2,8%-ті калий, алюминий, күкірт пен темір оксидтерін құрайды; химиялық формуласы Na2O · МgO · 6SiO2 жақын. Құрылыстық шыныны өндіру үшін негізгі шикізат ретінде кварцты құм, сода, əктас, ал қосымшалар ретінде балқыту температурасын төмендететін, бояғыш, т.б. заттар пайдаланылады. Мысалы, мөлдір шыны алу үшін құрамында бояғыш, темір, хром, т.б. оксидтері жоқ таза кварцті құмды қолданып, шихтаға (шикізаттардың араласпасына) мөлдіреткіш зат (натрий, аммоний сульфаттары немесе балқытқыш шпатты) қосу қажет. Шыны өндіру технологиясы мынадай операциялардан
(процестерден тұрады) шикізаттардан шыны шихтасын дайындау – шихтаны 800-1500оС-та пісіру-балқыту жəне балқыған шихтаны суытып, жазық келген парақ нұсқалы немесе басқа кескінді бұйымдар өндіру. Шикізаттар керек емес табиғи қоспалардан ажыратылады; керек жағдайда, мысалы əктас – бөлшектелінеді; шихта құрайтын заттардың əрқайсысы өлшелінеді, өзара араластырылады; осылай шыны шихтасы дайындалады.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Жабындық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар. Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Бейорганикалық жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар
2. Лактар жəне эмальді сырлар. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар, табиғи шикізаттан өндірілетін желімдер
негізінде жасалатын сырлар
3. Сырлар: жалпы мағлұматтар, құрамы, бояулар
4. Ара ұялы пластар
5. Өңдеулік материалдар
6. Бейорганикалық байланыстырғыштар мен табиғи шикізаттан алынған желім негізіндегі сырлар.
Әдістемелік нұсқау: Рубероид дегеніміз – жабындық картонға жұмсақ битумды (мысалы, БНК-45/180) сіңіріп, онан соң қиын балқитын битум (мысалы, БНК-90/40) жағып, бетіне минералдық түйірлер сеуіп жасалған рулонды жабындық материал. Жабындық картон ескі-құсқы шүберек, қағаз макулатурасы мен ағаш целлюлозасы қоспасынан жасалады. Себінді материалдар (посыпка) ретінде мынадай минералдық түйірлер пайдаланылады: ірі дəнді (К-крупнозернистая посыпка), уақ дəнді (М-межозернистая), тозаңды шаңды (П - пылевидная) жəне қабыршықты (Г-чешуйчатая).
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет